Арнайы мектептегі метрлік жӘне Өлшемдер жҮйесі

Жоспар:

  1. Арнайы мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі
  2. Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер.

Бағдарлама мазмұны:

1) Аталған бөлімді оқытудың мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына тигізетін әсері, міндеттері мен маңызы.

2) Арнайы мектепте осы материалды оқытуға қойылатын талаптар.

3) Арнайы мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі.

а) Ұзындық өлшемін оқыту әдістемесі.

б) Салмақ өлшемін оқыту әдістемесі.

в) Сыйымдылық өлшемін оқыту әдістемесі.

г) Баға өлшемін оқыту әдістемесі.

-1-. Сандарды оқумен қатар көлемдік өлшемдермен танысады: баға, ұзындық, салмақ, сыйымдылық және қарапайым құралдармен өлшеп, өлшем бірліктерін түрлендіреді. Осы бейімді оқытуда қойылатын міндеттер:

- білімділік

- коррекциялық-тәрбиелік

- тәжірибелік маңызы

Білімділік: сан туралы түсінігін кеңейту. Көлемдік өлшемді білдіретін сандарды түрлендіру. Осы материалды оқығанда санның ондық жүйесін саналы түрде түсінеді және арифметикалық амалдар туралы білімдері кеңейеді.

Коррекциялық-тәрбиелік маңызы: Танымдық үрдістерін дамытуда және тәжірибелік дағды мен біліктілігін қалыптастырады. Материал ойлау операцияларын, ес, зейін, бақылаушылық, қимыл-қозғалысын, бұлшық ет және сипап сезу, көз мөлшерін, елестетулерін, сөйлеу тілін дамытады. Жасаған әрекеттің нақты және мақсатты орындалуын, бастаған істі аяқтауын, өзін-өзі басқаруын қалыптастырады.

Тәжірибелік маңызы: математикалық материалдар өмірмен тығыз байланысты: оқушылар өлшеу дағдысын және тәжірибелік біліктілікті меңгереді, өлшеуіш құралдарды, приборларды қолдануды үйренеді.

Материалды меңгеруде кездесетін қиындықтар:

Материал балаларға қиындық туғызады, ұзындық өлшем (бірліктерін шатастырады. Мысалы: 1т. 5 км. Мысалы: км.С кг немесе кв метр, мл.кг.) Ақыл ойы төмен оқушылар ұзындық өлшемдерді меңгеруде бірліктердің арақатынасын шатастырады.

Мысалы: 1 км=10 см.

Өлшем бірліктерді түрлендіргенде: 2км=20 см. 10дм=10м. Өлшеуден шыққан сандармен арифметикалық амалдар орындағанда өлшем бірліктерін ескермейді.

5см+60см=65 см

Ұзындық өлшемдерінің атауын атағанда көп қате жібереді. 125*80=10000м=1000м

Ұзындық өлшемдерін жазғанда орындарын ауыстырып жазады, тастап кетеді, өлшем бірлігін дұрыс жазбайды.

5км 52см 152м 5см

52см 5м

Ұзындық өлшемдеріне байланысты ерекшеліктер.

1. Мектепте бағдарлауының ерекшеліктері. Мысалы: өлшеуді 1 см-ден бастайды.

2. Ұсақ моторикасының дамымауы салдарынан өлшемдерді толық өлшемейді.

3. Сызылған ұзындықтың шешімін есептеудің қиындығы.

-2-. Кездесетін қиындықтарды жою үшін жалпы ұзындық өлшемдердің жүйесін келесі әдістемелік талаптарына сай жүргіземіз:

1. Жаңа өлшеммен таныстырғанда оқушылар заттық-тәжірибелік әрекет ұйымдастыру керек.

–күнделікті өмірде қолданатын іс-әрекет тәжірибесін бақылау. Болмаса қалыптастыру.

Тәжірибелік әрекет және жаттығулар өлшеудің барлық кезеңдеріне бағытталған болуы керек.

2. Мөлшерлердің біркелкі және әртүрлі өлшем бірліктермен өлшеуге болатынын түсіндіреді.

