Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Экология негіздері. 16 сағат.А.Е.Манкеш,Г.К.Қиялбекова Алматыкітап баспасы 2013ж

Сабақтың тақырыбы Сабақтың мазмұны Қолданылатын көрнекілік Сағат саны Мерзімі
Туған өлкем мақтанышым Қазақстан Республикасы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. « Тәуелсіз мемлекет» жөнінде білім беру. Заң күні туралы оның баптарындағы баланың құқығы, айнала қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа қамқор болу, баптармен таныстыру. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Туған өлкем мақтанышым Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру; экологиялық белгілермен таныстыру, оларды естеріне сақтату; табиғатты қорғауға баулу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Табиғат бұрышындағы тіршілік Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімдіктер туралы түсінік беру; жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту; табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Табиғат бұрышындағы тіршілік Табиғат бұрышындағы жануарлар( балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімідіктер туралы түсінік беру. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту. Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.   Дидактикалық материалдар, суреттер  
Алтын күз Табиғаттың күз мезгілінде өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. "Ерте" және "кеш" түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір – бірінен ажырата білуге үйрету; күз мезгілінің астық, жеміс - жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Күз сыйы Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру; күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және т.б. білім негіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін, зейіндерін дамыту; өсімдіктерді күтіп - баптауға және таибғатпен қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Нан дастарханға қалай келеді Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу; Өсімдікке өсіп - өну үшін ауа, су, жарық, жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту; диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу Дидактикалық материалдар, суреттер  
Экологиялық белгі Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру; экологиялық белгілермен таныстыру, оларды естеріне сақтату; табиғатты қорғауға баулу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Табиғатпен достасайық Табиғаттың маңыздылығын түсіндіру Қоршаған әлем мен табиғат құндылықтары туралы түсініктерін дамыту. Сөздік қорларын байыту Оқушыларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу   Дидактикалық материалдар, суреттер  
Жанды және жансыз табиғат Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру; жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Дидактикалық материалдар, суреттер  
Қысқы ағаштар Қысқы ағаштардың бұтағына, діңіне қарап ажырата білуге, ағаштар мен талдарға қамқор болуды үйрету. Ағаштардың адамға тигізер пайдасын айтып үйрету. Қоршаған ортаның әдемілігін, сезімталдығын түсіне білуге тәрбиелеу.    
Көрікті көктем Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы мағлмат беру; үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру; еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қақморлық жасай білуге тәрбиелеу.    
Жыл құстары Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру; дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы өз бетімен жұмыс жасауға баулу; қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.    
Көктемгі еңбек Үлкенддердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту; ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері, оларды өндіретін адамдардың еңбектері жайлы мағлұматтар беру; еңбексүйгіштікке баулу.    
Қызыл кітап құпиясы Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру; Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру; табиғатты аялауға баулу.    
Экологиялық соқпақ Балалардың санасына экология деген түсінікті қалыптастыру; қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту; табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.    

Наши рекомендации