Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы

Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы

1) Алдымен 10% хлорлы әк ерітіндісін дайындайды - 1 кг құрғақ хлорлы әкті 10 л (ыдыс) суық суға араластырады (хлорлы әкті ағаш күрекшемен ұсатады);

2) қосындыны бір тәуілікке қалдырып қояды;

3) дайын болған ерітіндіні қара ыдысқа құйып, ауызын бекітіп қояды;

4) хлорлы әк ерітіндісінің жұмыс ерітіндісін дайындайды:

Ø 0,1 % - 100 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,9 л суға;

Ø 0,2 % - 200 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,8 л суға;

Ø 0,5 % - 500 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,5 л суға;

Ø 1 % - 1 л 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9 л суға;

Ø 2 % - 2 л 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 8 л суға.

Хлорамин ерітіндісін дайындау техникасы

Хлорамин ерітіндісін қолданар алдында дайындалады:

Ø 0,1% - 1 г хлорамин 999 мл суға;

Ø 0,2% - 2 г хлорамин 998 мл суға;

Ø 0,5% - 5 г хлорамин 995 мл суға;

Ø 1% - 10 г хлорамин 990 мл суға;

Ø 2% - 20 г хлорамин 980 мл суға;

Ø 3% - 30 г хлорамин 970 мл суға;

Ø 5% - 50 г хлорамин 950 мл суға.

Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы

Гипохлорит кальций хлор әгімен салыстырғанда тасымалдауға және ұзақ мерзімге сақтауға ыңғайлы, суды залалсыздандыру, ағарту, су қоймаларын дезинфекциялау және зарарсыздандыру және т.б. мақсатта қолданады.

Негізгі ақ түсті гипохлорид кальцийдің 5% ерітіндісі 10 л суға 500 г гипохлорид кальций ұнтағын қосып 30-45 минутқа қара түсті шыны немесе тығындысы бар пластмасс ыдыста дайындалады, дайындалғаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға жарамды. Арнайы маркасы бар ыдыста дайындалған күні көрсетілгеннен бастап 10 күнге жарамды. 5 % гипохлорид кальций ерітіндісінен жасалған дезинфекциялық ерітінділер:

Ø 0,5% гипохлорид кальций ерітіндісі- 5% ерітіндіден 500 мл ерітіндіні 10 л суға;

Ø 1% гипохлорид кальций ерітіндісі- 10 л суға 1 л ерітінді;

Ø 3% гипохлорид кальций ерітіндісі-10 л суға 3 л ерітінді.

Бұл ерітінділер қолданардың алдында дайындалып, күнделікті ауыстырылып отырады.

Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары

· Қолданылатын химиялық заттарға жоғары сезімталдығы барларға олармен жұмыс істеуден шектетеді.

· Дезинфекциялық заттардан жұмыс ерітінділерін дайындау жақсы желдетілген бөлмелерде жүргізіледі.

Ерітінділерді және өңделетін объектілерді тығыз жабылатын сыйымдылықта сақтау.

· Препараттардың қосалқы қорларын ортақ қолданылатын жерлерден қол жетімсіз жерде қараңғы ыдыста,құрғақ, қараңғы және салқын жерде сақтау.

· Барлық дезинфекциялық заттар мен ерітінділер сыртында аты, концентрациясы, жасалған күні және сақталу мерзімі көрсетілген этикеткалары болуы керек.

· Бөлімдерде дезинфекциялық заттарды және олардың ерітінділерін балалар мен дезинфекциямен айналыспайтындарға емдік препараттардан бөлек құлыпталған жерде сақтайды.

·Жуу мен залалсыздандырудың барлық кезеңдері қалдық дезинфекциялық заттар мен ерітінділерді өңделетін нысандардан максималды жою тізбегін және орындалу тәртібін сақтау.

Келесі ережелерді есте сақтаған жөн: дезинфекциялық заттарды суға қосу, керісінше емес; дезинфекциялық заттарды ескі ерітіндіге қоспау.