3. Жаңа өлшем түсінікті болу үшін жаңа өлшемге байланысты мақсатты ситуациялық жағдай туғызу қажет.

5. Аталған материалды математика сабағында емес, басқа сабақтарда (сурет, еңбек, дене шынықтыру, география т.с.с.) сабақтан тыс уақытта бекіту.

3. Ұзындық өлшемдерін оқыту әдістемесі.
Ұзындық өлшемдер сандармен қатар оқытылады.

2 сынып – ұзындық өлшемдерімен танысады: сантиметр, дециметр, олардың арақатынасымен: 1дм.

3 сынып – ұзындық өлшем бірлігі “метр”. Бірліктің арақатынасы: 1м=100 см, 1м=10дм.

4 сынып – ұзындық өлшем бірлігі – миллиметр, арақатынасы 1см=10 мм.

5 сынып – ұзындық өлшем бірлігі – километр, арақатынасы – 1км=7000м.

Ұзындық өлшемдерді оқытудың міндеттері:

1. Балаларға ұзындықты, енді, биіктікті ұзындық өлшеммен өлшеуге болатынын түсіндіру.

2. Ұзындық өлшемдерімен және олардың арақатынасын таныстыру.

3. Өлшем инструменттерін (сызғыш) қолдануды үйрету, нәтижесін қысқаша дұрыс жазуды үйрету. 5км. 5м. 5см.

Ұзындық өлшемі – сантиметр.

Білімділік міндеттері: ұзындық өлшемі “сантиметрмен” таныстыру. Сандарды жазудың қысқа түрімен таныстыру, см.жайлы дұрыс ұғым қалыптастыру. Өлшем ұғымын және өлшем көмегімен өлшей білуді қайталау. Тапсырманы орындау алдында жұмыс барысы әрдайым талқыланады.

Берілген ұзындыққа кесінді жасау алгоритмі:

1. Тігінен жасау.

2. Кесінді басына нүкте қою.

3. Осы нүктемен нөлдік бөлуді қосарлау және одан берілген см.есептеу.

4. Нүктелерді сызғыш бойынша түрлі-түсті қаламмен сызу, осы кесінді ұзындығын атау.

Ұзындық өлшемі – дециметр.

Білімділік міндеті:

См.ұзындық өлшемін қайталау. Балаларды дециметр ұзындық өлшемімен таныстыру.

Дециметр туралы дұрыс ұғым қалыптастыру.

Дециметр моделі көмегімен биіктікті, енін, ұзындықты өлшеуге үйрету.

Сандарды қысқаша жазумен таныстыру.

Тапсырма: Партаның енін өлшеңдер, см.өлшеу өте ұзақ жүреді, партаның енін өлшеу ыңғайсыз, оқушылар шатасады. Ұзындық, ені, биіктікті өлшеуге үлкен өлшем – дециметр бар. Міндетті түрде сөздермен сөздік жұмыс жүргізілуі керек.

5 сынып 2 тоқсан. Өлшеуден алынған сандарды түрлендірумен таныстыру. Дециметр моделін оқушылар ұсынған соң, сантиметр мен дециметр өлшемдері салыстырылады.

- Ал енді парта енін дециметр өлшемімен өлшеп көріңдер. Өлшеу нәтижелері жазылады. Оқушылар қысқа жазбаша белгіленуімен танысады.

Ұзындық өлшемі – метр. Ұзындық өлшемі метрді таныстыру. Аналогиялы түрде таныстырады.

Ұзындық өлшемі – миллиметр.

Тапсырма: Оқушыларға 2 кесінді бірінің астына бірі сызылған карточкалар беріледі. Бірінің ұзындығы 4см, екіншісі – 4 см. 5мм.

- Кесінділердің ұзындығы бірдей ме?

- Қай кесінді ұзын? (қысқа)

Біреуі 4 см, екіншісі 4 см және кішкене 1 см жетпейтін қалдығы бар.

- Қалдығын өлшеуге бола ма?

- Ұзындық өлшемінің қай өлшемімен өлшеуге болады?

