Екіжартыпериодты көтерме схемасы. Уақыт бойынша өзгеру графиктері
Бір жартыпериодты түзеткіш схемаларының ерекшелігі, олардың пульсация коэффициенті шамасының үлкен болуында. Сонымен қатар трансформатордың екінші орамындағы ток тек бір бағытта ғана жүруі себепті, үнемі тұрақты магниттелу пайда болып тұрады, ал бұл трансформатордың өлшемі мен массасының үлкеюіне әкеліп соқтырады.
Сол себепті, түзеткіштің тиімділігін орнықтыру үшін екіжартыпериодты схеманы пайдаланады. Бір жартыпериодтыдан айрмашылығы, мұнда диод және күрделі трансформатор пайдаланылады
0,5×Т= Т интервалда, VD2 диоды ашық кезде VD1 диодтың анодына U/2 теріс кернеу катодына Uн=U2 кернеу беріледі. Сондықтан лездік кері кернеу Uкері=U2+U2//=2U2, ал жабық диодтағы max-ды кері кернеу олардың амплитудаларының қосындысына тең. Екі жартыпериодты түзету кезінде түзетілгенкернеу және ток мәндері: ,
бір жартыпериодтағыға қарағанда 2 есе жоғары. Жүктемедегі кернеу пульсациялы болып табылады. Фурье қатарына жіктесек, онда:
Олай болса, екі жартыпериодты түзету кезінде пульсация коэффициенті мынаған тең болады:
Практикада екі жартыпериодты түзету кезіндегі пульсация коэффициентін анықтау үшін келесі формуланы пайдаланады:
мұндағы m- түзету фазаларының саны. Мұндай жағдайда m=2 және , бұл біржартыпериодты түзету кезіндегіден анағұрлым аз
Трансформатор да тиімді пайдаланылады. Екіжартыпериодты схемада қосалқы орамдағы ток әрбір жартыпериодта қарсы бағыттарда жүреді, бұл теория жүзінде магниттелуді реттейді (жояды). Екіжартыпериодты түзетуді алу үшін схема қолданылады, ол нөлдік шығысы бар түзеткіштен тиімдірек жасалады, себебі мұнда қарапайым трансформатор (қосалқы орамнан келетін нөлдік шығысы жоқ) пайдаланылған. Жалпы, көпірлік схемада трансформатор жоқ болуы да мүмкін,сондықтан түзеткішті тікелей айнымалы ток көзіне қосуға болады.
Айталық, бастапқы температурада екінші орамның жоғарғы ұшына («а» белгісі) төменгі ұшымен («ә») салыстырғанда оң потенциал бар болсын. Бұл жоғарыдағы схемада ток VD2-Rж-VD4 тізбегі бойынша жүреді. Келесі жартыпериодта «ә» белгісі «а» -мен салыстырғанда оң, олай болса ток VD3-R4-VD1 тізбегі бойымен жүреді. Токтың Rж жүктеме арқылы бағыты өзгермейді, ал қосалқы орам арқылы бағыты өзгереді. Көтерме схемада кернеудегі жартыпериодтың екеуі де пайдаланылған, ол екіжартыпериодты бірфазалық схема деп аталады. Ток пен кернеу осциллограммада көрсетілген. Көпірлік схемадағы max кері кернеу қосалқы орам мен жүктемедегі кернеудің амплитудалық мәндерінің қосындысына тең.
Бірақ кернеу тізбектей жалғанған екі диодқа беріліп тұрғанын ескеру керек, олай болса кернеу теңдей екіге бөлінеді: жоғары біржартыпериодтағы схемаға қарағанда пульсация коэффициенті аз болады.