Ысқа мерзімді жоспар 4 страница

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
3.1 Геометриялық фигуралар және оларды жіктеу 1.3.1.3 геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру (үшбұрыш, квадрат, тікбұрыш) Тікбұрыштың қабырғаларын өлшеу (С,М) Ұзындықты өлшеуді сызғыш пен өлшейтін лентаны пайдалану тәсілдеріне назар аудартып көрсетіңіз. Егер сызғыш/өлшейтін лента пайдаланылатын болса, онда жұмысты әрбір оқушы өлшеу тәсілі мен нәтижесін анық көре алатындай етіп шағын топтарды ұйымдастыру керек. Баламасы ретінде суреттерді барлығы көре алатындай етіп интерактивті тақтада пайдалануға болады. Оқушылар ұзындықты өлшеудің өтілген өлшем бірліктерін пайдаланып жатқанын тексеріңіз (1С бөлімі) (Д/Ж,қ) Өлшеуге арналған табуға болатын көптеген мысалдар бар екеніндігіне көз жеткізіңіз. Содан кейін оқушыларға геометриялық фигураларды сынып бөлмесінде қойып шығуды және қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді ұсыныңыз. Өлшеуді жазып отыру үшін оқушылар фигураларды қоршап алып, олардың өлшемдерін белгілей алады немесе сурет нобайын сала алады. Өлшем нәтижелерін жазып алып салыстыруды ұсыныңыз. (Д) Оқушылармен қоршаған ортадағы қандай заттар геометриялық фигуралардың пішініне ие екенін талқылаңыз. Оқушылардан сол фигуралардың кейбіреулерін өз үйінде табуды (мысалы, орама) және қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді сұраңыз. Бұл "Бізді қоршаған әлем" тақырыбының контекстіндегі өлшеудің практикалық дағдыларын дамытуға және кеңейтуге тамаша мүмкіндік болып табылады. Оқушылар өлшеу дағдыларын өлшейтін құрал-саймандар арқылы бекітеді және өлшеу нәтижелерін сандар жүйесін түсінуді дамытумен, қосу және азайту сияқты алдыңғы бөлімдерден алған тиісті дағдылармен байланыстырады.   Оқушылар өлшейтін құрал-саймандарды дұрыс пайдаланып жатқандығын тексеріңіз. Сызғыш, өлшейтін лента Көрсетілімге арналған интерактивті тақтаның бағдарламалық жасақтамасында қолданылатын сызғыш.
1.3 Шамалар мен олардың өлшем бірліктері 1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырата білу және салыстыру; оларды өлшеуге арналған әдістер мен құралдарды таңдау, өлшеу жүргізу 1.1.3.2 **см/кг/л сияқты өлшем бірліктерін пайдаланып шамаларды өлшеу 1.1.3.3 **ұзындықтың:см, дм/ массаның:кг/ көлемнің(сыйымдылықтың):л шама мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қосу және азайту амалдарын орындау 1.1.3.4 ұзындық (см, дм) бірліктерінің негізінде олардың ара қатынасын қайта түрлендіру Ұзындық өлшемінің бірліктері Дециметр (Т/Ж) Оқушылардан сынып, дәліз ұзындығы мен енін, т.с.с. өлшеп шығуды сұраңыз. Ұзындықтарды сантиметр арқылы таныс бірліктермен өлшей отырып, оқушылар оның ыңғайсыз екенін, өте үлкен сандар шығатынын айтады. Содан кейін 3-4 оқушыдан сынып ұзындығы мен енін қадамдармен өлшеп шығып, өлшеудің нәтижелерін, яғни қадамдардың жалпы санын тақтаға жазуды сұраңыз. Алдымен оқушылар сыныптың ұзындығы мен енін қадамдармен анықтап алады. Олар қадам санын сыныптың ені немесе ұзындығына қарай санап шығады. Содан кейін сыныптың ұзындығы мен енін жіппен өлшеуге болады. Оқушылар жіпті керіп жіптің басынан аяғына дейін қадамдар санын санап шығады, т.с.