Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптары мен бағалау өлшемдері
«Ана тілі мен әдебиеті» (оқыту тілі), «Алгебра және анализ бастамалары» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары облыстық білім басқармаларымен әзірленеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанында құрылған жалпы білім беру мектептерінің пән мұғалімдерінің жұмыс тобымен берілген пәндер бойынша бітірушілерді қорытынды аттестаттауды бағалау өлшемдері бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген.
Ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) мемлекеттік емтихан бес тақырыптан тұратын эссе түрінде беріледі: екеуі – әдеби эссе, үшеуі еркін тақырып.
Ұсынылған тақырыптардың тек біреуін ғана таңдау қажет, ал одан кейін кем дегенде 250 сөзден тұратын эссе жазу қажет. Егер эссе 200-ден аз сөзді қамтыса (есептеуге барлық сөздер, оның ішінде қызметтік сөздер де қосылады), онда осындай жұмыс орындалмаған болып саналады және 0 ұпаймен бағаланады.
Эссенің бірінші немесе екінші тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады. Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет.
Эссенің үшінші, немесе төртінші, немесе бесінші тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына да, сондай-ақ өз өмірлік тәжірибеге де (жеке әсерлерге, жеке ойларға, білімдерге және т.б.) сүйенумен дәйектеуге болады.
Сондай-ақ, оқушылар үшін қысқаша нұсқаулар қоса тіркеледі.
Емтихан жұмысының құрылымы және мазмұны.
Жинақтың екі алғашқы тақырыбы «Әдебиет» курсының шеңберінде оқытылған көркем туындыларды талдаумен байланысты. Олар емтихан материалында екі әдеби дәуірлердің туындылары болатындай таңдалған: ХІХ ғ. және ХХ ғ. әдебиеті. Сонымен бірге көркем туындылардың әдеби түрлері және жанрлары алуан түрлі келтірілген.
Мектеп бітіруші поэзиямен байланысты эссе тақырыптарын кем дегенде екі өлеңнен мысал келтіре отырып ашуы тиіс. Кіші эпикалық нысанды туындылармен байланысты эссе тақырыптары бір-екі туындының мысалында ашылады (олардың саны бітірушінің өзінің қалауына қарай ұлғайтылуы мүмкін).
Үш соңғы тақырып еркін тақырыптар болып табылады, олар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды. Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде мектеп бітіруші көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибеге де (жеке сезімдер, тақырыпқа меншікті ойлар және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.
Отандық мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
Ұсынылған эссе тақырыптарының тек біреуін таңдау қажет, содан кейін 200-250 сөз көлемінде таңдап алған тақырыпқа эссе жазу керек. Егер эссе 200 сөзден аз болса (барлық сөздер саналады, оның ішінде қызметтік сөздер де саналады) онда мұндай жұмыс орындалмаған болып саналады және бағаланбайды.
Эссенің композизиясын мұқият ойластыру қажет.
Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.
Емтиханға қатысушылар орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді қолдануға рұқсат етіледі.
Емтихан жұмысының ұзақтығы.
Ана тілі мен әдебиетінен емтихан жұмысын орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Оқу пәндері бойынша емтихан жұмысын орындаудың ұзақтығына дайындау шараларына бөлінген уақыт енбейді (оқушыларға нұсқауберу, емтихан материалдарын тарату, емтихан жұмыстарын толтыру).
Мектеп бітірушілерге орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.
Ана тілінен емтихан нәтижелерін бағалау (жазбаша нысан).
Емтихан жұмысын бағалау үшін тапсырмалардың белгілі бір типіне сәйкес келетін бағалау өлшемдерінің кешені пайдаланылады: әдебиет тақырыбына эссе жазу, еркін тақырыпқа эссе жазу.
Эссені тексерген кезде мынадай дағдылардың қалыптасу деңгейі бағаланады:
- мәтінді ұсынылған тақырыпқа сәйкес жазу;
- эссенің тезистік-дәлелді бөлігін өзіндік пікірін келтіре отырып, ойын логикалық баяндауы;
- дәйектелген пікірді келтіре отырып, сенімді дәйектерді таңдау; қойылған мәселелерге автордың қатысын анықтау, өз ұстанымын басқа көзқараспен салыстыру;
- эссенің түріне, жанрына және тақырыбына сәйкес тілдік құралдарды таңдауды жүзеге асыру; мәтінді қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес ресімдеу.
Ана тілінен емтихан жұмыстарын бағалауға келесі талаптар ұсынылады:
- емтихан жұмысы аталған өлшемдер бойынша бастапқы ұпайларды қосу және оларды бағалаудың бесбалдық жүйесіне ауыстыру жолымен бағаланады;
- әдеби тақырыпқа жазылған эссе және еркін тақырыпқа жазылған эссе төменде келтірілген кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағаланады.
Емтихан жұмысының нәтижесін шығаратын ұпайлар төмендегі ережелерге негізделіп анықталады:
- егер екі емтихан алушының қойған ұпайлары сәйкес келсе, онда бұл ұпайлар қорытынды ұпайлар болып табылады;
- егер екі емтихан алушының қойған ұпайларында болмашы айырмашылық анықталса, онда қорытынды ұпайларсандарды дөңгелектеу ережелеріне сәйкес дөңгелектеумен екі емтихан алушының орташа арифметикалық балдары ретінде анықталады;
- егер екі емтихан алушы қойған балдарда маңызды айырмашылық анықталса, онда қосымша (үшінші) тексеру тағайындалады.
