Ысқа мерзімді жоспар 3 страница


Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
2А бөлім: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту
Үсынылатын бастапқы білім
100-ге дейін тура және кері санау; ондықтармен санау.
Мәнмәтін
Санау дағдыларын дамыту және санау барысында анықталған заңдылықтарды айқындау қабілеттері - көбейту мен бөлу амалдарын әрі қарай түсінудің негізі болып табылады.
Пән бойынша тілдік мақсаттар оқу жоспарының осы бөліміндеОқушыларға арналған тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Пән бойынша оқу мақсаттары Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
• Санның орналасуына байланысты сандық түзу сызық бойынша санаудың "қадамдық" түрленімі • Санаудың практикалық қызметтегі заңдылықтары туралы көріністердің қалыптасуы (секіру, қол шапалақтау, т.с.с.) • Ұяшықтарды бояу арқылы санау заңдылықтарын зерттеу, осы заңдылық жалғасын таба алатыны туралы түсініктің қалыптасуы • Сандарды жұптарымен санау, заттар санының практикалық екі еселенуі және екіге бөлінуі • Ондықтармен санау. Дөңгелектенген сандар • "Менің отбасым және достарым" тақырыбының контекстіндегі сандық заңдылықтарды табу.   Оқушылар: · сандық заңдылық қалай құрылғанын және әрі қарай қандай сан болатынын түсіндіре алады     Бұл келесілерді қамтиды: • заңдылық, реттік, тізбек, келесі, бұрынғы • заңдылықтың құрылуы • кеңейту, жалғастыру (заңдылық) • Келесі не? Заңдылық қайталанып жатыр ма? Талқылау:
• Келесі санды атай аласыз ба? • Заңдылық қайталана ма? • Сандардан заңдылық көрініп тұр ма? Неліктен екенін айта аласыз ба • ...бұл сан келесі болады? • ... бұл сан берілген тізбекте келесі бола алмайды? Жазылым: • заңдылықты айқындап тізбекті жалғастырыңыз • заңдылығын белгілеп тізбекті жасаңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар нысандардағы, жобалардағы заңдылықтарды зерттеп, өздерінің заңдылықтарын жасайды.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.2 Сандармен амалдар орындау 1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану   Қосу кестесі (С)Сандар құрамын қайталау бойынша жұмысты ұйымдастырып, сандық кесіндімен жұмыс істеп көріңіз. Оқушыларға кестенің ішіне 1-9 аралығындағы сандарды, әр қатардың соңында 9 цифры тұратындай етіп жазуды сұраңыз, сандар ретімен орналасуы керек. Содан кейін оқушылардан сандардың орналасуында не байқағанын сұраңыз. Екі санды қосу үшін осындай кестені қалай пайдалануға болатынын көрсетіңіз. Оқушыларға кестенің ішіне 1-9 аралығындағы сандарды, әр қатардың соңында 9 цифры тұратындай етіп жазуды сұраңыз, сандар ретімен орналасуы керек. Содан кейін оқушылардан сандардың орналасуында не байқағанын сұраңыз. Екі санды қосу үшін осындай кестені қалай пайдалануға болатынын көрсетіңіз  
+