с. Оқушылар қашықтықты қадамдармен өлшеуді аяқтаған кезде, нәтижелерін тақтаға жазып қояды, нәтижелерге назар аударыңыз. Олар неге әртүрлі? Өйткені әркімнің қадамы әртүрлі ғой! Жаңа өлшем бірлігі керек. Содан кейін оқушыларға ағаштан жасалған метр өлшеуішті, 1 дм ұзындығы бар заттарды көрсетіңіз.     Оқушылар 1 дм ұзындықты тек бір затқа ғана жатқызбағаны жөн, мысалы ағаш сызғыш. Оқушыларға метр өлшеуіш дегеніміз белгілі бір қашықтық, ұзындық екенін түсіндіріңіз. Өлшеу - өз бетінше мақсат болмауы керек. Оларды міндетті түрде қандай да бір өмірлік жағдаймен, ойынмен байланыстыру қажет (мысалы, "Дүкен" ойынымен). Осындай дүкендегі тауарлар ретінде лента, таспа, резеңке, қиықтар бола алады. Бұл "Бізді қоршаған әлем" тақырыбының контекстіндегі өлшеудің практикалық дағдыларын дамытуға және кеңейтуге тамаша мүмкіндік болып табылады. Оқушылар өлшеу дағдыларын өлшейтін құрал-саймандар арқылы бекітеді және өлшеу нәтижелерін сандар жүйесін түсінуді дамытумен, қосу және азайту сияқты алдыңғы бөлімдерден алған тиісті дағдылармен байланыстырады. Оқушылар өлшейтін құрал-саймандарды дұрыс пайдаланып жатқандығын тексеріңіз.  
(Ж) Сыныптың ұзындығы мен енін ағаш метр өлшеуіші арқылы өлшеу бойынша практикалық жұмыс өткізіледі. Рулетка, жиналмалы метр өлшеуіш, тігіншілікке арналған "метр өлшеуішті" көрсетуге болады. Оқушыларға метр өлшеуішті өздеріне немесе дүкеннен сатып алуға болатынын айтсаңыз болады. Метр өлшеуішті ағаштан (ұзындығы 1 дм болатын ағаш сызғыш), металдан (металдық метр өлшеуіш), клеенкадан, жіп арқаннан, т.с.с. жасауға болады.    
Өлшеудің сандар жүйесімен байланысы (С,қ) Осы бөлімде зерттелетін және пайдаланылатын өлшем бірліктерін талқылаңыз. Соның ішінде, см, дм, м арасындағы байланысты көрсетіңіз. Олар санақты үйренгендегі ондықтар мен жүздіктер маңыздылығын өлшеу барысында да көруге болатынын айтыңыз. (С) Оқушылардан олар алдыңғы бөлімдерде алған қандай да бір дағдыларын өлшеу барысында пайдаланғандығы жайында сұраңыз. Осы жерде оқушылар санау пен қосуды еске түсіру керек. Бұл математикадағы барлық тақырыптар бір бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейтінін түсіндіріп, олардың бір бөлімде алған дағдылары келесі бір бөлімде пайдалы болатынына көптеген мысалдар көретінін айтыңыз. (Ж,Д) Тапсырмалары бар карталарды таратыңыз және ұзындық бірліктерінің қайта өзгеруін орындауды сұраңыз, мысалы: 2дм =…см (С,М) Ұзындықты өлшеуді сызғыш пен өлшейтін лентаны пайдалану тәсілдеріне назар аудартып көрсетіңіз. Егер сызғыш/өлшейтін лента пайдаланылатын болса, онда жұмысты әрбір оқушы өлшеу тәсілі мен нәтижесін анық көре алатындай етіп шағын топтарды ұйымдастыру керек. Баламасы ретінде суреттерді барлығы көре алатындай етіп интерактивті тақтада пайдалануға болады. Оқушылар ұзындықты өлшеудің өтілген өлшем бірліктерін пайдаланып жатқанын тексеріңіз (1С бөлімі) (Д/Ж,қ)Өлшеуге арналған табуға болатын көптеген мысалдар бар екендігіне көз жеткізіңіз. Содан кейін оқушыларға геометриялық фигураларды сынып бөлмесінде қойып шығуды және қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді ұсыныңыз. Өлшеуді жазып отыру үшін оқушылар фигураларды қоршап алып, олардың өлшемдерін белгілей алады немесе сурет нобайын сала алады. Өлшем нәтижелерін жазып алып салыстыруды ұсыныңыз. (Д) Оқушылармен қоршаған ортадағы қандай заттар геометриялық фигуралардың пішініне ие екенін талқылаңыз. Оқушылардан сол фигуралардың кейбіреулерін өз үйінде табуды (мысалы, орама) және қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді сұраңыз. Шамаларды қайта өзгертуге арналған кесте жасаңыз.   