Рахметова , А.Ұ.Маханиязова, Г.Т.Досмағамбетова. Алматыкітап баспасы-2014

Қазақ музыкасы адамзат тарихымен тығыз байланысты және ол үнемі жаңару , жаңғыру , даму үстінде . Қазақ халқының ұлттық әндерін балалар үшін тәрбиелік құрал ретінде пайдалануға болады .ІІІ сыныптың негізгі мазмұны қазақтың сал – серілері және қазіргі заман музыкасы туралы , оркестрлер және композиторлар туралы сыр шертеді . Яғни І тоқсанда «Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлар» , ІІ тоқсанда «Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі» , ІІІ тоқсан «Бүгінгі заман музыкасы» , ІҮ тоқсан «Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы» тақырыптары арқылы бірнеше тақырыпшалармен түсіндіріледі . Бұл ІІІ сыныптағы музыка оқулығында оқушылардың ән орындау мәдениетін жүйелі қалыптастыру мақсатында ән орындауға ерекше көңіл бөлген. Музыка сауаты да ескеріліп музыкалық шығармалар құрылымы айқындалған .

Сабақ үстіндегі іс-әрекеттер ( тыңдау, сауат ашу, орындау, ырғақты қимылдар, шығармашылық тапсырмалар т.б.) баланың ой қиялын шыңдайды. Логикалық ойлау жүйесін дамытады. Сабақ барысында музыкалық шығармалар жөнінде мағлұмат алады, оны орындай отырып белгілі бір орындаушылық дағдыны меңгертеді. Дыбыс биіктігін сезініп ырғағын келтіруге машықтанады, өз бетінше би қимылдарын қоса орындауға талпынады.

Жалпы бұл сыныпта қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ,классикалық музыканың озық үлгілері ,қазіргі таңдағы қазақтың музыка өнері үлгілерімен танысады . Музыка сабағының негізгі әрекеті музыка тыңдау – музыкалық талғамын қалыптастыру . Білімділік әрекеті – музыка мәнерлілігінің негізгі белгілерімен танысу.Ән орындау - әртүрлі сипаттағы әндерді көркем және мәнерлі сипатта орындауға дағдылану .Міне ІІІ сыныптың музыка оқулығы осындай бағытта жұмыс жүргізеді . Жалпы жыл бойына мерекелік шараларға байланысты әндермен де қаматамасыз етілген.

Қазіргі заманғы мектеп өз оқушысына жан- жақты терең білім беруді және танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуды көздейді . Сонымен білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның жүйелілігі. Білімді жүйелеу үшін арнаулы уақыт бөліп отыру қажет. Осы бағытта нота сауаттылығын оқытуда мейлінше жеткілікті уақыт бөлінгендіктен де ұстазға көп қиындығын туғызбайды .Әр нотаға тоқталуға мүмкіндік бар.

3 сынып І жартыжылдық

Наши рекомендации