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1 Натурал сандар мен 0 саны.   4.3 Тізбектер   1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 11-ден 22-ге дейін тура және кері санау; сандардың олардың натурал сандарқатарындағы орнын анықтау 1.1.1.3 **20-ға дейінгі сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштар мәніне жіктеу 1.1.1.2 ** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.4 санның ірі бірлігі - ондықты құру; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру   1.4.3.1 **20 көлеміндегі сандар/ондықтан 100-ге дейін тізбекті құру, суреттердің, фигуралардың, белгілердің, 100-ге дейінгі сандардың тізбегіндегі заңдылықтарын анықтау 11-ден 20-ға дейінгі сандар, оқу және жазу (С)Оқушыларды 10-нан 20, 40, 90-ға дейінгі және 20-дан 80-ге дейінгі сандар атауларындағы ерекшеліктермен таныстырыңыз. Бұл үшін оқушыларға 10 таяқшаны алып, бір будаға жинақтауды ұсыныңыз.Ысқа мерзімді жоспар 3 страница - student2.ru Оқушыларға бір ондық болғанын айтыңыз. Екінші ондық сандары қалай алынады? Осы сандарды оқу мен жазу дағдыларын бекітіп алыңыз. Ондықтармен санау. Дөңгелек сандар (С)Оқушыларды "ондық" түсінігімен таныстырыңыз. Дециметр. Ойын түрінде өткізіңіз. жетіспейтін санды табыңыз. 10 20 ? 40 ? 60 70 ? 90 (Ж)Тура және кері бағытта ондықтармен санап шығыңыз. (С)Оқушылардан ең үлкен және ең кіші болатын ондықты атауды сұраңыз. Осы сандардың жазылымында ортақ не бар? Математикада осындай сандар дөңгелек сандар деп аталады. Дециметрмен таныстырыңыз, санақ бірліктері мен ұзындық бірліктері арасындағы өзара байланысты қарап шығыңыз. (Т)Оқушылар 10 таяқшадан тұратын будалармен жұмыс істейді. Олар будаларды біріктіріп, алып тастап отырады. Жұмыс барысында оқушылар қорытынды жасай алу керек, мысалы, 2д+1д=3д немесе 20+10=30, 4д-3д=1д немесе 40-30=10 100-ге дейінгі санақ (К) 100-ге дейінгі санақты енгізіңіз. Оқушылар тура және кері бағытта бірліктермен және ондықтармен (1-100, 100-1) жылдам, әрі қатесіз санай алатынын тексеріңіз. (С,Д) Санақ дағдысын бекіту үшін ойын ұйымдастырыңыз. Оқушылар 1-ден 100-ге дейін саны бар картаны жорамалдап суырып алып, санды және әрбір разрядтағы бірліктер санын атайды, содан кейін мұғалім картаны алу үшін басқа оқушыны шақырмайынша сол саннан бастап санауды жалғастырады, солай кете береді. (Д, қ) Оқушыларға 21 ұяшықтан тұратын "жол" бейнеленген парақ ұсыныңыз. Оқушылар кезекпен 20-дан 100-ге дейін саны бар картаны таңдайды. Бұл сан орталық ұяшықта жазылып қойылады. Содан кейін оқушы осы санның алдындағы 10 санды және содан кейінгі 10 санды жазып шығады, осылайша разрядтар кестесі көмегімен сандық түзу сызық бөлігін көрсететін "жол" жасайды (Ондықтар/Бірліктер). Оқушыларды жүздік деп аталатын жаңа разрядпен таныстырыңыз (терминдерді пайдаланыңыз: жүздік, жүз, он, ондық)   Біртаңбалы және екітаңбалы сандар Екітаңбалы сандардың разрядтары Оқушыларға сандарды 2 қатарға бөліп жазып шығуды ұсыныңыз: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Оқушылар осы сандардың екі қатарын салыстырады, олардың бір-бірінен айырмашылығын табады. Бірінші қатардағы сандардың жазылымында тек бір белгі бар. Екінші қатардағы сандардың жазылымында екі цифр бар. Яғни, осы сандарды жазуда біз екі белгіні - екі цифрды жазуды пайдаланамыз. Сондықтан да, бірінші қатардың сандары - біртаңбалы сандар, ал екінші қатардағы сандар екітаңбалы сандар деп аталады - олардың жазылымында екі белгі бар.     