Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: Қарапайым арифметикалық өрнектерді программалау.
Мақсаты: Арифметикалық командаларды пайдаланып арифметикалық өрнектерді есептейтін программалар құруға дағдыландыру.
ТҚЖ: Компьютер
ПЖ: TurboPascal, TurboAssembler, MacroAssembler т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Таңбалы және таңбасыз сандарды бөлу командаларының жазылу форматтары.
2 Сөзді байтқа бөлу нәтижесі.
3 Еселі сөзді сөзге бөлу нәтижесі.
4 Санның өлшемін қалай өзгертуге болады?
5 Санның өлшемін өзгерту не үшін қажет?
Тапсырма.Мына өрнекті есептейтін программа құру керек. Өрнектерді алдымен бір бөлшекке келтіріп алып, алымын бөліміне бөлгендегі бүтіні мен қалдығын табу керек.
Тапсырмалардың жеке варианттары:
Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: Тармақты алгоритмдерді программалау.
Мақсаты:Шартты және шартсыз өтукомандаларының құрылымдарымен таныстыру және қолдануға машықтандыру.
ТҚЖ:Компьютер
ПЖ:TurboPascal, TurboAssembler, MacroAssembler т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Өту командасының түрлерін атаңыз?
2. Шартсыз өту дегеніміз не?
3. Шартсыз өту командасының жазылу түрін көрсетіңіз?
4. Шартты өту командасының құрылымы.
5. Салыстыру командаларының түрлері мен құрылыдары.
Тапсырма.Егер берілген ұйғарым ақиқат болса, онда 1 мәнін, кері жағдайда 0 мәнін шығаратын программа құру керек.
Тапсырманың жеке варианттары:
1. берілген төрт орынды санның алғашқы екі цифрларының қосындысы соңғы екі цифрларының қосындысына тең;
2. берілген үш орынды N санының цифрларының қосындысы жұп сан болады;
3. (х,у) координаттарымен берілген нүкте х=m, x=n (m<n) түзулердің арасында жатқан жазықтықтың бөлігінде жатады;
4. берілген үш орынды санның квадраты осы санның цифрларының қосындысының кубына тең;
5. N бүтін саны екі орынды жұп сан болады;
6. a,b,c қабырғалы үшбұрыш тең қабырғалы;
7. a,b,c қабырғалы үшбұрыш теңбүйірлі;
8. a,b,c сандарының арасында ең болмағанда өзара қарама- қарсы екі сан бар;
9. c және b сандары бір тікбұрышты үшбұрыштың, ал с және d келесі үшбұрыштың катеттерінің ұзындығын өрнектейді. Осы үшбұрыштар ұқсас болады;
10. Берілген a,b,c натурал сандары Пифагор сандары болады: c2=a2 +b2;
11. берілген N төрт орынды санының барлық цифрлары әртүрлі;
12. берілген х, у сандары бірінші координат ширегінде жататын нүкте координаталары болады;
13. (х1, у1) және (х2, у2) - тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы және оң төменгі төбелерінің координаталары; А(х, у) нүктесі осы тіктөртбұрыштың ішінде немесе оның қабырғаларының бірінде орналасқан;
14. с саны a және b сандарының арифметикалық ортасы болады;
15. төрт орынды N санының цифрлары қатаң түрде өспелі тізбек құрайды;
16. берілген үш орынды N санының цифрлары арифметикалық прогрессяның мүшелері болып табылады;
17. берілген үш орынды N санының цифрлары геометриялық прогрессияның мүшелері болып табылады;
18. берілген c және d сандары сәйкес а санының квадраты және кубы болады;