Ұзындықтың өлшем бірліктерін қайта өзгертуге, атаулы сандармен амалдар орындауға арналған тапсырмалар орындаңыз Мысалы, 36 см±2 см, 15см±4 см, 1м±1дм   Бұл "Бізді қоршаған әлем" тақырыбының контекстіндегі өлшеудің практикалық дағдыларын дамытуға және кеңейтуге тамаша мүмкіндік болып табылады. Оқушылар өлшеу дағдыларын өлшейтін құрал-саймандар арқылы бекітеді және өлшеу нәтижелерін сандар жүйесін түсінуді дамытумен, қосу және азайту сияқты алдыңғы бөлімдерден алған тиісті дағдылармен байланыстырады.   Оқушылардың өлшейтін құрал-саймандарды дұрыс пайдаланып жатқандығын тексеріңіз. Интерактивті өлшеу: http://www.bgfl.org/bgfl/custom/resources_ftp/client_ftp/ks2/maths/measures/index.htm   Сызғыш, өлшейтін лента Көрсетілімге арналған интерактивті тақтаның бағдарламалық жасақтамасында қолданылатын сызғыш.
    Масса өлшемінің бірліктері. Килограмм (С) Оқушылардан салмақтың (массаның) үйренген өлшем бірліктерін атауды сұраңыз. Оларға сынып бөлмесіндегі 1 кг салмағы бар болуы мүмкін нысандарды тізіп айтып беруді ұсыныңыз. Олар оны қалай тексеруге болатынын біледі ме екен, сұрап көріңіз? (С) Таразымен танысу. Егер таразының сандық шкаласы бар болса, онда шкала көрсеткіштері қалай түсіндірілетінін талқылаңыз. Егер бұл - электрондық таразы болса, онда олар не көрсетіп тұрғаны жайлы сөйлесіңіз, әсіресе, егер олардың көрсеткіштері ондық бөлшектермен берілген болса және оқушылар олардан әлі бейхабар болған болса. Егер бұл - салмағы гір арқылы өлшенетін табақшалы таразы болса, олар қалай пайдаланылатынын түсіндіріңіз және жалпы массаны қосу дағдылары көмегімен қалай табуға болатынын көрсетіңіз. (Д / Ж, қ) Таразының түріне қарай оқушылар өздерін қоршаған заттарды, не дәл салмағын жаза отырып не нысанның 1 кг-нан көп немесе азырақ болғанын айқындай отырып, іздеу мен өлшеуге қызығатындай етіп жағдай жасаңыз. Оқушылармен бірге келесі түрдегі тапсырмаларды орындаңыз: 12кг±4 кг, 40кг±20кг Салмақты өлшеу үшін оқушыларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік түрлерін ұсынуға болады. Өздерінің салмағын электрондық таразыда өлшеуге мүмкіндік беріңіз. Бір топ оқушылар нәтижелерін көрсетсін. "Артық", "Кем", "Тең" түсініктерін меңгеріп алыңыз.   Таразылардың алуан түрлері (электрондық, табақшалы, сандық дисплейі бар таразы)   1килограммдық гірлер 1 кг стандарттық массамен салыстыру үшін 0.5-тен 1.5-ке дейінгі массасы бар әртүрлі заттар
    Сыйымдылық өлшемінің бірліктері. Литр (С) Белгілі бір мөлшерде күріші бар мөлдір полиэтилен пакетін алыңыз. Сұраңыз: "Сіздің ойыңызша мұнда 1 литр күріш пе, немесе оданартық/кем? ". Олардан шешімдері туралы сұраңыз. Көбісі 1 литрді құрайтын мөлшердегі өздеріне таныс затпен салыстырып бірнәрсе айтады, мысалы, жеміс шырынының тетра пакеті. Оларға осы арқылы мөлшерді өлшейтіндерін түсіндіріп, содан кейін оқушыларды өлшейтін сыйымдылықпен таныстырыңыз және оны пакеттегі күріш мөлшерін білу үшін қалай пайдалануға болатынын айтыңыз. (Т) Оқушылардың жұмысын топтарға бөліп ұйымдастырыңыз. Оқушыларға мөлшері 1л, 100мл, 200мл, 500мл болатын ыдыс алуды ұсыныңыз. Оқушылар әртүрлі кішкентай ыдыстармен мөлшері 1 л болатын ыдысты сумен толтырады. Оқушылар есеп жазбасын жүргізеді: олар мөлшері 1 л болатын ыдысты толтыру үшін қажетті ыдыстардың жалпы санын санайды. (Д,қ) Оқушылардан мектепте 1 литр болатын сұйықтықты тауып атауын айтуды сұраңыз. Оны қалай тексере аламыз? Оқушылармен бірге келесі түрдегі тапсырмаларды орындаңыз: 12л±4 л, 40л±20л. Қауіпсіздік үшін пластикалық ыдыс пайдаланыңыз.     