Екінші таяқшаны аламыз. Он таяқшаға екі таяқша қоямыз. Соған ұқсас 11, 12, 13, 14, 15,16,17, 18,19   Сандық "жолды" сандар карталары арқылы 100-ге дейін көрсетіп шығуға болады   Санақ таяқшалары немесе маркерлер Есептік ресурстар 1-100 сандары бар карталар. Алдын ала дайындалған бос сандық жол 1-100 сандар кестесі, қағазда басып шығарылған, сонымен қатар, интерактивтік тақтада көрсетілген немесе флипчартта үлкейтілген 1-20 сандық жол
1.2 1.2 Сандарға амалдар қолдану 5.2 Математикалық тіл 1.2 Сандармен амалдар орындау 1.1.2.5 **20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындау 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 қасиетін қолдану   1.5.2.2 **«+», «-», «=» белгілерін пайдалану 1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу барысында қосу және азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану   1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде және азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну Есептеу тәсілдері □ ± 3, □ ± 4. □ + 5, □ + 6, □ + 7, □ + 8, □ + 9 түріндегі жағдайлар үшін қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану. Қосу мен азайтудың өзара байланысы (С) Сандар құрамымен жұмыс істеңіз, Қосу мен азайтуға өрнектер жасап жазып отырыңыз. Сонымен қатар, бұны суреттер арқылы көрсетіп отырыңыз және керісінше, суреттерге қосымша өрнектер жасаңыз және оның нәтижесін табыңыз. (Ж) Оқушыларға қосу кестесін пайдаланып өрнектер жасауды ұсыныңыз және содан кейін сол өрнектерге керісін жасауды сұраңыз. Оқушылар компоненттер атауларын пайдаланып өрнектерді оқиды (Т/Ж, қ)Әрбір топ өз санының құрамымен жұмыс істейді. Қосу кестесінің көмегімен оқушылар мысалдар жасап шешімін табады, әрбір топтың өз үлгісі бар + 2, Ысқа мерзімді жоспар 3 страница - student2.ru +3, т.с.с. Содан кейін жұптар жұмыстарымен ауысып, кесте көмегімен сыныптастарының жұмыстарын тексереді. (С)0 саны бар қосу және азайту амалдарын бөлек қарап шығыңыз. Қосу мен азайтудың байланысы (С)Жұмысты қосу және азайту кестелерімен және сандық кесіндімен ұйымдастырыңыз. Кері мысалдар жасаңыз, мысалы, 3+4=7 4+3=7 7-3=4 7-4=3. (Ж/Т,қ)Оқушыларға қосу және азайту заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік беріңіз. Мысалы, егер сандардың біреуі бірге көбейсе, қосу және азайту нәтижелері қандай болады; қосу мен азайту өрнектерінен құрыла алатын кері өрнектерді зерттеңіздер, ауыстырымдылық қасиеті азайту кезінде емес, тек қосу барысында жұмыс істейді, неліктен?. (Д /Ж)Оқушыларға ондықтарды қосу және азайтуға қатысты тапсырмалары бар карталар таратып беріңіз. Дөңгелектенген ондықтарды қалай қосуға болатынын түсіндіріңіз. Мысалы, егер мен 5±3 қанша болатынын білсем, 50±30 амалы туралы не айта аламын? (С)Үлкен мәні бар сандарды қосу және азайтуды орындау барысында заңдылықтарды қалай пайдалана алатынымызды түсіндіріңіз. Мысалы, егер біз 6±3 қанша болатынын білсек, 16±3 қанша болатынын білеміз бе (егер сынып оқушылары мықты болса, онда өрнектер тізбегін жалғастыра аласыз: 26±3, т.