Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру - student2.ru

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАМА

Әдістемелік ұсынымдама

Астана

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 хаттамасы)

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдама.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. – 47 б.

Бұл құралда орта білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау мен жоғары оқу орындарына түсуді бөлу жағдайындағы жалпы білім беретін мектептердің біріушілерін қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Әдістемелік ұсынымдар облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру жүйесі ұйымдарының басшыларына, мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру - student2.ru Ұлттық білім академиясы, 2016.

Кіріспе

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру шеңберінде отандық білімнің бәсекеге қабілеттігін дамытуда «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойына оқу» қажеттілігін түсінуге көшуге бағдарланған мектептік білім беруді түбегейлі жаңарту қажет.

Білім мазмұнын жаңарту – бұл оқыту әдістерін, бағдарламаның мазмұны мен құрылымын қайта қарау. Енгізудің нәтижесі тұлғаның дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту еліміздегі білім сапасын арттыруға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар Қазақстанныңнеғұрлым бәсекеге қабілетті әлемдегі 30 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етеді, білім мазмұнын жаңарту процесінің ұлттық аспектісін осыдан көруге болады.

Жаңа стандарт құзыреттілік тәсілге негізделген: дәстүрлі мектепте болған міндетті меңгеруді талап ететін материалдың белгілі мөлшеріне емес, күтілетін нәтижеге құрылған.

Ең бастысы, бұл білім алушының қабылдауын өзгертеді, қазіргі заманауи мектептерде, өкінішке орай, басым болып тұрған авторитарлық оқытудан ынтымақтастыққа көшуді талап етеді.Оқыту мақсаты білім алушыға да, мұғалімге де ортақ болуы тиіс.

Білім мазмұнын жаңарту аясында қорытынды аттестаттау форматы да өзгереді. Мемлекеттік бітіру емтиханы – орта білім курсын бітіргені туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Емтихандық материалдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №393 бұйрығымен бекітілген қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптардың қолданыстағы оқу бағдарламаларына негізделеді. Бітіру емтиханы мен ҰБТ тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы бұйрықтарымен (2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 251 бұйрығы)бекітілген оқулықтары материалдары бойынша іске асырылатын болады.

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы анықталғандай, қолданыстағы ҰБТ-ны жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімі мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып бөлінетін болды. Сонымен қатар тестілеуді қолдану шеңбері кеңейтілетін болады: тестілеу барасында әрі қарай оқуға қабілетін анықтау, логикалық ойлау деңгейі, ағылшын тілін білу деңгейі, базалық біліктілігі (функционалдық сауаттылық) анықталатын болады.

Сол себепті, 2016-2017 оқу жылында мектепті бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілетін болды.

Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша бітірушілердің қорытынды аттестаттауы олардың тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген оқу пәндерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім деп көрсетілген.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпыбілімдік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің Типтік ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Типтік ереже) жалпы орта білімнің жалпыбілім оқу бағдарламаларын меңгерген 11(12) сыныптың білім алушылары қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан тапсыратын болады, оның біреуі таңдау бойынша.

11(12) сыныпты бітірушілердің қорытынды аттестаттауы мынадай түрлерде өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиет (оқу тілі) бойынша эссе түрінде өткізілетін жазбаша емтихан;

2) «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі мектептерде қазақ тілі бойынша, қазақ тіліндегі мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу;

5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, әлемтарихы, әдебиеті, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).

Емтихандарды өткізу формалары:

1) эссе түрінде өткізілетін ана тілі мен әдебиеті (оқу тілі) бойынша жазбаша емтихан, оған 3 астрономиялық сағат бөлінеді.

Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 5 тақырып беріледі; эссе тақырыптары берілген конверттер емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады; эссе көлемі – 200-250 сөз.Эссе тақырыптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі анықтайды.

Эссені жазудың типтік талаптарын келтіруге болады. Эссе – кішкене көлемдегі, еркін композициялық прозаик шығарма, ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шығарма болып табылады. Эсседе кең де ауқымды мәселені талдау мүмкін болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, мысалы, ол философиялық, тарихи-биографиялық,публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми немесе беллетристикалық түрде берілуі мүмкін. Эссенің мақсаты өзіндік шығармашылық ойлау қабілетін анықтауға және сол ойды жазбаша бере білу қабілетін анықтаудан тұрады. Эссе мазмұнында автордың тұлғалық қасиеті, оның дүниетанымы, сезімі, ойларын нақты түсінікті етіп қалыптастыру, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдана білу, себеп-салдар байланысын анықтау, тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.