Мұғалім мөлшері 1 литр болатын (су, шырын, айран, т.с.с.) сұйықтықты дайындап қоюы қажет. Өлшеуіш ыдыс немесе өлшеуіш саптыаяқ Зерттеуге арналған әртүрлі контейнерлер Көлемді салыстыру үшін құм немесе күріш, судың болуы
Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
3А бөлімі: Сандармен амалдар орындау
Үсынылатын бастапқы білім
100-ге дейін санау дағдылары; санды сандық түзу сызықта үлгілеудің тәсілін түсіну.
Мәнмәтін
Қосу және азайту амалдарындағы алғашқы қадамдар сандар жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін маңызды негізін құрайды.
Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттар: Оқушыларға арналған тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлігісі төменде берілген:
Пән бойынша оқу мақсаттары   Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
  • Біріккен шамаларды сипаттау және өрнек түрінде қосуға жетелейтін сандар түріндегі нәтижелерді ұсыну • Топты жиыннан алып тастау нәтижесін практикалық зерттеу • Алып тастауды - азайту амалы ретінде жазу • "Саяхаттар" тақырыбы мәнмәтінді практикалық зерттеу, қосу және азайту арқылы сипаттала алатын мысалдар іріктелімі • Бағытты өзгертуді есепке ала отырып, мәндердің сандық түзу сызығында біріктіру (қосу) және алып тастау (азайту) байланысы қосу мен азайтудың өзара байланысын түсіндіру • біріктіру, қосу, қосу, жалпы жиынтығы/сомасы, қосылғыш · алу, азайту/азайғыш, азайтқыш, кеміту, айырма, өрнек • кері, кері амал · • біртаңбалы және екі таңбалы сандар • дөңгелектенген сан • бөлшектер, ондықтар, бірліктер   Талқылау:
· Біріктіргенде қанша болатынын ... және ... табыңыз • Осы топтарды біріктіргенде не болады? • Сандарды біріктіру және алып тастау жайында не айта аламыз? • Осы сандардың біреуін жалпы саннан алып тастасақ, не болады? • ... алып тастасақ, не қалады? Себебін айта аласыз ба...? • ... біз қосу және азайту өрнектерінде сол сандарды көріп тұрмыз ба? Жазылым: • Көрсетілім үшін сандық өрнектерді жазып шағыңыз ... • Кері амалдарды көрсету үшін әртүрлі сандық өрнектерді жазыңыз
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар біріктіру мен алып тастауды нақты зерттейді,оны қосу мен азайту ретінде қарастыру үшін сандық түзу сызығында бейнелейді.. Олар ауызша есептеу үшін стратегияларды әзірлей бастайды. Олар қосу мен азайту арасындағы кері байланыс туралы біледі.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.2 Сандармен амалдар орындау     1.1 Натурал сандар мен 0 саны.     5.2 Математикалық тіл 1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу 1.1.2.2 қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсіну, осы амалдардың компоненттері, нәтижелері арасындағы тәуелділікті анықтау 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 қасиетін қолдану   1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды/11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру     1.5.2.2 ** «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін пайдалану Амалдарды орындау тәртібі (Ж) Рөлдік ойындар ұйымдастырыңыз. Мысалы, тағам даярлау, қуыршақтың төсегін жинау, жолаушылардың поезге отыруын ұйымдастыру, т.