Мұғалім оқушыларға миллиметрді сызғышта миллиметрлік қағазда көрсетеді.

Сөздік жұмыс жүргізіп, қысқаша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2мм, 5мм.

Оқушылар см.және мм. сәйкестігін өздері сантиметрлік сызғышта неше мм. бар екені анықтайды. Одан кейін кесінділерді см, мм, өлшеп, ретімен жазу тапсырмасы беріледі. Нәтижесін дәптерге жазады.

Ұзындық өлшемі – километр.

“км” ұғымын сыныпта таныстыра алмаймыз. Жаңа өлшеммен экскурсия барысында таныстырамыз. Мұғалім алдын-ала мектептен 1км қашықтықты белгілеп қоюы керек. Мүмкіндігінше жол түзу болғаны дұрыс.

Салмақтық өлшемдерді оқыту әдістемесі

3 сынып. I тоқсан – салмақ өлшемі – килограмм. Белгіленуі – кг.

4 сынып. I тоқсан – салмақ өлшемі – центнер. Салмақ өлшемдерінің арақатынасы. 1ц=100кг.

5 сынып. I тоқсан – салмақ өлшемі грамм, тонна. Арақатынасы: 1кг=1000г. 1т.=1000кг.

Тапсырма: Оқушылар заттың салмағын қолмен емес, шашкалық таразымен өлшеп үйренеді. Құрал-жабдықтар: шашкалық таразы, қант, тары.

Бақылау көрсеткендей арнайы мектеп оқушылары салмақтық өлшем туралы білім, бірақ оларда шынайы елестету жоқ. Осы өлшем туралы әңгіме ұйымдастыру керек.

Алғашқы тапсырма: бұлшықет арқылы сезінуге арналған оқушыларға 1 кг гирді алдымен оң қол сосын сол қолмен көтеру тапсырылады. Бұлшықеттерге сүйеніп заттың 1 кг тең екендігі анықталады. Салыстыруға 0,5 кг, 1кг, 2 кг заттармен қапталған азықтар беріледі. Оқушылар заттың салмағы мен гирдің салмағын салыстырады. Одан кейін заттарды шашкалық таразымен өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі міндетті түрде дәптерге жазылады.

Сыйымдылық өлшемі – литр.

Сыйымдылық өлшемімен танысу дайындық кезеңінде басталады. Көп, аз ұғымдарымен танысу арқылы жаңа өлшеммен 3 сынып 2 тоқсанында танысады. Ол үшін әр түрлі көлемдегі ыдыстар қажет. Мысалы: банка 1л, 2л, 3л; Сондай-ақ оқушылардың осы өлшеммен қандай сұйықтықтарды өлшейтінін сұраймыз. (сүт, шырын, сұйық май, бензин). Нақты ұғым қалыптастыру үшін әртүрлі көлемдегі ыдыс қолданылады: өлшеуіш кружкасы, шелек, банка, бөтелке.

1 кезеңде оқушыларға 1 л көлеміндегі әртүрлі бірнеше ыдыстар беріледі. Нәтижесінде оқушылар берілген ыдыстардың көлемдерінің бірдей екендігін анықтайды. Осындай тапсырмаларды әр оқушы өзі жасау керек. Нәтижесін дәптерге жазады. Сөздік жұмысын жүргізіп, қысқаша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2л, 10л, 5л.

Баға өлшемін оқыту әдістемесі.

Баға бірлігі – тиынмен 1 сыныпта ондықтарды үйрену барысында танысады.

1 кезекте 5т, 10т, 20т, 50т. танысады. 1 теңгемен 3 сыныпта 100 шамасындағы сандармен танысу кезінде танысады.

Арнайы мектеп оқушылары ұзындық, масса, салмақ, сыйымдылық, аудан, көлем өлшем бірліктерімен қарапайы құралдардың көмегімен танысады.

Аталған тақырыптармен таныстыру жұмысы оқушыны бастаған істі аяқсыз қалдырмауға, өз әрекетін жоспарлай білуге үйретеді. Өлшем бірліктерімен танысуда сан туралы ұғымды тереңірек түсінуге дағдыланады.

