Менингеальдық синдромды тексеру тәсілдері

Желке бұлшық еттерінің сіресуі — желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын сырқаттың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшық еттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды. 0,5 1,0
Керниг симптомы.Дәрігер сырқаттың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік: бұлшық еттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды 0,5 1,0
Брудзинский симптомы: сырқаттын басын имек болсақ, аяқтары да иіледі — жоғарғы белгі 0,5 1,0
Брудзинский симптомы: кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі — ортаңғы белгі 0,5 1,0
Брудзинский симптомы: Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі — төменгі белгі 0,5 1,0
Лесаждық қолтықтан көтеру белгісі.Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз, ол аяқтарын бауырына жиып алып, қозғалмай қалады. 0,5 1,0
Бехтеревтің бет сүйек рефлексі.Бет сүйегін балғамен тықылдатып көргенде, беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады 0,5 1,0

Бел пункциясын жасау тәсілі

Науқасты қатты төсекке қырынан жатқызып, аяғын тізесінен және жамбасынан бүгеміз, басын алға иегі кеудесіне жеткенше иеміз. 0,5 1,0
Науқастың мықын сүйектерін тауып, екі ортасынан тура сызықпен 3% иодтың спирттік ерітіндісімен қосамыз және осы жерді 70% спиртпен сүртеміз.Ол сызық LIV омыртқаның тік өсіндісі деңгейінде өтеді. Одан кейін LIII — LIV аралықта пункция жасалынады. 0,5 1,0
Тесілетін жер спиртпен сүртіледі де сол тұстағы теріге 2-3 мл 1-2% новокаин ерітіндісі жіберіледі. 0,5 1,0
Мандренді инемен тері, тері асты клетчатка, омыртқа байламдары, қатты және торлы ми қабықтары тесіледі де торлы қабық асты кеңістігіндегі соңғы цистернаға кіреді, иненің кеңістікке өткені сезіледі, үлкендерде 4-7 см, балаларда 3 см аралығында, мөлдір сұйықтық тамады. Мандренді инеден алғаннан кейін ми-жұлын сұйығы аға бастайды. 0,5 1,0
Сұйықтық аға бастаған кезде инеге шыны түтік жалғанады, қысымын өлшейді. Ми-жұлын сұйығы қысымы L тәрізді иілген шыны түтікшесі көмегімен өлшенеді. 0,5 1,0
Тексеру тәсілі аяқталғаннан кейін инені тез алып шығып, орнын иодпен сүртіп, стерилизациядан өткен мақтамен жабамыз. Бұдан кейін науқасқа 2-3 сағат төсек режимі тағайындалады. 0,5 1,0

Рефлекстер

Иықтың екі басты етінің рефлексін тексеру (бицепс-рефлекс)

Тексерілетін науқастың қолын шынтақ буынынан аздап бүгеміз. 0,5 1,0
Шынтақ буынының үстіңгі жағынан екі басты еттің сіңірінен балғашықпен ұрамыз. 0,5 1,0
Жауап ретінде екі басты ет жиырылып, қол шынтақ буынынан бүгіледі. 0,5 1,0
Рефлекторлық доға жұлынның CV — CVI сегменттері деңгейінде тұйықталады. 0,5 1,0

Иықтың үш басты етінің рефлексін тексеру (трицепс-рефлекс)

Тексеру тәсілі: 1) науқас қолын шынтақ буыны деңгейінде дәрігердің алақанына бос салады, науқастың қары төмен бос салбырап тұрады 2) науқастың қолдары алдында бос жатады 0,5 1,0
Неврологиялық балғашықпен үшбасты еттің сіңірінен ұрамыз (1 — 1,5 см жоғары olecranon) 0,5 1,0
Үшбасты ет жиырылып қол шынтақ буынан жазылады (шынтақ жазу рефлексі) 0,5 1,0
Рефлекторлық доға жұлынның CVІ — CVIІ сегменттері деңгейінде тұйықталады. 0,5 1,0

Білезік рефлексін тексеру (карпорадиальды рефлекс)

Қол шынтақтан сәл бүгіледі және қырынан тұрады (пронация мен супинация аралықтарында). 0,5 1,0
Біз тәрізді өсіндіден балғашықпен ұрғанда қолдың басы бүгіледі, қолдың қары шалқаяды. 0,5 1,0
Рефлекторлық доға жұлынның CV — CVIІІ сегменттері деңгейінде тұйықталады. 0,5 1,0

Тізе рефлексін тексеру.

Наши рекомендации