с.с. Оқушыларды жұппен жұмыс істеуге және тапсырманы орындау тәртібін ойластыруға шақырыңыз. (С) Амалдарды жоспарлау үшін қажетті сөздерді қайталаңыз: алдымен біз..., сосын біз..., содан кейін ..., енді бізде ... бар, соңында біз ... істей аламыз. (Ж,қ) Оқушылар жұмысын бір серіктесі нұсқаулық беріп отырса, екіншісі айтқанын істейтін "робот" болып, жұппен орындайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Гардеробтан қалай пальто алып, оны киюге арналған қарапайым тапсырма беріңіз. Әрбір оқушыға нұсқаушы да, робот та бола алатындай мүмкіндік беріңіз. Жақшасыз және жақшалы өрнектердегі амалдарды орындау тәртібі (С)Өрнектегі амалдарды орындау тәртібін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастырыңыз, мысалы, 12+4-3, 12+(4-3), 15-4-3, 15-(4-3). Қосу және азайту туралы ойлар (С) Қосу мен азайту тәсілдерінің сандар жүйесінің жұмысын түсінуімізбен қандай байланысы бар екенін түсіндіру үшін біршама уақыт бөліңіз. Бұл бөлек зерттеу болуы мүмкін немесе қосу мен азайту дағдыларының жетілдірілуі барысында оны қалай орын алатынын көрсету болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, барлығын практикалық әрекеттер (нысандар топтарын пайдаланып, қосу және азайту тәсілдері) арқылы көрсетіңіз немесе тақтада интерактивті ресурстармен бейнелеңіз. (Ж/Т,қ)Оқушыларға қосу және азайту заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік беріңіз. Мысалы, егер сандардың біреуі бірге көбейсе, қосу немесе азайту нәтижелері қандай болады; қосу мен азайту өрнектерінен құрыла алатын кері өрнектерді зерттеңіз де, ауыстырымдылық қасиеті азайту кезінде емес, тек қосу барысында жұмыс істейді, неліктен?      
Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
3В бөлімі: Шамалар. Уақытта бағдарлану
Үсынылатын бастапқы білім
Уақытты анықтау тәжірибесі, мектептегі сабақтардың басталуы мен аяқталу уақытын білу; сандардың тізбектерін түсіну.
Мәнмәтін
Уақыт түсінігі - тарихқа негізделген ұзақ уақыт аралықтарын зерттейтін ғылымда пайдаланылады.
Пән бойынша тілдік мақсаттар оқу жоспарының осы бөліміндеОқушыларға арналған тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Пән бойынша оқу мақсаттары Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
• Секундомерді берілген уақыт ішінде орындалатын амалдардың (секіру, шапалақ, т.с.с.) жалпы санын зерттеу үшін пайдалану • Уақыт бірліктерінің мысалдарын "Саяхат" тақырыбының контекстінен табу (сағаттар, минуттар, т.с.с.) • Зерттеу санақ, салыстыру, қосу және азайту дағдылары ретінде уақыт контекстінде пайдаланыла алады • Уақыт аралықтарын зерттеу: апталар, айлар, жылдар - "Салт-дәстүр және фольклор" тақырыбының контекстінде мезгіл ретінде берілген • Оқиғалар мен тапсырмаларды хронологиялық бірізділікте сипаттау, мысалы, ертегілерді пайдалану Оқушылар 1 минут, 1 сағат, 1 күн, 1 апта сияқты белгілі бір уақыт кескіндері аралығында болуы мүмкін оқиғаларды талқылай алады     • минут, сағат, жиырма төрт сағат, күн, апта күндері, ай, жыл • алдында, кейін, бұрында, кешірек, содан кейін, бұдан әрі, ақырында • қанша уақыт/қаншалықты ұзақ, қашан, дейін • бір кездері, ертеде Талқылау:  