с.с.)? (Ж, қ)Оқушылар бір біріне мысалдарды ауызша шешуді ұсынуы үшін жұппен жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз. Практикалық жұмыстың алуан түрлерінде 0 саны бар қосу және азайту бойынша мысалдарды пайдаланыңыз. Оқушыларға келесі сандары бар карталарды таратып беріңіз: 2, 4, 6. Осы сандар арқылы өрнектер құрастыру, мысалы, 2+4=6 4+2=6 6-2=4 6-4=2. Осы сияқты жұмысты басқа да сандармен жүргізуге болады Дәптерде ондықтарды қосу және азайтуға екі нұсқаны орындаңыз: 1 ондық+ 2ондық=3ондық 10+20=30 2ондық+1ондық=3ондық 20+10=30 3ондық-1ондық=2 ондық 30-10=20 3ондық-2ондық=1ондық 30-20=10 Дөңгелектенген ондықтарды өрнектерді құрастыру арқылы құрастыруға болатын тапсырма беріңіз. Мысалы: 40+30 =70 30 +40 =70 70 – 40 =30 70 – 30 =40 Осыған ұқсас жұмысты әріптермен бірге орындаңыз. Сонымен қатар, біртаңбалы сандарды қосу және азайту стратегиялары туралы білімді пайдалана отырып, ондықтарды қосу және азайту тиімділігін зерттеуге біршама уақыт бөлген пайдалы болар. Оқушылардың жұппен жұмыс істеуі зерттеу барысында материалды толыққанды меңгере алмаған оқушыларды бағалау үшін ақпарат алуға мүмкіндік береді  
2.1 Сандық және әріптік өрнектер 1.2.1.1 ** сандық өрнектерді құру, оқу, жазу және тану (қосындылар, айырмалар) Өрнектер (С) Нәтижелерімізді жазып алу тәсілдерін қосу және азайту амалдарының өрнектері ретінде талқылаңыз. Өрнек дегеннің екенін түсіндіріңіз. Осы уақытқа дейін біз сандарды (сандық өрнектерді) пайдаланып, тек өрнектер құрастырған болатынбыз, алайда, өрнектерде басқа да белгілер, мысалы әріптерді қолдануға болатынын көреміз. (Д,қ) Мұғалім оқушылардың түсінгендеріне қалыптастырушы бағалау жүргізе алуы үшін оқушылар өрнектерді құрастыру мақсатында өз ойларын көрсете алуы үшін "мені көрсет" ресурстарын пайдаланыңыз. "Менің отбасым және достарым" тақырыбы бойынша біраз ақпаратпен бөлісіңіз және оқушылардан оны өрнек ретінде ұсынуды сұраңыз. Мысалы, "Сыныптағы 3 оқушы сурет салуды жақсы көрмейді. Егер сыныпта бар-жоғы 24 оқушы болса, онда қанша бала сурет салуды ұнатады?" (С) Оқушылар өрнектерді құрастыру және жазу барысында дағдыларын бекітуі үшін әртүрлі қысқа әңгімелер пайдаланыңыз.       Қосу және азайту компоненттерінің атауларын пайдаланып өрнекті оқуды ұсына отырып, тапсырманы қиындатуға болады.    
Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
2А бөлім: Сандар және заңдылықтар
Үсынылатын бастапқы білім
100-ге дейін тура және кері санау; ондықтармен санау.
Мәнмәтін
Санау дағдыларын дамыту және санау барысында анықталған заңдылықтарды айқындау қабілеттері - көбейту мен бөлу амалдарын әрі қарай түсінудің негізі болып табылады.
