I Жақшаның ішінде берілгендердің дұрысын таңдап қалдырыңыз.

... айтуынша, (А.Ысқақовтың, С.Исаевтың) бұл топтан сөз, сөздік, сөйле, сөйлем деген төрт сөзді бөліп көрсетуге болады, ал қалғандары осы төрт сөздің бірінің түрлі формалары. Сөз, сөздер, сөзді дегендер бір ғана сөз –сөз; сөздік, сөздіктер, сөздікпен, сөздікте дегендер бір ғана сөз – сөздік; сөйле, сөйледі, сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті дегендер бір ғана сөз - сөйле; сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді дегендер бір ғана сөз - сөйлем, өйткені осы топтың әрқайсысы бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді: сөз болса, ауыздан шығатын, білгілі ұғымды білдіретін дыбыстар жиынтығы, ол мағына сөз десек те, сөздер десек те, сөзді десек те өзгермейді. ... (А.Ысқақов, С.Исаев) жоғарыда берілген сөз формасы сипатына сүйене отырып, сөзге мынадай анықтама береді: ... (сөз, сөз формалары) дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып шығады.

Сөз формаларының қазақ тілінде ... (екі, үш) түрі бар: 1) сөзге форма тудыратын қосымшалар жалғану арқылы жасалатын синтетикалық формалар немесе сөздің синтетикалық формалары, 2) негізгі сөзге ... (қосымшаның, көмекші сөздің) тіркесуі арқылы жасалатын ... (синтетикалық, аналитикалық формалар) немесе сөздің аналитикалық формалары.

Түбір деп, әрі қарай ... (бөлшектенбейтін, бөлшектенетін), морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін(я атау үшін қолданылатын)белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.

Туынды сөз деп, әдетте, морфемаларға ... (бөлшектенбейтін, бөлшектенетін) ... ( түбір, туынды) негіздерді айтамыз. Туынды сөздің құрамында негізгі түбір морфемасы және қосымша морфемалар болуы шарт. Мысалы: елші, елшілік, құрама, құранды, жалғамалы т.б.

Туынды сөздер деп ... (жалғаулар, жұрнақтар) арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Осы себептен туынды сөздер грамматикаларда кейде (туынды түбір, туынды сөз ) деп те аталады.

Туынды сөз, күрделі сөз) деп кемінде екі я онан көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді(я сөз тіркесін)айтамыз.

II Түсірілген сөздерді орнына қойып, ғылыми мәтінді қалпына келтіріңіз.

Осы сияқты басқа сөз таптарының жұрнағы да өзі телулі сөз табына қызмет етеді, оның атауларын жасап, ... толықтырады. Сонымен бірге жұрнақтардың бірнеше сөз табына ... болып келуі де кездеседі. Бұл көбінде жұрнақтардың ... ... дамуымен байланысты болады. Жұрнақтардың мағынасы ... , бір мағынаның үстіне екінші мағынаны қосып алуы тілде өте жиі кездеседі. Осы жұрнақ мағынасының дамуы, кеңуі нәтижесінде ... ... ... жұрнағы екінші ... ... мағынасын қосып алады да, бұрынғы мағынасын сақтай отырып, екі сөз табында да қызмет атқарады. Сөйтіп, Бұл жұрнақтардың бірнеше сөз табына ортақтық қасиетін қалыптастыратын жолдың бірі болып саналады.

Жұрнақтардың мағынасының кеңуі тілде ... жұрнақтардың көбеюіне әсер етеді: буын, түйін, келін, қорған деген туынды түбірлердегі зат есім жасайтын – ын, - ін, - н жұрнағы мен жуын, киін, таран деген өздік етістің –ын, ін, -н жұрнағы тұлғасы жағынан бірдей. Бұлардың сөзге қосатын мағынасы да түрлі, сондықтан олар ... жұрнақтарға жатады.

Сонымен бірге сөзжасамдық жұрнақтарда ... қасиет те бар: жұмысшы – жұмыскер, қызметкер – қызметші, ақта-ағарт, дәнде – дәнік, сазар – саздан, қарайт-қарала,өнерпаз - өнершіл, білімпаз –білімді, білгір-білгіш т.б.

Кейде тілдегі ... жұрнақтардың мағына жақындығына қарамастан, олардың бірінің ... екіншісі қолданыла бермейтіні белгілі: орақ, елек, қайрақ, күрек сөздері – ақ, - к,-к жұрнақтары арқылы жасалған құрал атаулары. Ал дәл осындай мына құралдардың атаулары өшіргіш,сүзгіш, қырғыш-ғыш, - гіш жұрнақтары арқылы жасалған. Туынды түбірдің қай үлгі арқылы жасалуы тілдің ішкі заңдылығы арқылы шешілгені байқалады. Жұрнақтардың тілде атқаратын қызметі ... емес. Олар өте ... болып, сөз талғамай белгілі топтағы сөздерге жалғана береді. Мысалы: малшы, егінші, жазушы, колхозшы, үгітші, әнші, етікші, суретші, қосапшы, биші т.б. ал бірсыпыра жұрнақтар сөз талғап, белгілі сөздердің құрамында ғана кездеседі, сөз жасау жағынан ... болып келеді.

