Физика 2” курсы бойынша емтихан сұрақтары
1. Магнит өрісі және оның сипаттамалары. Магнит индукция векторы.
2. Вектор және скаляр түріндегі Био-Савар-Лаплас заңы. Магнит өрісінің суперпозиция принципі.
3. Био-Савар-Лаплас заңы және оны тогы бар дөнгелек өткізгіштің центріндегі магнит өрісін есептеу үшін қолдану.
4. Био-Савар-Лаплас заңы және оны түзу токтың магнит өрісін есептеу үшін қолдану.
5. Ампер заңы. Параллель токтардың өзара әсерлесуі.
6. Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы.
7. Магнит өрісі үшін толық ток заңы.
8. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы.
9. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіштің орын ауыстыруы кезіндегі істелінетін жұмыс.
10. Фарадейдің электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі.
11. Контурдың индуктивтілігі. Өздік индукция.
12. Өзара индукция.
13. Магнит өрісі энергиясы. Магнит өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы.
14. Магнетиктер. Заттардағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.
15. Электромагниттік өріс үшін Максвелл теңдеуілері.
16. Электромагниттік толқындар және олардың қасиеттері.
17. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу.
18. Электромагниттік толқын энергиясы. Электромагниттік энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.
19. Электрлік тербелмелі контурдағы еркін тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Томсон формуласы.
20. Электрлік тербелмелі контурдағы еркін өшетін тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Өшудің логарифмдік декременті.
21. Мәжбүр электромагниттік тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Резонанс.
22. Айнымалы ток. Айнымалы ток үшін Ом заңы.
23. Айнымалы токтың қуаты.
24. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары.
25. Шағылу және сыну заңдары. Толық ішкі шағылу.
26. Линзалар және оның негізгі сипаттамалары. Жұқа линзаның формуласы.
27. Жинағыш және шашыратқыш линзалардағы нәрсенің кескінін тұрғызу.
28. Фотометрлік шамалар және олардың өлшем бірліктері. Жарықталыну заңы.
29. Жарық толқындарының интерференциясы. Оптикалық жол айырымы мен фазалар айырымы арасындағы байланыс. Интерференциялық максимум және минимум шарттары.
30. Екі когерентті көздерінен алынған жарық интерференция. Интерференциялық жолақтың ені.
31. Жазық параллель пластинадан алынған жарық интерференция. Бірдей көлбеулік жолақтары.
32. Бірдей қалыңдықты жолақтар. Ньютон сақинасы.
33. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі.
34. Френельдің зоналар әдісі.
35. Дөңгелек дискідегі және дөңгелек саңлаудағы Френель дифракциясы.
36. Бір саңлаудағы Фраунгофер дифракциясы.
37. Дифракциялық тор.
38. Нормаль (қалыпты) және аномаль (қалыпсыз) жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясының электрондық теориясы.
39. Жарықтың жұтылуы. Бугер-Ламберт заңы.
40. Табиғи және поляризацияланған жарық. Малюс заңы.
41. Шағылу және сыну кезіндегі жарық поляризациясы. Брюстер заңы.
42. Қосарланып сыну кезіндегі жарық поляризициясы. Николь призмасы.
43. Оптикалық актив заттағы жарықтың поляризация жазықтығының бұрылуы.
44. Жылулық сәулеленудің негізгі сипаттамалары. Абсолют қара дене. Кирхгоф заңы.
45. Абсолют қара дене үшін Стефан-Больцман заңы.
46. Абсолют қара дене үшін Вин заңдары.
47. Вин және Релей-Джинс формулалары. Ультракүлгін апаты.
48. Кванттық гипотеза. Планк формуласы.
49. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі.
50. Сыртқы фотоэффект заңдары. Эйнштейн теңдеуі.
51. Комптон эффекті.
52. Бөлшектер қасиеттерінің корпускулалы-толқындық дуализмі. Де Бройль гипотезасы.
53. Де Бройль толқыны. Де Бройль толқынының қасиеттері.
54. Альфа-бөлшектерінің шашырауымен жүргізілген Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.
55. Сутегі атомының сызықтық спектрі. Жалпыланған Бальмер формуласы.
56. Бор постулаттары. Франк және Герц тәжірибелері.
57. Бор бойынша сутегі атомының спектрі. Электронның толық энергиясы.
58. Гейзенбергтіңанықталмаушылық қатынастары.
59. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы.
60. Шредингердің уақыттық және стационарлық теңдеулері.
61. Бірөлшемді тікбұрышты шұңқырдағы бөлшек.
62. Бөлшектің тікбұрышты потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі.
63. Кванттық механикадағы сызықтық гармоникалық осциллятор.
64. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі.
65. Кванттық сандар. Паули принципі.
66. Атом ядросының құрылысы.
67. Ядроның массалық ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. Меншікті байланыс энергиясы.
68. Ядролық күштер. Күштердің алмасу сипаты. Ядро моделі.
69. Радиоактивтік ыдырау заңы. Нуклид активтілігі.
70. Альфа-ыдырау мен бета-ыдырау кезіндегі ығысу ережелері.
71. Альфа- бета- және гамма-сәулелерін шығарудың табиғаты және заңдылықтары, олардың затпен өзара әсерлесуі.
72. Ядролық реакциялар.