Дезинфицирлейтін ертіндінің жарамды уақыты мен концентрациясын қатаң бақылайды

· Жұмыс аяқталған соң қолды жуып, жұмсартушы жақпа майын жағу.

Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек

Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; формальдегинмен зақымданғанда, теріні5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.

· Тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болғандазақымдалған адамды бөлмеден лезде таза ауаға немесе жақсы желдетілетін бөлмеге шығарады.Ауызды және жұтқыншақты сумен шаю. Формальдегидпен уланған жағдайда бірнеше тамшы мұсатырлы спирт қосылған су буын ішке жұту, натрий гидрокарбонаты қосылған жылы сүт немесе “Боржоми” (минералды су) қабылдау. Көрсеткіштер бойынша жүрекке қатысты, тыныштандыратын, жөтелге қарсы заттар, оттекті дем алу. Ауыр жағдайларда -ауруханаға жатқызу.

· Кез келген препараттың көзге түсуінде – лезде ағынды суға немесе2% натрий гидрокарбонатымен бірнеше минут бойы шаю.Шырышты шелдің және көздің шырышты қабығы тітіркенген кезде альбуцид ерітіндісін, ауырсыну кезінде - 1-2% новокаин ерітіндісін тамызады.

· Хлорбелсенді препараттар асқазанға кездейсоқ түскен кезде–асқазанды 2% тиосульфат (гипосульфит) натрий ерітіндісімен және 5-15 тамшысуға қосылған мүсәтір спиртімен шаю, сүт, ауыз су, күйдірілген магнезия береді(бір стақан суға 1-2 ас қасық). Формальдегидпен уланған жағдайда асқазандысуға қосылған мүсәтір спиртімен немесе 3% карбонат немесе натрий ацетатымен (аммоний) шаю. Шаюдан кейін шикі жұмыртқа, сүт береді.

· Фосфорорганикалық инсектицидтермен жұмыс істеу кезіндеинсектицидті себу кезінде(іштің ауруында,құсу,лоқсу, іш өту, сілекейдің көптеп бөлінуінде,көздің жасаурауында, жалпы әлсіздік, бас ауруы, қарашықтардың тарылуы, тамыр соғуының баяулауы, бұлшықеттердің тартылуы) зақымданған адамды жұмыс орнынан алып шығады, ластанған киімін шешеді, ауызын шаю үшін жылы су немесе2%сода ертіндісінбереді және тыныштықты қамтамасыз етеді.Препараттың кездейсоқ асқазанға түсуі кезінде лоқсуды тудырады, сол үшін бірнеше стақан су (мүмкін болсы жылы) немесе әлсіз қызғылт калий перманганат қышқылын(1:5000) ішуге береді және жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендіреді. Ем – шараны 2-3 рет қайталайды. Асқазанды 1-2% ішілетін сода ерітіндісімен, күйдірілген магнезия, белсендендірілген көмірмен шаю ықтимал. Лоқсу мен асқазанды шаюдан кейін 1-2 ас қасық белсендендірілген көмір және күйдірілген магнезияны стақан сумен береді, содан кейін тұзды іш жүргізуші береді.

· Араластырылмаған инсектицид немесе концентрирленген эмульсияның теріге түсу кезінде – оларды мақта тығынымен немесе матамен сүртпей абайлап алады, содан кейін теріні сабынды сумен шаяды. Қалдық фосфорорганикалық инсектицидті инактивация үшін теріні мүсәтір спиртімен немесе2-5% хлорамин ерітіндісімен сүртеді және қайтадан сумен шаяды. Препараттың көзге түсу кезінде ағынды сумен немесе ағынды 2% ішілетін сода ерітіндісімен шаяды. Көздің шырышының тітіркенуі кезінде 30% альбуцидті, ауырсыну кезінде 2% новокаин ерітіндісін тамызады.

Наши рекомендации