Дәлелдеу әдістері

Индукция - фактілерге негізделген қорытынды. Тұжырымдау барысында біз жекеден жалпыға, жобалап- шамалаудан бекітуге қарай қозғаламыз. Индукцияның жалпы ережесі бойынша: неғұрлым фактілер көп болса, соғұрлым ол дәлелді.

Дедукция- жалпыдан жекеге бағытталған үрдіс. Онда қорытынды екі алғы шарттан тұруы мүмкін, оның біреуі көбірек жалпылық қасиетке ие. Мысалы, өз алдына нақты мақсат қойған адамдар түбі бір үлкен нәтижеге жетеді. Сондай адамдардың бірі –А. Линкольн.

Аналогия- салыстыру арқылы жететін тұжырымдау тәсілі. Аналогия бойынша А және Б заттары бірнеше бағыттары бойынша ұқсас болса, онда олардың қасиеттері де ұқсас болуы тиіс.

Себеп – салдарлы аргументтеу- қандай да бір құбылысты түсіндіру арқылы аргумент жасау.

Фактіде берілген заттарға және басқа көздерге қойылатын талаптар

Эссе жазу барысында эмперикалық берілгендер мен басқа көздерді қалай пайдалану маңызды орын алады. Қолданылатын материалдардың аргументтері мен тұжырымдауы нақты уақыты мен орнына қарай сәйкестігі анықталады. Бәс туғызатын сұрақтар күмән туғызатындығын ұмытпаған жөн. Автордан анық немесе түпкі жауап күтілмейді. Келтірілген материалдың маңызын түсіну қажет. Автор өзі оқымаған жұмыстарға сүйенуге болмайды.

Аналогия-алғашқы түсінікті тауып алу және құрастыру. Элемент маңыздылығының байланысын анқытау.

Ассоциация-заттар мен құбылыстардың өзара байланысын шын мәнінде жүйкелік-психикалық құбылыстарға сай бер. “Адам басына бірінші келеген ойды беру.”

Алғашқы бекіту- ешқандай дәлелдемелерге негізделмеген бекіту.

Ой толғау- пікірлер айту және құрастыру.

Аргументтеу- автордың көзқарасын, позициясының дұрыстығын дәлелдейтін өзара байланысқан ой толғаулар қатары.

Толғау- мына нәрсе қаншалықты шындыққа жақын?- деген сұраққа жауап беретін фраза.

Тұжырым жасау- қорытынды ойдың абсолютті түрде дұрыстығын немесе қандай да бір мөлшерде дұрыстығын дәлелдеу.

Эссе тақырыбы оны қайдан іздеу керектігін өзі айтады десе де болады. Әдетте, интернет, кітапхана, сөздіктер, анықтамалық тар қолданады. Мәтін сапасы төрт негізгі компоненттен тұрады: ойдың ашықтығы, түсініктілігі, сауаттылығы, сәйкестігі. Өзіңіз айтқыңыз келетін идеяны анық және нақты жеткізуіңіз керек. Ой- жазылғанның мазмұны.

Түсініктілігі- мәтіннің түсінуге ыңғайлылығы. Оған жету үшін тақырыпты ашатын логикалық баланысы бар сабақтасып келген сөздерді, фразаларды, өзара байланысқан абзацтарды қолдану керек.

Сауаттылығы- грамматика мен көркем жазу нормаларын сақтау.

Корректность-сәйкестігі ол жазылған нәрсе стилі. Ол жанрмен, жұмыстың құрылымымен, автордың тыңдаушылар не оқушылар алдына қойған мақсатымен анықталады.

Эссені бағалау

Критерийлері Қойылатын талап Жоғар ғы ұпай саны
Тақырыпты түсінуі — мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы ; —қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы; —жұмысты өз бетінше орындауы. 2 ұпай
Мәселені бағалай білуі — сауатты талдай білуі; — салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы; — қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы; — қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі; — мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы; — мәлелені өзі бағалай білуі; 4 ұпай
Ой- толғау жасай білуі — мазмұнының анық және ашық болуы; — дәлелдеу логикасын құрастыра білуі; — ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі; — әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі. — мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі. 3 ұпай
Жұмысты орындауы — жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай; — лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы; — орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы; — талап формасына сәйкес болуы 1 ұпай

Қолданылған әдебиет:

1.Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. Гл.15 «Понятие статики и динамики у Н.Кондратьева и Й.Шумпетера»

2. Шумпетер Й. Теория экономического развития. Гл.2, Кондратьев Н.Д. Основные проблемы экономической статики и динамики. Гл.9.
3. Методические рекомендации по написанию эссе. Государственный Университет Высшая Школа
4.Экономики Санкт—Петербургский филиал. — СПб., 2005.

5. http://www.library.novouralsk.ru/recommends—esse.html

Наши рекомендации