Пән бойынша тілдік мақсаттар оқу жоспарының осы бөліміндеОқушыларға арналған тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Пән бойынша оқу мақсаттары Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
• Ойыншықтарды, үрме бұршақты, т.с.с. біріктірудің нәтижелерін практикалық зерттеу • Біріккен шамаларды сипаттау және өрнек түрінде қосуға жетелейтін сандар түріндегі нәтижелерді ұсыну • Топты оның жиынтығынан алып тастау нәтижесін практикалық зерттеу • Алып тастау - азайту амалы ретінде • "Менің отбасым және достарым" тақырыбы мәнмәтінде практикалық зерттеу, қосу және азайту арқылы сипатталына алатын мысалдар іріктелімі • Бағытты өзгертуді есепке ала отырып, мәндердің сандық түзу сызығында біріктіру (қосу) және алып тастау (азайту) байланысы Оқушылар: · сандық заңдылық қалай құрылғанын және әрі қарай қандай сан болатынын түсіндіре алады. Бұл келесілерді қамтиды: • заңдылық, реттік, тізбек, келесі, бұрынғы • заңдылықтың құрылуы • кеңейту, жалғастыру (заңдылық) • Келесі не? • Заңдылық қайталанып жатыр ма? Талқылау:
• Келесі санды атай аласыз ба? • Заңдылық қайталана ма? • Сандардан заңдылық көрініп тұр ма? Неліктен екенін айта аласыз ба • ...бұл сан келесі болады? • ... бұл сан берілген тізбекте келесі бола алмайды? Жазылым: • заңдылықты айқындап бірізділікті жалғастырыңыз • заңдылығын белгілеп тізбекті жасаңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар нысандардағы, жобалардағы заңдылықтарды зерттеп өздерінің заңдылықтарын жасайды.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары
1.1 Натуралсандар мен 0 саны. 1.1.1.5 2-ден 20-ға дейін сандық топтармен тура және кері санау; 2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы табу   Жұппен санау (С)Оқушылар жұппен бір сызықтың бойына сапқа тұрады (балалардың қолдарында сандары бар карталар). Әрбір жұптағы оқушылар өз нөмірін айтады, сол жақта тұрған бірінші бастайды. Осылайша, алғашқы жұп 1-2 деп нөмірленеді, келесісі - 3-4, содан кейін келесісі - 5-6, т.с.с. Ең соңында барлық оқушылар өз нөмірін білетін болады, 1-ден бастап сыныптағы оқушылардың жалпы санын көрсететін санға дейінгі барлық сандарды естіп шығамыз. Содан кейін оң жақтағы оқушылар ғана кезекпен өз сандарын айтып шыққан жағдайда не болатынын көруіміз керек (2,4,6, т.с.с. деп естуіміз керек). Осы сандарды бірізділік ретінде жазып шығыңыз. Келесі сан қандай болады? Сандық түзу сызығындағы сандарды табыңыз. Сандық түзу сызығының бойымен қалай "адымдап басатынымызды" ескереміз. Тізбектің келесі санын атау үшін сандық түзу сызығында қанша адым басамыз? (Д) Оқушыларға сандық топтарды екі-екіден 1-100 сандар кестесінен немесе сандық қатардан табуды және оларды түрлі түсті қарындашпен немесе маркермен бояп шығуды ұсыныңыз. Олар осы заңдылықты түсіндіре алатыны жайлы сұраңыз. (С) Оқушыларды осыдан бұрын сапқа тұрғандай сол жұппен бір сызық бойына тұруға шақырыңыз және сол экспериментті оқушылармен осы жолы сол жақтан бастаңыз (1,3.5, т.с.с. деп естуіміз керек). (С) "Менің отбасым және достарым" тақырыбының контекстіндегі санақты жұппен зерттеңіз. Мысалы: егер әрқайсысында екі қолғаптан бар болатын болса, онда сыныптағы қолғап санын қалай санап шығуға болады? (М). Санға сол санды қосу арқылы оны қалай екі еселеуге болатынын көрсетіңіз. (С)Оқушыларға кері амал деп – санды алып, санды шығару үшін қай сан екі еселенгенін табу болып табылатынын көрсетіңіз. Кері амалды екіге бөлу ретінде немесе заттардың жалпы санын 2 бірдей бөлікке бөлу ретінде көрсетіңіз. Бұны мысалы, фишкаларды, кәмпиттерді немесе тиындарды топтастыра отырып құрастыруға болады. (Д/Ж)Оқушылар біртаңбалы сандары бар карталарды алады, оқушылар екітаңбалы сан жасайды. Оқушылардан ондықтары бірліктеріне қарағанда көбірек/азырақ болатын екітаңбалы сан жасауды сұраңыз. Оқушылар әрбір санға сипаттама береді (мысалы, 23 - бұл екітаңбалы сан, ол жерде 2 ондық және үш бірлік). Оқушыларға жұппен сандарды салыстыруға, осы сандардағы бірліктер мен ондықтардың жалпы санын салыстыруға шақырыңыз. Содан кейін оқушыларға сандағы цифрлардың орындарын ауыстыруды (23, 32), сол кезде санның қалай өзгеретінін байқап көруді ұсыныңыз.   Бұл зерттеу болашақта, қадам санағы 2 сыныптағы көбейтуді түсінудің бастамасы ретінде ашылғанда жалғасын табады. Жұппен санай алатынына күмәнданған оқушылар осыны іс жүзінде істей алады, мысалы, ойыншық аюға бір жұп аяқкиім, қолғап және, т.с.с. табу. Оқушылар әлі бөлшектермен таныс емес екендігін ескеріңіз, алайда, оларға күнделікті өмірде "жарты" деген түсінік кездескен болуы керек.  