• Түскі асқа қанша уақыт бөлесіз? • Келесі аптаға дейін мен 10 см-ге өсемін бе? • Бүгіннен бастап бір күннен соң қанша уақыт өтеді? Себебін айта аласыз ба...? • ... біз сөйлесіп жатырмыз, "бір сағат күте тұрасыз ба" емес, "бір минут аялдай тұрасыз ба"? • ... кейбір есептерді шығаруға 1 минут уақыт кетсе, басқаларын шешу үшін 1 сағаттан көбірек уақыт кетеді ме? • ... біз адам жасын апталармен емес, жылдармен есептейміз бе? Жазылым: • Бүгін атқарған жұмыстардың барлығын тізбектеп жазып шығыңыз. • Апта күндерін дұрыс ретімен жазып шығыңыз. • Жұмысты орындау үшін нұсқаулықтар тізімін жазып шығыңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар уақыт бірліктері өздері көре алатын немесе елестете алатын өзгерістермен байланысты екенін түсінеді. Олар ұзақ уақыт аралықтарын "Салт-дәстүр және фольклор" тақырыбының мәнмәтінде зерттейді.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.3 Шамалар мен олардың өлшем бірліктері   1.1.3.5 сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтау/ уақыттың өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай     1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдардытаңдау, өлшеу жүргізу 1.1.3.2 ** өлшем бірліктерін пайдаланып шамаларды өлшеу: сағат     Уақыт өлшемінің бірліктері (С,қ) Оқушылардан өздері естіген немесе білетін уақыт бірліктері туралы сұраңыз. Олардан теледидардан көрсетілетін бағдарламалар ұзақтығы жайында; тамақты даярлауға кететін уақыт жайында, мектепке дейін кететін уақыт жайлы не естігендерін сұраңыз. (С) Бір сағат - 60 минут - кіші бірліктерге бөлінгенін талқылаңыз. Минуттың өтіп жатқанын бақылау үшін құм сағатын пайдаланыңыз. Оқушыларға көздерін жұмып бір минут уақыт өткенін анықтай алатындықтарын бақылауды ұсыныңыз. (С) Бір күннің нені білдіретінін қайталап шығыңыз. Оны Жердің Күнді айналып шыққанмен байланыстырыңыз. Күн Жердің үстінен ең жоғарғы нүктесінде орналасқан кездегі уақытты шаңқай түс деп аталатынын түсіндіріңіз. Күннін жартысынан бастап келесі күннің жартысына дейінгі уақыт 24 сағатты құрайды. (Д) Оқушылардан күні бойы әртүрлі уақытта орын алатын оқиғалар жайында ойлануды сұраңыз. Сағат циферблатының бейнесі бар қағаз парағын пайдаланыңыз және оқушыларға күннің әртүрлі уақытында істейтін нәрселердің суретін салуды және оны циферблатта белгілеуді ұсыныңыз. (С,қ) Апта күндерінің бірізділігін талқылаңыз және оқушылардың сол атауларды және дәл бірізділікті білетінің тексеріңіз. Бұл дұрыс ретімен орналасқан апта күндерінің атаулары бар карталары арқылы бекітіле алады. (С) Апта күндері әрқашан да бір тәртіппен өтетіні айдан анық болуы мүмкін. Мысалы: егер бүгін сейсенбі болса, онда келесі сейсенбіге дейін бір апта өтеді.   Белгілі бір уақыт аралығында біз не істей аламыз? (Ж/Т) Оқушылар 1 минут ішінде не істейтінін зерттейді: қанша шапалақ, секіріс, т.с.с. Есімдерін қанша рет жаза алады, жіпке қанша моншақ тізбектей алады, т.с.