Тұтас ұстынның жалпы ж/е жергілікті берік/н тексеру
Бір қабатты өндірістік ғимараттардың ортадан тыс сығылған ұстындарының типтері.
Бір қабатты өндірістік ғимараттардың қаңқаларында үш типтегі: қима ұзындығы бойынша тұрақты, қима биіктігі бойынша ауыспалы (сатылы) және бір – бірімен қатты байланбаған екі тірек түріндегі (бөлек) болат ұстындар пайдалынады.
Қимасының биіктігі бойынша тұрақты ұстындарда (сур. 5.1, а) көпірлі крандардан жүктеме кранасты арқалықтары сүйенетін аспалар арқылы ұстын шыбығына беріледі. Ұстын шыбығы тұтас немесе өтпелі қимада болуы мүмкін. Тұрақты қимадағы ұстындардың үлкен артықшылығы (әсіресе тұтастардың) дайындаудың онша үлкен емес еңбек қажет ететіндігін қамтамасыз ететін олардың конструктивтік қарапайымдылығы. Бұл ұстындарды салыстырмалы түрде онша көп емес крандардың жүк көтергіштігінде (Q – 15-20т. дейін) және цехтың онша көп емес биіктігі (Н – 8-10м дейін) кезінде пайдаланады.
Ортадан тыс қысылған ұстынның шыбығы беріктік пен орнықтылыққа жазықтықта, сондай – ақ рама жазықтығынан да тексерілуі тиіс. Ұстын динамикалық жүктеменің тікелей әсеріне ұшырамайтындықтан, оның беріктігін
[N/ ( AИ RY YC )]W + MX / (CX WXN RY YC) + MX / (CY WYN RY YC) ≤ 1 формуласы бойынша анықталады.
Бір қабатты өнд.ғим/ң ортадан тыс сығ.ұст. құрастыру
Жүк көтергіштігі үлкен крандар кезінде бірқабатты өндірістік ғимараттар үшін ұстындардың негізгі типі болып табылатын сатылы ұстындарға өту тиімді. Бұл жағдайда кран асты арқалық ұстынның төменгі учаскесінің кемеріне тіреледі және кран асты тармақтың осі бойынша орналасады.
Крандары екі ярус орналасқан ғимараттарда, ұстындардың биіктігі бойынша түрлі қимасымен үш учаскесі (екі сатылы ұстындар), қосымша аспалары және т.б. бар.
Ерекше режимде жұмыс істейтін крандар кезінде ұстынның жоғарғы бөлігінде ойық жасайды, (оның ені 1м кем емес кезде) болмаса кран мен ұстынның жоғарғы бөлігіндегі ішкі қыры арасына өтпе салады.
Ұстындардың негізгі өлшемдері көлденең рамасы қыйыстыру кезінде белгілейді.
Бөлек ұстындарда кран асты тірегі мен шатырлы тармақ вертикаль жазықтықтағы иілгіш горизонталь жұқа тақтайшамен байланысқан. Осының арқасында кран асты тіреуі тек крандардан вертикаль күшті қабылдайды, ал шатырлық көлденең рама жүйесінде жұмыс істейді және барлық басқа да жүктемелерді, оның ішінде крандардың горизонталь көлденең күшінде қабылдайды.
Тұтас ұстынның жалпы ж/е жергілікті берік/н тексеру
Беріктікті тексеруді тек элсіз қимасы бар ұстындар үшін, сондай – ақ mnƒ>20 келтірілген эксцентриситет мәні кезінде жасау қажет. Көптеген жағдайларда ұстынның көтергіш қабілеті оның тұрақтылығымен анықталады. Тұтас ортадан тыс қысылған ұстынды МХ кезеңнің әсер ету жазықтығында тексеруді
N/ (φe A) ≤ Ry Yc
формуласы бойынша анықтайды, мұндағы φe – ортадан тыс қысылу кезіндегі есепті қарсылықтың төмендеу коэффициенті; шыбықтың шартты иілімділігіне байланысты. Λ Х = λ X √Ry/E және келтірілген эксцентриситеті meƒ ≤ р=mX: mX = ex / ρX = MX A / NWCX / - салыстырмалы эксцентриситет: WCX – ең көп қысылған талшықтың қарсылық кезеңі: р – қима формасының әсер ету коэффициенті. МХ кезеңінің әсер ету жазықтығында ұстындардың әдетте өте дамыған қимасы бар, сондықтан егер LX > LY ,болса кезең әсерінің жазықтығынан орнықтылықтың жоғалуы мүмкін (орнықтылықты жоғалтудың иімді – айналма түрі).
Кезең әсерінің жазықтығынан беріктігін тексеруді N/ (φe A) ≤ Ry Yc. формуласы бойынша тексереді, мұндағы φe – λy – Ly/iy иімділікке байланысты 8 қосымша сәйкес анықталатын ұзына бойы бүктесіннің коэффициенті: с – орнықтылықты жоғалтудың илімді – айналма формасы кезіндегі МХ кезеңінің әсерін ескеретін коэффициент.