Өлшем бірліктерді пайдаланып практикалық әрекеттер орындау кезінде оқушылар сандардың орындарын, өлшем бірліктердің атауларын шатастыру сияқты қателіктерге жолығады.

Мұндай қателіктерді түзету үшін бастауыш сыныптарда мынадай жұмыс түрлері орындалады.

1. Бастауыш сыныптарда ұғым қалыптастыру, жоғары сыныптарда түсінік беру, өлшемдерді пайдаланып әрекеттер орындауға үйрету

2. Өлшем бірліктермен таныстыру жұмысын өмірмен байланыстыру керек.

3. Өлшем бірліктерімен жұмыс жасауда баланың сезім органдарының барлығы сезінуін қадағалау керек.

4. Өлшемдерді үйретуде оқышылардың өздері сызғышпен, квадратпен жұмыс жасау дағдыларын шыңдаулары керек. Мысалы, дәптердің, кітаптың ұзындығын, класс бөлмесінің ауданын, адамның бойын, өзінің бойын өлшеу түріндегі тапсырмаларды орындауы керек.

5. Өлшемдермен таныстыру жұмысы көзбен өлшеу, бұлшық етпен сезіну түрінде игерілуі тиіс.

Өлшемдермен таныстыру жұмысы кезінде пәнаралық байланыс сақталуы керек.

Интеллектісі бұзылған балалар үшін өлшемдермен таныстыру жұмысы ұзақ уақытты қажет етеді.

Баға өлшем бірліктерін үйрету

Баға туралы ұғым қалыптастыру жұмысы күрделі процесс. Баға өлшемдері теңгемен, тиынмен таныстыру жұмысы практикалық әрекет түрінде түсіндіріледі.

Теңгемен таныстыру жұмысының реттілігі былайша құрылады:

1. Тиынның сыртқы түрі, түсі, формасы, жазылған цифрмен таныстыру.

2. Көрсетілген тиынды басқалардың арасынан табу.

3. Аталған тиынды табу.

4. Дәптерге тиынды қоршап салу.

5. Тиынның бағасымен бірдей заттармен танысу.

6. «Дүкен» ойынын ұйымдастыру.

7. Тиынды ауыстыру және айыру.

арнайы мектептегі метрлік жӘне Өлшемдер жҮйесі - student2.ru

Сурет -4. Ұзындық өлшемдерімен таныстыру.

Ұзындық өлшемдерінің барлығымен бастауыш сыныпта танысады.

Ұзындық өлшемдерімен таныстыру жұмысының міндеттері:

1) ұзындық өлшемдері үшін қажетті сызғышпен таныстыру.

2) Сызғыштың бірліктері мен сандардың қатынасымен таныстыру.

3) Сызғышпен өлшеуге үйрету.

4) Өлшеуге арналған құралдармен таныстыру.

5) Өлшеуге арналған құралдармен ұмыс жасауға үйрету.

Заттың бегілерімен танысуда ұзын-қысқа, кең-тар, жоғары-төмен ұғымдарымен таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа өлшем бірлігі дециметрмен таныстыруда 2-сыныптағы өткен 20 көлеміндегі сандар нумерациясымен байланыстыру керек.

Миллиметр — арнайы мектеп оқушылары үшін ең қажетті өлшем бірлігі болып табылады. Сантиметр мен миллиметр арасындағы қатынастарды оқушылар өздері санап көздерін жеткізеді.

Километр —ұсақ өлшм бірліктерімен танысқаннан кейін түсіндіріледі.

Сыйымдылық өлшемдерін үйрету.

Пропедевтикалық кезеңде басталған құмды, шекерді, суды өлше жұмыстары 2- сыныпта жалғасады.

Масса өлшемдерімен таныстыру.

Масса өлшемдерімен ауыр-жеңіл түсініктері арқылы таныс 1-сыныпта басталады. 3- сыныпта кесемен салмақты өлшеу, 5- сыныпта граммен танысады.

Наши рекомендации