Бұдан шығатын қорытынды- жұрнақтардың ... ... бірдей емес.

III Жалғасын тап!

ЖҰРНАҚТАР

1. Сөз тудыру өнімділігіне қарай: ..........................................

2. Формасы бірдей, мағыналары басқа: .................................

3. Формасы басқа, мағынасы бірдей: .......................

4. Бір бірнеше мағыналы: - .........................

5. Құрамындағы морфем-ң дара күрделігіне қарай: ....................................

6. Сөз тудыру қабілеттілігі бар, жоқ:.........................

7. Ерте, кеш қалыптасуына қарай: .................................

8. Басқа тілден енгендігіне қарай: ..............................................

IV Қазақ тіл біліміндегі нөлдік форма ұғымына қатысты ғалымдар ұсынған терминдердік атаулар мен анықтамасын жазыңыз.

I Жақшаның ішінде берілгендердің дұрысын таңдап қалдырыңыз. - student2.ru

2.сөздік құрамын

ортақ

мағыналық жағынан

кеңіп

бір сөз табының

сөз табының

омоним

омоним

синонимдік

синоним

орнына

бірдей

өнімді

өнімсіз

сөзжасамдық қабілеті

3. тапсырма

1. Сөз тудыру өнімділігіне қарай: құнарлы құнарсыз.

2. Формасы бірдей, мағыналары басқа: синоним

3. Формасы басқа, мағынасы бірдей: омоним

4. Бір бірнеше мағыналы: - дара, көп

5. Құрамындағы морфем-ң дара күрделігіне қарай: жалаң құрамды.

6. Сөз тудыру қабілеттілігі бар, жоқ: тірі, өлі.

7. Ерте, кеш қалыптасуына қарай: көне, жаңа жұрнақ.

8. Басқа тілден енгендігіне қарай; төл, кірме.

Мәнжазба,

1. Туынды сөздің мағыналық құрылымы.

2. Туынды сөздің уәждемесі.

3. Сөзжасамдық ұяның ерекшелігі.

4. Сөзжасамдық мағына.

5. Конверсия мен синкретизм.

6. Заттық мағыналы туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасы.

7. Тұрақты тіркестер туынды сөз.

8. Сөз тудырушы жұрнақтардың мағынасы.

9. Туынды сөз парадигмасы.

10. Туынды сөздердің синтагматикасы.

11. Сөзжасамдық тізбек.

12. Сөзжасамдық ұяның семантикалық құрылымы.

13. Семантикалық сөзжасам тәсілі.

14. Сөзжасамдық жұп.

15. Транспозиция құбылысы.

16. Есімдену.

17. Етістіктену.

18. Заттану.

19. Аналитикалық сөзжасамдық тәсілдің түрлері.

20. Фонетикалық сөзжасамдық тәсілдің ерекшелігі.

