Бірарналы жаппай қызмет көрсету жүйесін модельдеу

Кіріспе

Телекоммуникациялық жүйе зерттемесінің барлық сатысында негізгі зерттеудің осы күнгі жобалау және жаңарту әдісі болып табылады.

Модель жүйедегі немесе кейбір формалардағы нақты тіршілік формаларынан өзгеше объектінің көрсетілуі болып табылады.

Модель - бұл кейбір түпнұсқа қасиеттерін зерттеуді қамтамасыз ететін, түпнұсқа объектісінің орынбасушы объектісі.

Модель объект жайлы білімді сақтауға арналған құрылым ретінде анықталады.

Модельдеудің маңызды қасиеті оның әмбебаптылығы болып табылады.

Аналитикалық модельдеу кезінде математикалық модель ізделінетін шама кіретін теңдеулер жүйесіне беріледі. Бұл жағдайда керекті нәтижені аналитикалық немесе сандық әдіс ретінде көрсетілген болады. Жүйенің аналитикалық түсендірілуі кейбір жағдайларда өте қиын болып, қажетті нәтижені алынуы күрделенеді. Бұл жағдайда имитациялық модельдеуге көу тиімді.

Имитациялық модель негізі телекоммунициялық жүйенің функционалды процесінің логикалық құрылымын, үрдістер арасындағы байланысты және олардың уақыт ішінде орындалу ретін сақтау арқылы қолданылады.

Модельдеудің телекоммуникация саласында қолданылатын бірден-бір жүйесі- GPSS World.

Математикалық модельдеудің өте бір маңызды бөлігі жаппай қызмет көрсету жүйелерінің теориясы (ЖҚЖ) болып табылады.

Теорияның негізін қалаушы даниялық математик А.К.Эрланг. Ол Копенгагендегі телефон компаниясының қызметкері бола жүріп, 1909 жылы «Ықтималдықтар теориясы және телефондық сөйлесулер» атты жұмысын жариялады, онда жаппай қызмет көрсету жүйелері теориясының кейбір есептерін алғаш рет шешті.

Әрбір ЖҚЖ құрылымына бірнеше қызмет ету құрылғылары кіреді, олар қызмет көрсету арналары деп аталады. Қызмет көрсету арналарының рөлін түрлі операцияларды орындайтын адамдар, аспаптар, байланыс жолдары атқара алады.

Әрбір ЖҚЖ уақыттың кездейсоқ бір сәттерінде жүйе кірісіне келіп түсетін тапсырыстардың кейір ағынына қызмет көрсетуге арналған. Тапсырыстарға қызмет көрсету кездейсоқ уақытқа созылады. Тапсырысқа қызмет көрсетілгеннен кейін арна босайды және келесі тапсырысты қабылдауға дайын тұрады.

Тапсырыстар ағынының және оларға қызмет көрсету уақытының кездейсоқ сипаты ЖҚЖ-ның жүктемесін қалыпты жағдайдан ауытқытып жібереді: уақыттың қандай да бір арлығында кіріске тапсырыстар жиналып қалады, қызмет көрсету кезегіне тұрады, болмаса жүйені тастап кетеді.

.

Бірарналы жаппай қызмет көрсету жүйесін модельдеу

Бір қызмет көрсету арнасы бар жөндеу бөлімшесіне ағымдық жөндеуді қажет ететін, істен шыққан байланыс құрылғылары келіп түседі. Келіп түсу уақытының аралығы А±В сағат аралығында бір қалыпты үлестірілген. Жөндеу уақыты да M±N сағат аралығында бір қалыпты үлестірілген. Жөндеу келіп түсу реті бойынша жүргізіледі. GPSS World бағдарламасында жөндеу бөлімшесінің К тәулік ішіндегі жұмысының моделін құру керек.

Модельдеу нәтижесінде келесі көрсеткіштерді анықтау:

а) арнаны пайдалану коэффициенті;

б) байланыс құрылғысының орташа жөндеуде болу уақыты;

в) жөндеуге келіп түскен байланыс құрылғыларының саны;

г) кезекте күткен байланыс құрылғыларының ең көп мәні;

д) кезекте күткен байланыс құрылғыларының орташа саны;

е) орташа кезекте күту уақыты.

Нұсқа № A,B M,N K
6,3 6,5

1.1 сурет - Нұсқа бойынша бағдарлама моделінің терезесі

1.2 сурет – Нұсқа бойынша бағдарлама моделінің нәтижесі

Модельдеу нәтижесінде келесі көрсеткіштерді анықтау:

а) арнаны пайдалану коэффициенті – 0,986;

б) байланыс құрылғысының орташа жөндеуде болу уақыты – 5,955;

в) жөндеуге келіп түскен байланыс құрылғыларының саны – 1192;

г) кезекте күткен байланыс құрылғыларының ең көп мәні – 15;

д) кезекте күткен байланыс құрылғыларының орташа саны – 4,384;

е) орташа кезекте күту уақыты – 26,281

Наши рекомендации