Екі емтихан алушы қойған ұпайлардағы маңызды айымарышылық 8 және одан көп ұпайлардағы айырмашылық болып табылады.
Әдеби тақырыпқа эссе өлшемдер бойынша бағаланады.
Нысан | Бағалау аспектілері | Ұпайлар | Ең жоғары бастапқы ұпай |
эссе | мазмұны | ||
сауаттылығы |
Эссе бағаланатын өлшемдердің арасында бірінші өлшем (эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі) негізгі болып табылады. Егер бірінші өлшем бойынша эссе 0 ұпайға бағаланса, онда тапсырма орындалмаған болып саналады және басқа өлшемдер бойынша бағаланбайды.
Әдеби тақырыпқа жазылған эссені мазмұнын бағалау өлшемдері
Бағалау өлшемі | ҰпайларБалдар |
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезистерін сенімді дәлелдейді | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, бірақ тезистер жеткіліксіз сенімді негіздемейді | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын үстірт ашады және/немесе өз тезистерін негіздемейді | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашпайды | |
Емтихан тапсырушының эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, және осы пікірді растау үшін кем дегенде екі дәйек келтірді | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін тек бір ғана дәйек келтіреді | |
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, бірақ дәйектер келтірген жоқ, немесе емтихан тапсырушының пікірі жұмыста көрсетілген жоқ, немесе емтихан тапсырушы өз пікірін эссе тақырыбына сәйкес келмейтін мәселе бойынша білдірді | |
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі | |
Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар және логикалық жүйеліліктің бұзылулары жоқ | |
Эссенің бөліктері бір - бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінде), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқу бар | |
Эсседе композициялық ой бақыланбайды, және/немесе баяндау жүйелілігінде өрескел қателер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктерінің арасында және бөліктерінің ішінде байланыс жоқ | |
Еркін тақырыпқа жазылған әдеби эссе үшін ұпайлардың ең жоғары саны |
Еркін тақырыпқа жазылған эссені бағалаудың өлшемдерін келтірейік
Еркін тақырыпқа жазылған эссенің мазмұнын бағалау өлшемдері
Бағалау өлшемі | Ұпай |
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі | |
Мәтін толық жазылғанымен, бірақ тақырыпқа сай негізделмеген (яғни ұсынылған тезиспен тікелей байланысты емес) | |
Мәтін толық жазылғанымен, өзіндік пікірі мәтінде негізделмеген. | |
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық берілуі. | |
Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар мен логикалық жүйелілігінің бұзылулары жоқ | |
Эссенің бөліктері бір-бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінің ), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқуы бар | |
Эсседе композициялық түпкі ой бақыланбайды, және/немесе жүйелі баяндауда өрескел қателіктер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктері және ішкі бөліктердің ішінде байланыстың болмауы | |
Еркін тақырыпқа жазылған эссе үшін қойылатын ұпайлардың өлшемдер бойынша ең жоғары саны |
Емтихан тапсырушының сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігі өлшемдер бойынша бағаланады.
Сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері
Емтихан тапсырушының сауаттылығын және сөздерінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері | Ұпай |
Орфографиялық нормаларды сақтау | |
Орфографиялық қателер жоқ, немесе бір қате ғана жіберілді | |
Екі-үш қате жіберілді | |
Төрт және одан көп қате жіберілді | |
Пунктуациялық нормаларды сақтау | |
Пунктуациялық қателер жоқ немесе екі қате ғана жіберілді | |
Үш-төрт қате жіберілді | |
Бес және одан көп қате жіберілді | |
Грамматикалық нормаларды сақтау | |
Грамматикалық қателер жоқнемесе бір қате жіберілді | |
Екі қате жіберілді | |
Үш және одан көп қате жіберілді | |
Сөйлеу нормаларын сақтау | |
Сөйлеу қателері жоқнемесе екі қате ғана жіберілді | |
Үш-төрт қате жіберілді | |
Бес және одан көп қате жіберілді | |
Жазбаша сөйлеудің нақты дәлдігі | |
Материалды баяндауда , сондай-ақ, терминдерді түсінуде және қолдануда қателер жоқ | |
Материалды баяндауда немесе терминдерді қолдануда бір қате жіберілді | |
Материалды баяндауда немесе терминдерді қолдануда екі және одан көп қателер жіберілді | |
Эссе немесе баяндама бойынша өлшемдер бойынша ұпайлардың ең жоғары саны | 10 |
Бес ұпайлық шкала бойынша емтихан жұмысын орындау үшін бастапқы балды қайта санау шкаласын келтірейік
Бес ұпайлық шкала бойынша емтихан жұмысын орындау үшін бастапқы ұпайды қайта санау шкаласы
Бағалудың бес ұпайлық жүйесі бойынша бағалау | «2» | «3» | «4» | «5» |
Бастапқы ұпай | 0–4 | 5–10 | 11–14 | 15–18 |
Ана тілінен емтихан материалдарының үлгілері ұсынылады (жазбаша нысан):
1. Бай-сұлтандардың образдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романының атауымен қандай өзара қатынаста болады?
2. Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат лирикасы.
3. Мен қазақ қыздарына қайран қалам (Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша)
4. Туыстарға көңіл бөлу маңыздылығы жөнінде толғану.
5. Өзіндік дарынға қалай қарау қажет?