Эссе құрылымына мынадай талаптар қойылады:

- проблема бойынша эссе авторының ойлары қысқа тезистер ретінде беріледі;

- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәлелді дәйектер келтірілетін болады.

Дәйектер – қоғамдық өмірден, оқиғалардан, өмірдегі болған нақты жағдайдан алынған фактілер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың еңбектеріне жүгінген дәлелді фактілер және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтірудің маңызы зор, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз болады, үшдәйек қысқа жазылатын жанрларда «артық» болып көрінуі мүмкін.

Сонымен, эссені толық құрылым ретінде қарастыруға болады(тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):

- кіріспе

- тезис, дәйектер

- тезис, дәйектер

- тезис, дәйектер

- қорытынды.

Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тілінде эмоционалды, экспрессивтік, шығармашылық түрде өзін көрсете білу өте маңызды екенін оқушылардың жақсы түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе әртүрлі сленгілерді, шаблонды сөздерді, сөздерді қысқартудан, жеңіл сөздерді көп қолданудан аулақ болу қажет. Эсседе қолданылатын сөздер автордың шын ойын білдіретіндей етіп жазылуы тиіс.

Эссе жазу барысында мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:

- ұзақ кіріспе;

- детальдар санының жетіспеушілігі;

- көп жағдайларда қызықты эссе келтірілген мысалдардың аздығынан әлсіз болып көрінеді;

- көпсөзділік, себебі эссенің өзі қысқа болып табылады;

- сөйлемнің ұзын сөйлемдерден тұруы, ол автордың шынайы ойын көрсете алмайды, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болып көрінеді;

- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мазмұны төмендейді.

2) «Алгебра мен анализ бастамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан бес тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математика теориялық материалды және есеп шығару әдістерін меңгеру деңгейін анықтауға, есептерді шығара білу мүмкіндігін, функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталады. Емтиханға 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

11(12) сыныптардағы эссе екі бағамен бағаланады,«Алгебра мен анализ бастамалары»пәні бойынша жазбаша емтихан бір бағамен бағаланады.

3)Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан емтихан билеттері бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 25; әр билетте 3 сұрақ болады, оның екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдері бойынша теориялық материалдар, үшінші сұрақ – шығармашылық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаның алгоритм бойынша мінездемесін құру)

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиды).

4)орыс тілінде оқитын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу немесе қазақ тілінде оқитын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу Тестілеуге 80 минут уақыт беріледі. Тестте 40 сұрақ болады, олүш блоктан тұрады:

- лексико-грамматикалық блок – бір дұрыс жауабы көрсетілген 20 тестік тапсырмадан тұрады;

- «Тыңдалым» блогі – 2 мәтіні бар 10 тестік тапсырмадан тұрады, әр мәтін 200-250 сөзден тұрады және бірнеше дұрыс жауабы болады;

- «Оқылым» блогі, әрқайсы 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтіні бар 10 тест тапсырмаларынан тұрады.

Мектеп бітіруші ең жоғары 60 балды алуы мүмкін: Ббір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмасы үшін 20 ұпай, екі және одан да көп жауаптары бар 20 тапсырма ең көп дегенде 40 ұпай жинай алады.

Таңдау пәні бойынша тестілеу.Бітірушінің таңдауына мынадай пәндер ұсынылады: физика, химия, биология, география, геометрия, әлем тарихы, әдебиеті, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика.

«Шет тілі» және «Информатика» пәндерінен басқа, таңдау пәндері бойынша тестілеу 40 тест тапсырмасынан тұрады, олар ең көп дегенде 60 ұпаймен бағаланады, оның ішінде 20 тест тапсырмасында бір дұрыс жауап көрсетіледі және 20 тапсырмада екі және одан көп дұрыс жауаптарымен болады. Барлығына берілетін ең жоғары ұпай - 40 балл болады. Биология, География, Дүниежүзі тарихы таңдау пәндері бойынша тестілеуге 80 минут уақыт бөлінеді. Физика, Химия, Геометрия таңдау пәндері бойынша тестілеуге 3 астрономиялық сағат бөлінеді (өйткені тест тапсырмалары есептерді шығаруды және кейбір тапсырмалар сызып көрсетуді талап етеді).