Презентация

1. Туынды сөздің мағыналық құрамы

2.Сөзжасамдық ұяның мағыналық ерекшеліктері

3.Сөзжасамдық мағына

4.Конверсия мен синкретизм

5.Тұрақты тіркестер – туынды сөз

6.Сөз тудырушы жұрнақтардың мағынасы

7.Туынды сөздің парадигмасы

8. Туынды сөздердің синтагматикасы

Емтихан бағдарламасы

р\с Сұрақтар мәтіні
1.   «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің негізгі зерттеу нысаны. Өзге пәндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің мақсаты мен міндеті.
2.   Туынды сөз. Туынды сөз терминінің тар және кең мағынасы. Туынды сөздің мағыналық құрылымы. Себепші негіз бен туынды сөз. Біріншілік мағына мен екіншілік мағына. Олардың мағыналық құрылымындағы негізгі ерекшеліктер мен айырмашылықтар. Туынды сөз мағынасының семалық жіктелісі. Лексикалық деривациядағы арнайы мағынаның көрінісі.
3.   Сөзжасамдық ұяның негізгі белгілері, мағынасы, ерекшелігі. Зерттелуі. Сөзжасамдық ұяның құрамындағы сөзжасамдық бірліктердің түрлері. Сөзжасамдық ұяның түбірі мен одан туындайтын туынды сөздердің мағыналық құрылымы.
4.   Сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты мен жұп, тарам. Сөзжасамдық қалып пен сөзжасамдық тип.
5.   Сөзжасамдық мағына. Сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматикалық мағыналардан айырмасы. Сөзжасамдық мағынаның ерекшелігі. Сөзжасамдық мағына туғызудағы сөзжасамдық тұлғалардың ролі мен маңызы.
6.   Деривациялық мағына. Лексикалық дервивацияның ерекшелігі. Синтаксистік деривация жасаудағы контексті маңызы. Сөзжасам және атау теориясы (номинация).
7.   Сөзжасам және ономасиология. Сөзжасам және атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субьективтілігі туралы. Әлемдік тіл біліміндегі атау теориясы туралы негізгі көзқарастарға шолу.
8.   Жаңа атау жасаудың негізгі заңдылықтары. Атаудағы таным бейнесі. Атаудың табиғаты туралы түсінік. Атау теориясы туралы. Атау және сөзжасамдық қатынас
9.   Сөзжасам және уәждеме. Уәждеме теориясы туралы. Жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайы. Атаудың қалыптасуындағы уәждеменің ролі мен маңызы. Төл негізді сөздердің уәждемесі мен кірме сөздердегі уәждеме түсінігі. Уәждеменің халық танымдағы орны. Уәждемені когнитивтік аспектіден саралау. Негізділік туралы.
10.   Уәждеме және этимология. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық. Туынды сөздің мағыналық құрамы. Туынды сөздің жасалуындағы сөзжасамдық тұлғалардың ролі, негіздеу деңгейі. Негізделетін сөз бен негізделуші сөз. Негізделген сөз мағынасының қалыптасу жолдары мен арнайы семасы туралы. Сөзжасам процесінің негізгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілік мағына. Екіншілік мағына. Екіншілік мағынаның негізгі белгілері. Семалық мәні. Синтаксистік және лексикалық деривациядағы уәждеменің деңгейі. Туынды сөздің семантикалық бағытта негізделуі туралы. Сөзжасамдық мағынаның жасалуындағы, қалыптасуындағы сөйлеу мен мәтіннің ролі мен маңызы.
11.   Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшеліктері. Сөзжасам тәсілдерінің зерттелу деңгейі. Түркітанудағы синетикалық сөзжасамның, тарихи дамуының зерттелуі. Сөзжасамдық тәсілдер бөлінісіндегі әртүрлі көзқарастарға шолу. Қазақ тіл біліміндегі сөзжасамдық тәсілдер. Олардың бөлінуі туралы әртүрлі ғылыми ойлар мен тұжырымдар.
12.   Фонетикалық сөзжасам тәсілі туралы ғылыми көзқарастар. Фонетикалық сөзжасам тәсілінің пайда болу жолдары. Дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі туралы ғылыми тұжырымдар мен олардың сөзжасамдық қызметі. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары. Фонетикалық сөзжасам негізінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық құрылымы. Ортақ мағына арқылы қалыптасқан ерекше мағыналар (семалар).
13.   Синтетикалық сөзжасам тәсілінің зерттелуі. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына талдау жасау. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары, мағыналық, тұлғалық, қызметтік ерекшелігі. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды уәждемелік, номинациялық аспектіден талдау. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары, мағыналық, тұлғалық, қызметтік ерекшелігі. Сан есімнің сөзжасамдық жұрнақтары, мағыналық, тұлғалық, қызметтік ерекшелігі. Есімдіктің синтетикалық сөзжасамы, сөзжасамдық жұрнақтары, мағыналық, тұлғалық, қызметтік ерекшелігі. Түбір мен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына жасаудағы ролі. Уәждеменің қалыптасу жүйесі. Үстеудің, еліктеу сөздердің синтетикалық сөзжасамы туралы.
14.   Семантикалық сөзжасам. Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Синтаксистік және лексикалық деривация. Конверсия құбылысы туралы. Конверсия – сөз мағынасының дамуы. Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі. Семантикалық сөзжасам негізінде пайда болған мағыналарды айқындаудағы мәтіннің ролі.
15.   Аналитикалық сөзжасамның зерттелуі, қалыптары, ол туралы ғылыми көзқарастарға шолу. Есім сөздердің аналитикалық сөзжасамы. Есім сөздер негізінде жасалған біріккен сөздер мен қос сөздер. Есім негізді күрделі сөздер. Олардың зерттелуі, орфограммасы туралы көзқарастар. Күрделі сөздердің атау теориясы арқылы зерделенуі. Зат есім, сын есім, сан есімнің аналитикалық тәсіл негізінде туынды сөз жасау мүмкіндіктері. Туынды сөз құрамындағы сөздердің мағыналық құрылымы мен жаңа атау мағынасы арасындағы мағыналық сабақтастық. Мағыналық валенттілік туралы. Етістік негізді сөздердің аналитикалық сөзжасамы. Күрделі етістіктер – сөзжасамдық аспектіде, зерттелуі, ғылыми пікірлерге шолу. Күрделі етістіктің сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөзжасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы. Етіс тұлғалы туынды етістіктер. Олардың семантикалық сыры мен сипаты, ғылыми көзқарастар.

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды

· сөндірілуі тиіс.

Наши рекомендации