с. Әрбір топқа құм сағатын беріңіз немесе қоңырауды пайдаланып бүкіл сынып үшін минуттың басталғанын және аяқталғанын білдіретін белгі беріңіз. Оқушыларға бір минут ішінде не істей алатынын зерттеуді ұсыныңыз. Оқушылар бір минутты қалай бағалай алатын білімін пайдаланыңыз, мұғалім тек басталуы жайында белгі береді. Оқушылар кез келген бір әрекеттер орындай отырып, жұмысты қашан аяқтау керектігін өздері анықтайды. Мұғалім барлығы аяқтағанға дейін күтеді. Содан кейін ол кім ең дәл болғанын айтады. Уақыт өлшемінің бірліктерін салыстыру Заттардың қозғалысын жылдамдығы бойынша салыстыру (жылдамырақ, (бойынша көбірек), баяуырақ жылдамдық, (жылдамдығы бойынша төменірек) (Ж/Т) Бір сағат немесе бір апта аралығында орын алатын оқиғаларды қарастыру үшін оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Көптеген оқушылар ұзақ уақыт аралығында, мысалы, апта сияқты, қандай өзгерістер орын алатынын байқамайды. Тұқымның өніп шығуы - ұзағырақ уақыт алатын процес. (С) Ай дегеніміз не және бұл түсінік алғашқыда ай кезеңдерінің өзгеруімен қалай байланысты болғандығын талқылаңыз.   Жаңа туған ай - бірінші апта   Жарты ай - (Айдың жартысына жарық түсіп тұрған күй) – 15 күн   Толған ай - 30, 31 күн (С) Оқушыларға жыл дегеніміз айлардың толық циклі екенін айтыңыз (12 ай). Жыл сайын олардың туған күні болып, олар бір жас қосады. Бұл Жердің Күнді айналып шыққанмен байланысты. (С) Уақыт ерекшеліктері туралы көптеген тарихи әңгімелерде және фольклорда сөз қозғалады. Көптеген дәстүрлер белгілі бір айлармен немесе жыл мезгілдерімен байланысты. Оларды уақыт шектеулерін көрсету үшін пайдаланыңыз, оқушылардан уақыт маңызды рөл атқаратын өздерінің сүйікті әңгімелерін және дәстүр сипаттамаларын алып келуді сұраңыз. (С) Сағат циферблатында бөлу шкаласын көрсетіп, оның уақытты қалай бейнелейтінін көрсетіңіз. Егер бұл оқушыларға түсінікті болса, онда 12 белгісі бар бөлу уақытты белгілейтінін талқылаңыз: күндіз 12 сағат және түнде 12 сағат, мысалы, Уақыт қанша болды? Ысқа мерзімді жоспар 4 страница - student2.ru Уақытты табуға арналған есептерді шешу Ысқа мерзімді жоспар 4 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 4 страница - student2.ru  
1-12 сандары бар сандық түзу сызықты жұқа картон үстінде (поролон түтікшелерінде) жасап алыңыз және санақты тура және кері бағытта қайталап шығыңыз. Сандары (сандық түзу сызықты) бар жолақты қабыстырып, оның сағат циферблатына ұқсайтынын көрсетіңіз. Тура және кері бағыттағы санақ дәл сондай болады, бірақ енді ол сағат түрінде орындалады.     Оқушылар апта күндерінің бірізділігін естеріне сақтау үшін күн сайын апта күндерінің атауларын қайталап тұру қажет. Мысалы: - Бүгін бейсенбі, біз ... - Кеше, сәрсенбі күні біз сөз қозғаған/үйренген .... естеріңде ме"     Қызметтің басқа түрін де ұйымдастыруға болады. ай атаулары басып жазылған қағаздарды таратып шығыңыз. Оқушылар бір ай бойы орын алатын оқиғаларды/адамдардың әрекеттерін салып шағуы керек - бұл "Дәстүр" тақырыбымен байланысты болады     Жұмысты циферблатпен ұйымдастырыңыз Осыған ұқсас есептерді құрастыруға болады. Циферблат Оқу циферблаттары немесе иілгіш сандық түзу сызық/жолақ - мұғалімге арналған кеңестерді қараңыз Құм сағат - 1 минут Зерттеуге арналған уақыт аралықтарының басы мен аяғын белгілеу үшін қоңырау, ысқырық. Жазуға арналған парақтар Келесі сөздерді қамтитын карталар: минут, сағат, жиырма төрт сағат/тәулік Апта күндерінің атаулары, ай атаулары   Уақыт пен оқиғалар байланысты болатын фольклор және тарихтан алынған әңгімелер және өлең шумақтары, мысалы, "Ұйқыдағы ару" ертегісі Күнтізбелер


Наши рекомендации