Шет тілі үш блоктан тұрады: лексико-грамматикалық (20 сұрақ бір дұрыс жауабы бар), «Тыңдалым» блогі (әрқайсысы 200-250 сөздерден тұратын екі мәтіні бар 10 сұрақ), «Оқылым» блогі (әрқайсысы 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтіні бар 10 тест тапсырмасы). Шет тілі бойынша тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.

«Информатика» пәні бойынша тапсырмалар тестілеу сұрақтарынан және практикалық тапсырмалардан тұрады. Бұл пән мынадай принциппен тапсырылатын болады:

1. бір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмаларынан тұрады;

2. 10 практикалық тапсырмалар.

Информатика бойынша тапсырмаларды орындауға 80 минут уақыт бөлінеді.

Тестілеу оқу пәндері шеңберінде жүргізілетін болады. Тестілеу тапсырмаларын «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекеме (бұдан әрі – ҰТО) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасаған. Тестілік тапсырмаларды ҰТО құрастырады және ҰТО тапсырмалардың базасын жасайды, тестілеуді өткізуге және бағалауға жауапты болады, білім беру органдарына тестілеу материалдарын жеткізеді.

Емтиханға қойылған бағамен білім алушы келіспеген жағжайда, емтихан нәтижесін хабарлаған күннен кейін келесі күні сағат 13-00 ге дейін қорытынды емтихан алушы комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) хабарласуына болады. Ол Комиссиялар аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстық білім басқармаларында құрылады.

Типтік ережеде көрсетілгендей мынадай жағдайларда білім алушылар қорытынды аттестаттаудан босатылады: денсаулығына байланысты; І-II топтағы мүгедектер, жастайынан мүгедектер, мүгедек-балалар; жаздық-жаттығу жиындарында болған қатысушылар, Халықаралық олимпиадаларға (жарысқа) қатысатын Қазақстан Республикасы құрама командасына кандидаттар.

Сонымен қатар 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

Оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 11 (12) сынып үшін қорытынды емтиханнан өтуі қажет. Шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, білім беру ұйымдарында алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып және қорытынды аттесттаудан өткеннен кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Оқушылардың халықаралық алмасу бағдарламасының финалистері оқушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған жалпы білім беретін мектебіндегі контингенттің есебінде толық оқу курсын оқыған кезеңде болады.

Республикалық комиссия жазбаша жұмыстарды тексеруді және емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілдері мен әдебиеті, алгебра және анализ бастамалары пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растауды, сондай-ақ «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлердің құжаттарын осы Ереженің және«Алтын белгі» туралы ереженің талаптарына сәйкестігін тексерген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары ұсынған актілерді қарауды жүзеге асырады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалақ білім бөлімдері немесе облыстық білім басқармалары шешеді.

Арнаулы түзеу мекемелері үшін емтихандық материалдарды білім басқармалары жасайды.

Қорытынды аттестаттаудан өтетін даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептің ұсынымдамасына сәйкес білім алушыларды қорытынды атесттатау жөніндегі Комиссияның шешіміне сәйкес емтихан тапсыру үшін қосымша уақыт ұсынылады.

«Алтын белгі» алуға талапкерлер өз мектептерінде қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырады және оларға ҰБТ арқылы растаудың қажеті болмайды. Үлгілі тәртіп көрсеткен, 5 пен 11 (12) сынып аралығындағы оқу барысында барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5», жалпы орта білімді бітіруде қорытынды бағалары «5»11 (12) сынып түлектеріне №39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат «Алтын белгі» және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

2017 жылғы 30 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттау мерзімі белгіленетін болады.

Қорытында аттестаттаудың барлық материалдарын Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына, одан әрі білім басқармаларын мектептерге жеткізетін болады.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау, сонымен қатар тестілеудің жауап парақтарын мектептерде пән бойынша Комиссия тексеретін болады. Ол үшін оларға дұрыс жауаптардық коды берілетін болады. Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары және т.б.) мектептерде үш оқу жылы бойы сақталатын болады.

Наши рекомендации