Сурет - №5 виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі

Егер де сұлба дұрыс жиналған болса, «Схема собрана правильно» хабарламаның қасында жасыл лампа жанады; кері жағдайда «Схема собрана неправильно» хабарламаның қасында қызыл лампа жанады, бұл кезде 5.3.2 әрекеттерді сұлба дұрыс жиналғанша қайталау керек;

5.3.3 Өлшеу құралдары пайдаланудың нормалды шарттарында жұмыс істейді. Пайдалану шарттары «Условия эксплуатации» (5.2 суретті қараңыз) бетте орнатылады: «Без влияния внешних воздействий» белгіге мышкамен басыңыз.

5.3.4 Өлшеу каналының сұлбасы дұрыс жиналғаннан және пайдалану шарттарын орнатқаннан кейін ғана имитациялық тәжірибелерді орындауын бастауға болады, ол үшін «Имитационный эксперимент» бетін ашу керек.

5.3.5 Имитациялық тәжірибе санын 50 деп беріңіз.

5.3.6 Виртуалды зертханалық стендте «Температура объекта» тұтқасы көмегімен берілген температураны орнату керек (тапсырманы қараңыз).

5.3.7 «Начать имитационный эксперимент» батырмасын басыңыз. «Имитационный эксперимент» бетінде имитациялық тәжірибелер нәтижелері (өлшенетін шаманың берілген мәнін өлшеу нәтижесі ретінде өлшенетін шаманың кездейсоқ алынған 50 мәні) және олардың таратылу диаграммасы көрінеді (5.3 суретті қараңыз).

Сурет - №5 виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі - student2.ru

5.2 Сурет – Пайдалану шарттарын орнататын терезе

3.3.8 Имитациялық тәжірибе нәтижелері автоматты түрде EXСEL файлына жазылу үшін (.xls кеңейтілуімен) «Сохранить выборку» батырмасын басыңыз. Имитациялық тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеңіз:

- алынған сұрыптау бойынша EXСEL кестелік процессорын қолданып бақылау нәтижелерінің математикалық күтімін, ортаквадраттар ауытқуын (ОКА) және өлшеу нәтижелердің ОКА‑ын есептеңіз;

- өлшенетін шаманың таратылу диаграммасын құрыңыз.

5.3.8 Есептелген мәндерді «Имитационный эксперимент» бетіндегі сәйкес терезелерге енгізіңіз. Математикалық күтімнің, дисперсияның және ортаквадраттар ауытқуының алынған мәндерін компьютер есептеген мәндерімен салыстырыңыз (оқытушы көмегімен).

5.3.9 Өлшенетін шаманың құрылған таратылу диаграммасын экранда шыққан диаграммамен салыстырыңыз.

5.3.10 Өлшеу құралдарын қолданудың берілген нормалды шарттары әдетте жұмыстық (пайдалану кезіндегі) шарттары болмайды. Сондықтан өлшеу құралының әр түрі үшін стандарттарда немесе техникалық шарттарда әсер ететін шамалардың кеңейтілген мәндер аймағы (КМА) орнатылады; осы аймақ шектерінде қосымша қателік мәні орнатылған шектерден аспауы керек.

Өлшеу каналының жиналған сұлбасы өзгермейді. Тәжірибелер өткізу шарттарын өзгертеміз.

Сурет - №5 виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі - student2.ru

5.3 Сурет– Имитациялық тәжірибе терезесі

Келесі төрт имитациялық тәжірибелер берілген температураны өлшеу құралдарына сыртқы ықпалдардың әсерлерін зерттеуге өткізіледі:

- зертханалық стендтің сұлбасына сыртқы ықпалдың – қоршаған орта температурасының әсерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (5.2 суретті қараңыз), «Температура окружающей среды» белгісіне мышкамен басамыз, сонымен өлшеу құралдың жұмысына сыртқы ықпалдың әсері енгізіледі. Өлшеу каналының алынған сұлбасы үшін 5.3.3 –5.3.9 әрекеттерді қайталаңыз;

- зертханалық стендтің сұлбасына сыртқы ықпалдың – электрмагниттік өрістің әсерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (5.2 суретті қараңыз), «Электромагнитное поле» белгісіне мышкамен басамыз, сонымен өлшеу құралдың жұмысына сыртқы ықпалдың әсері енгізіледі. Өлшеу каналдың алынған сұлбасы үшін 5.3.3 –5.3.9 әрекеттерді қайталаңыз;

- зертханалық стендтің сұлбасына сыртқы ықпалдың – қоректендіру желінің кернеуінің әсерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (5.2 суретті қараңыз), «Напряжение питающей сети» белгісіне мышкамен басамыз, сонымен өлшеу құралдың жұмысына сыртқы ықпалдың әсері енгізіледі. Өлшеу каналының алынған сұлбасы үшін 5.3.3 –5.3.9 әрекеттерді қайталаңыз;

- зертханалық стендтің сұлбасына үш сыртқы ықпалдардың – қоршаған ортаның температурасы, электрмагниттік өріс, қоректендіру желі кернеуінің бір мезгілдегі әсерлерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (5.2 суретті қараңыз), «Все влияющие величины» белгісіне мышкамен басамыз. Өлшеу каналының алынған сұлбасы үшін 5.3.3 –5.3.9 әрекеттерді қайталаңыз;

5.3.11 «Закрыть» батырмасын басып, зертханалық жұмысты аяқтаңыз.

Наши рекомендации