4.3 Тізбектер 4.2 Өрнектер 1.4.3.1 **20-ға дейінгі сандардың/100-ге дейінгі ондықтардың бірізділігін құрау, 100-ге дейінгі суреттер, фигуралар, символдар, сандар бірізділігіндегі заңдылықты анықтау20 көлеміндегі сандардың/ 100-ге дейінгі ондықтардың тізбегін құру, суреттер, фигуралар, белгілер, 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды анықтау   1.4.3.2 табиғаттағы әрекеттер мен күйлердің тізбегін анықтау, сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтардың тізбегін құру және заңдылықтың бұзылуын анықтау 1.4.2.2 **бірдей цифрлары мен фигуралары, ребустары бар жұмбақтарды шешу Бірізділіктер заңдылығы (С) Сынып бөлмесіндегі нысандарды зерттеп шығыңыз, мысалы, киімдегі, сәндік бейнелердегі қайталанатын заңдылықтар. Кез келген санақты, заңдылықтар арқылы осы ойды көрсететін жұп және тақ сандар. (Д/Т) Оқушыларға моншақ, үрме бұршақ, стикерлер, т.с.с. пайдаланып, қайталанатын заңдылықтарды зерттеуге мүмкіндік беріңіз. Оқушылардан заңдылықты кезекпен түсіндіруді сұраңыз. (С) Екіден санай отырып заңдылықты тапқанымызды түсіндіріңіз. Олардан заңдылық табудың басқа да әдістерін ұсынуды сұраңыз. Мүмкін, үшеуден санау ұсынылады. Оқушылардан үшеуден санайтын заңдылықты қалай анықтауға болатыны туралы ұсыныстарын сұраңыз. Оқушыларға эксперимент жасауға мүмкіндік беріңіз және өздерінің жаңалықтарымен бөлісуге шақырыңыз. (С,қ) Оқушыларға өзіңізге арнап заңдылық анықтау барысында бір қате жасағандығыңызды айтыңыз. Оларға моншақтар заңдылығындағы қарапайым қатені көрсетіңіз, мысалы: қызыл- ақ- қызыл- ақ- қызыл- ақ- ақ- қызыл- ақ. Оқушылардан қатені тауып, оған түсініктеме беруді сұраңыз. (Д,қ) Қателері немесе аралықтары бар сандар тізбегін ұсыныңыз, мысалы, 2,4,7,8,10 1,3, ,7,9 және оқушыларды шешімін қалай тапқанын түсіндіре отырып, оларды түзетуге немесе аяқтауға шақырыңыз. Интерактивті тақтаға арналған бағдарламалық жасақтаманың болуы түрлі түсті шеңберлердің "тізбегін" құрастыра отырып, заңдылықтарды жылдам жасауға мүмкіндік береді. Оқушылар өз заңдылықтарындағы қателерді анықтап түзете алады.     Санақ материалы: моншақтар, үрме бұршақ, кнопка, т.с.с. Жіпке тізілген моншақтар, түрлі пішіндегі түрлі түсті стикрлер, т.с.с.
Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
2С бөлім: Шамаларды өлшеу
Үсынылатын бастапқы білім
100-ге дейінгі санау дағдыларын бекіту; қосу және азайту амалдарының алдыңғы кезеңі; сандық түзу сызықты сандар жүйесінің үлгісі ретінде түсіну.
Мәнмәтін
Математикада, ғылымда және инженерияда қолданылатын практикалық икемділік ретіндегі өлшеу; өлшеу мен санау арасындағы байланыс оқушыларға сандар туралы толық түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттар: Оқушыларға арналған тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлігісі төменде берілген:
Пән бойынша оқу мақсаттары   Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
• "Бізді қоршаған әлем" тақырыбын практикалық зерттеу, нысандардың ұзындығын, салмағын және көлемін анықтау • Тиісті терминологияны пайдаланып әртүрлі нысандарды салыстыру • Нысандарды өлшеуге арналған тиісті құрал-саймандарды пайдалану • Өлшем бірліктерін түсіну және пайдалану • Қосу және азайту амалдарын (2А бөлімі) сұйықтық мөлшерін өлшеу сияқты практикалық өлшеу үшін қолдануға болады • Оқушылар: · толтырылған ыдыстың сыйымдылығы 1 литрден артық, 1 литрден кем немесе 1 литрге тең болуы мүмкін екенін талқылай алады. · ұзындық, массаның өлшем бірліктерінің арақатынастарын талқылай алады   : • жиынтығы, сыйымдылық, саны, • …қарағанда артық; …қарағанда кем; тең, шамасында, айналасында • салыстырыңыз; салыстыра отырып тексеріңіз; сынақ алыңыз; Килограммды бейнелеңіз.   Талқылау: • Үйренгеніңізді көрсетіп шығыңыз … • Бір-бірлеріңізге ойларыңызды айтыңыз … • 1 литр сыйымдылығы бар барлық заттардың түрлері бірдей ме? • Бізге ішу үшін 1 литр су жеткілікті ме? • Шекердің1 литрлік ыдысы күріштің 1-литрлік ыдысымен бірдей ме? Себебін айта аласыз ба...? • … мұнда 1литрлік ыдысқа қарағанда шекер көбірек пе? • … сыйымдылық... және ... шамамен бірдей ме? • … қарағанда ..., ...мұнда азырақ? Жазылым: • Өз өлшеміңіздің нақты жазылымын жасаңыз. • Нәтижелеріңізді көрсету үшін кесте жасаңыз.
• Үйренгеніңізді көрсетіп шығыңыз … • Бір-бірлеріңізге ойларыңызды айтыңыз … • 1 литр сыйымдылығы бар барлық заттардың түрлері бірдей ме? • Бізге ішу үшін 1 литр су жеткілікті ме? • Құмның 1 литрлік ыдысы күріштің 1литрлік ыдысымен бірдей ме? Себебін айта аласыз ба...? • … мұнда 1литрлік ыдысқа қарағанда құм көбірек пе? • … сыйымдылық... және ... шамамен бірдей ме? • … қарағанда ..., ...мұнда азырақ? Жазылым: • Өзіңіз жасаған өлшемнің нақты жазбасын жасаңыз. • Нәтижелеріңізді көрсету үшін кесте жасаңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Шамаларды дағдылы сандар мен бөлшектерді зерттеумен бірге тығыз байланыста қарастыруға болады. Шамаларды өлшеу геометриялық материалды зерттеудің жалғасы сияқты болады. Кез келген бір фигура зерттелгенде, артынша сол фигураға қатысы бар өлшем бірліктері зерттеледі. Өлшеу және графикалық жұмыстар есептерді шығару барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Шамаларды өлшеуді оқытудың нәтижесінде оқушылар бастауыш мектепті аяқтағанда, шамалардың өлшем бірліктері кестесін, сол бірліктердің қабылданған белгілерін білуі керек және сол білімді іс жүзінде өлшеу барысында және есептерді шығарғанда қолдана алуы керек.

Наши рекомендации