Байланыстар және олардың негізгі түрлері

Байланыс дегеніміз – екі немесе бірнеше қатынастардың ассоцациясы. Қатынастар арасында байланыстары жоқ МҚ өте қарапайым құрылымды болады және толық мәнде реляциялық деп аталынбайды. Реляциялық МҚ- ұйымдастыруға қатысатын негізгі талаптардың бірі – бір кортежді басқалардың мәні бойынша іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, ол үшін олардың арасында байланысты орнату керек. Ал нақты ақпараттық жүйелерде көбінесе мыңдаған кортеждер болатындықтан, теория жүзінде олардың арасында миллионнан аса байланыс орнатылуы мүмкін. Байланыстардың осыншама көптігі МҚ- ң реляциялық моделінің күрделілігін анықтайды.

Байланыстардың төмендегідей негізгі түрлері бар:

• бірден бірге;

• бірден көпке;

• көптен бірге;

• көптен көпке.

«Бірден бірге» байланысы уақыттың әрбір сәтінде әрбір А элементке (кортежге) 0 немесе 1 В элементі (кортеж) сәйкес келеді. Мысалы, қызметкер жалақы алады және ол тек біреу ғана.

Байланыстар және олардың негізгі түрлері - student2.ru

«Бірден бірге» байланысы

«Бірден көпке» байланысы уақыттың әрбір сәтінде әрбір А элементке (кортежге) бірнеше В элементтері (кортеж) сәйкес келеді. Мысал ретінде айтуға болады, бір үйде бірнеше тұрғындар тұрады.

Байланыстар және олардың негізгі түрлері - student2.ru

«Бірден көпке» байланысы

«Көптің бірге» байланысы уақыттың әрбір сәтінде бірнеше А элементтерге (кортеждерге) бір В элементі (кортеж) сәйкес келеді. Мысалы, бірнеше студенттер бір топта оқиды.

Байланыстар және олардың негізгі түрлері - student2.ru

«Көптен бірге» байланысы

Соңғы «Көптің көпке» байланысы уақыттың әрбір сәтінде А элементтер жиынына (кортеждерге) В элементтер (кортеждер) жиыны сәйкес келеді. Өкінішке орай, бұл байланыс типі реляциялық МҚ не поддерживается. Бұл байланысқа мысалы ретінде, студенттердің оқу тобында пән бойынша бірнеше оқытушылар сабақ беруі мүмкіндігін айтуға болады.

Байланыстар және олардың негізгі түрлері - student2.ru

«Көптен көпке» байланысы

Жоғарыда келтірілген байланыстардан басқа, бір және сол элементтер арасында жиынтық байланыстар болады және қарастырылған байланыстардан тұратын тренарлық байланыстар да болады.

Байланыстар және олардың негізгі түрлері - student2.ru

Жиынтық және тренарлық байланыстар

Бақылау сұрақтары:

1. Қатынастар дегеніміз не?

2. Қатынастардың негізі қасиеттері?

3. Қатынастардың негізгі түрлері?

4. Байланыс дегеніміз не?

5. Байланыстың негізгі түрлері қандай?

Әдебиеттер:

[3], [4], [7], [10].

ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

Дәріс.

Тақырыбы: Реляциялық мәліметтер қорын жобалау және жобалау кезеңдері

Дәріс мақсаты:Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын негізгі талаптарды анықтау және жобалаудың негізгі кезеңдерімен танысу.

Кілттік сөздер: реляциялық мәліметтер қоры, мәліметтер қоры администраторы, инфологиялық деңгей, даталогиялық деңгей, физикалық деңгей.

Жоспары:

6.1. Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын талаптар

6.2. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері

Наши рекомендации