Тапсырма «кім жылдам» ойыны 1 страница

Карточка

Баған бойынша орындау.

902 – 567 = 335 902 – 335 = 567 335 + 567 = 902

Ой толғаныс Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер 1.Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше килограмм бал жегеннен кейін ода 4 килограмм бал қалды.Аю неше килограмм бал жеді? 2. Айдар Бурабайдың 10 фотосурет істеді.Досына бірнеше фотосурет бергеннен кейін 6 фотосурет қалды.Айдар досына неше фотосурет берді? 3.Сауыншы сиырдан 9 литр сүт сауып алды. Ірімшік жасауға бірнеше литр сүт пайдаланғаннан кейін 2 литр сүт қалды.Сауыншы неше литр сүт ірімшікке жұмсады? 4. Маймылда 10 банан болды.Бірнеше банан жегеннен кейін оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді? Сабақты бекіту Шығармашылық тапсырма.конструктормен жұмыс. Саған қайсы тапсырма қиын болды?   Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау   Оқушылар күнделіктеріне жазады Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады          
Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою. Сабақтың түрі:аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Армысың, алтын күн! Армысын, асыл жыр! Армысын, көк аспан! Армысың,жан досым! Жылуыма жылу қос Міне, менің қолым бос. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны: - «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады. 7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000 8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100 - Көркем жазу минуты. - 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар. Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ 1.түсіндіру, еске түсіру, қайталау. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір. Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады. Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)     «Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.
1 см3 = 1 000 мм3 1 дм3 = 1 000 см3 1 м3 = 1 000 дм3 1 дм3 = 1 000 000 мм3 1 м3 = 1 000 000см3 1 л су = 1дм3

. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.

Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.

Ұзындығы Ені Ауданы Периметрі
12см 7см 84см2 38см
16мм 5мм 80мм2 42мм2
35м 20м 700м2 110м

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.

Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті Бір, екі, үш Жинап алдық күш Төрт, бес, алты Біз жазамыз мықты Дәптерімізді ашайық Көрсетілген үлгіге, Әдемі етіп жазайық
Ой толғаныс Қалдықты табуға берілген есептер 1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш қалды? 2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын кітап қалды? 3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет қалды? 4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды? 5. Асқардың кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет қалды? 6. Сандуғаштың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді.Неше ашылмаған сыйлық қалды? 7. Айбектің 6 дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.Айбектің неше дәптері қалды?
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
         
Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Көлемнің бірліктері және оның үлестері. Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табуға берілген есептер
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шжылдамдыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Білімділік: Куб ұғымын пысықтау. Көлем, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Дамытушылық: Ой - өрістерін кеңейту, математикалық тілдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Оқыту әдістері: түсіндіру, тапсырмалар орындау, сұрақ –жауап. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.   Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Көбейту кестесін еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ Текшенің көлемін табуға болады. Оның үш өлшемі бар. Мұнда көлемді табу жайлы түсінік беріледі. тапсырма «кім жылдам» ойыны 1 страница - student2.ru Келесіні оқушылар өздері орындайды. тапсырма «кім жылдам» ойыны 1 страница - student2.ru Тақырып толық түсіндірілген соң, электрондық оқулықтағы тапсырмалар ретімен орындалады, әр тапсырма сол мезетте тексеріліп отырады. 1 тапсырма: Тапсырманы тыңдайды, 1 оқушы шығып, тышқан тетігін пайдаланып сызғышпен фигураның өлшемдерін өлшейді. клавиатураны пайдаланып, орындайды.   тапсырма «кім жылдам» ойыны 1 страница - student2.ru Орындаған жұмыс тексеріледі. 2 тапсырма: 1 тапсырмадағыдай орындалады
Сергіту сәті . Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң –жарадың! 2.Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді?
Ой толғаныс Айырманы салыстыру 1.Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге артық? 2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер кем? 3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды? 4.Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем? 5.Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап алды. Серік неше балық артық ұстап алды? 6.Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан, және 7 самса әкелді. Қызыл телпектің тәтті наны қаншаға кем самсадан? 7. Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары көбелек санап алды.Қызыл көбелек нешеге артық көк көбелектен? 8. Айсана 9 алма және 6 алмұрт жинады.Айсана жинаған алмұрт нешеге кем алмадан? 9. Бірінші сөреде 7 кітап , ал екінші сөреде- 5 кітап тұр. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда неше кітап артық тұр.
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс
         
Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Қайталау. Шамалар (жылдамдық, уақыт және қашықтық) арасындағы тәуелділікке берілген өзара жай есептер
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі 1. Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау; жылдамдық, уақыт, қашықтыққа қатысты есептерді теңдеу құру арқылы шешу жолдарын үйрету; баланың ойлау қабілетін қалыптастыру, өзін-өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,өзіндік іс-әрекетін, дүние туралы танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру. 3. Тәрбиелік: Білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу Түрі: саяхат-сабақ Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.   Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Көбейту кестесін еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмараларды топтарда бөліп орындау. Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырмалар: №1 карточка 900:3*2=600 900:(3*2)=150 (900+100):2=500 900+100:2=950 (8000-4000):4=140 8000-400:4=7900 №2 карточка 631 * 2 * 5 = 6310 86 * 50 * 2 = 8600 8 * 25 * 4 = 800 31 * 2 * 500 =310000 37 * 50 * 2 = 3700 27 * 4 * = 27000
Сергіту сәті Оңға, оңға, түзу тұр, Солға, солға, түзу тұр. Артқа қарай бір қадам, Алға қарай бір қадам Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық!
Ой толғаныс Ой ұшқырлығына құрылған есептер 1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 4.Үй тышқанның неше құлағы бар? 5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.) 7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс
         
Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Қайталау. Шамалар (жылдамдық, уақыт және қашықтық) арасындағы тәуелділікке берілген өзара жай есептер
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі 1. Қозғалысқа байланысты берілген есептердің шығару жолдарын тиянақтап бекіту. Екі таңбалы сандарға көбейту және бөлу амалдарын одан әрі үйрету. 2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Білім алуға деген құштарлығын арттыру. Дәлдікке, нақтылыққа үйрету. Көрнекілік: Слайд. Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.   Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Көбейту кестесін еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату. Дәптерме жұмыс. Қосымша: І. «Қайталау жаттығулары». 1. Ұзындығы 12м , ені 4 м бақшаның ауданын тап. 2. Бір көйлек тігу үшін 3 м мата кетеді, осындай 40 көйлекке қанша метр мата кетеді? 3. Қыры 3 см кубтың көлемі қанша? 4. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма? 5. 210 м лентаның 3/1 бөлігі қанша? 6. Мен бір сан ойладым, ойлаған санды 40 бөлгенде 60 шықты. Мен қандай сан ойладым? 7. Ара қашықтығы 480 км ауылдан шыққан машина 6 сағатта қалаға жетті. Машинаның жылдамдығы қандай? 8. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Велосипедші қанша жол жүрді? 9. Автобус 60 км/сағ жылдамдықпен 360 км жол жүрді. Ол қанша уақыт жолда болды?
Сергіту сәті Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады? Аулада бс үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек? Қанша қоян аулада Сонша тауық аулада. Аяқтары он екі, Санап көрші, кәнекей?
Ой толғаныс Теңдеу құр және оны шеш: 1-топ а) 360-қа х-тің 3-ке бөліндісін қосқанда 440 шығады. 2-топ ә) х-тің 8-ге бөліндісін 140-қа арттырғанда 212 шығады. 3-топ б) х пен 25-тің қосындысын 4 есе арттырғанда 360 шығады.
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс
         

Наши рекомендации