Функциональды(поведенческая) жаттығу
n Мақсаты: психогенді дамитын психопатологиялық бұзылыстарды біртіндеп алыстату. Мысалы: агорафобия(ашық кеңістіктен қорқу) науқасқа бөлімшеден шығу, келесі күні серуендеу ауласының ортасына, келесі күні- қақпаға дейін шығуға тапсырма береді. Дәрігердің жетекшілігімен науқас өзін жарақаттаушы жағдайларға бейімделуге үйренеді (ережелердің бірі:егер жағдайды өзгерту мүмкін болмаса, өзіңнің оған деген көзқарасыңды өзгерт). Елестету жағдайында қорқыныш тудырмайтын стимул шынайы әрекет кезінде де қорқыныш шақырмайды.
n Сергектік жағдайында сендіру науқастық логикалық және эмоцианальды сферасына әсер ететін психотерапевтикалық әдіс. Әдіс тиімді болған сайын науқаста сенімділік пен тәуелділік арта түседі. Терапевттің мимикасы және қимылдары маңызды орын алады. Бұл әдіс балаларға тиімді болып табылады, ересектерде истериялық, фобиялық және неврастеникалық симптоматикаларда қолданады.
n Гипноз жағдайында сендіру.
n Гипноз (грек тілінен hypnos-ұйқы) – сананың тарылуының уақытша жағдайы, индивидуальды бақылау мен озін тану қызметтерінің өзгерістерімен байланысты.
n Науқасты гипнотикалық жағдайға түсіру-зерттелген техникалық әдіс, сендірудің емдік әсерін жоғарылатады және қажетті терапевтикалық әсер алуға жеткізеді. Гипнотикалық жағдайға түсіру техникасы белгіленген дағдыларды талап етеді: тыныштық, жайлылық, айтылатын сөздер біркелкі және баяу дауыспен шығып, эмоциональды императивті сеніммен болу керек.
n Ұйқы шақыратын қосымша әр түрлі әдістер қолдануға болады: фиксация взора, монотонды дауысты әндер қосу. Гипнотерапияның емдік әдістері әртүрлі және арнайы тапсырмаға байланысты таңдалып алынады.
n Аутогенді жаттығу
n Науқасты озін-өзі седіруге жаттықтыру- сенімділікті жоғарылата отырып, бұлшық ет релаксациясын шақыру және өзін тыныштандыру.
n Бұл аутотренинг мазасыздықпен эмоциональды күштемені азайтуға немесе жоюға жақсы көмектеседі. Қорқынышты жою көптеген невротикалық және басқа аурулардың өту ағымын жеңілдетеді. Бұл әдісті соматикалық аурухана жағдайында бір палатада 3-4 адаммен жүргізуге болады. Бұл әдіс науқастың психотерапевтке тәуелділігінен қашуға және өз ауруымен белсенді күресуге көмектеседі.
n Отбасылық психотерапия.
n Бұл әдістің жақсы жағы отбасы жағдайында өтуі. Отбасының барлық мүшелері бір-бірімен байланысты екенін ескеру қажет. Отбасы құрылымын біріккен, толық түрде қарастыру керек. Отбасылық терапияны көп жанжал болатын отбасылар қажет етеді. Отбасылық терапияға қатысуға қарсылық білдіретін жағдайлар: 1) балаларының мәселелеріне кіналайды деген атан-аналардың қорқынышы; 2) отбасынынң барлық мүшелері науқас болады деген қорқыныш; 3) жұбайлардың бірі қарсы болады деген және мәселелерді ашық талдау отбасының басқа мүшелеріне (кішілеріне) кері әсер тигізеді деген қорқыныш.
n Билеу терапиясы
n Адамда психикалық өзгерістер спонтанды билеу кезіндеде пайда болуы мүмкін. Психотерапевт сеанс кезінде қолданатын музыка мен бидің стилін анықтайды.
n Жалпы терапевтикалық тәжірибе кезіндегі психотерапия.
n Ішкі аурулардың көптеген клиникалық симптомдары психотерапевтикалық әсерлесулерге тапшы болады. Бірінші кезекте бұл психосоматикалық ауруларға қатысты болып саналады. Бақылау нәтижесі көрсеткендей, бұл науқастардың жеке тұлғалық ерекшеліктері ажыратылады: мазасыздық, көңіл-күйдің өзгергіштігі, лидер болуға талпыну(жүрек-қантамыр жүйесінде ақаулары бар науқастар),тітіркенгіштік, көңіл-күйінің төмендеуі, тұйықтық және сензитивті (асқазан-ішек жолдарының аурулар бар науқастар),өкпе аурулар кезінде истериялық мінез-құлық болуы.
n Психотерапияның ұзақ курсы невротикалық бұзылыс деңгейін (ұйқысыздық, мазасыздық, қорқыныш) төмендетеді және соматикалық жағдайды тұрақтандырады. Гипнотерапия мен аутотренинг әсері белгілі бір мөлшерде транквилизаторлар мен бета-блокаторлардың әсеріне ұқсас.
n Психотерапияның берілген әдістері негізгі әдістер болып табылады, олардың 500ге жуық түрлері бар. Әр адам жеке тұлға, сол сияқты психотерапевтте адамның психикалық жағдайына жақсы әсер беретін әдістерді таңдайды, сондықтан адмға әсер беретін әдістер көп болып келеді.