Бақылау сұрақтары. Жұмыстың мақсаты:әртипті логикалық элементтердің жұмысын зерттеу
Зертханалық жұмыс №1. Комбинациялық логикалық сұлбалардың жұмысын зерттеу
Жұмыстың мақсаты:әртипті логикалық элементтердің жұмысын зерттеу, қарапайым логикалық функцияларды іске асыру.
Жұмыстың тапсырмасы:
- логикалық элементтерді зерттеу;
- логикалық функцияларға шындық кестесін құру;
- логикалық функцияларды ышамдау.
Жұмысты орындау реті
1.1.1 EDIBON M11 оқу стендін алдын ала Е-131 (1.1.1–1.1.6 баптары үшін) және Е-132(1.1.7-1.1.12 баптары үшін) баспа платаларын орналастыру арқылы жұмысқа дайындау.
1.1.2 EB-131 платасын зертханалық стендке орнату, 1.1 суретіндегі сұлбаны жинау және ЖӘНЕ логикалық элементінің (логикалық көбейту) жұмысын F1 мен F2 функциялары үшін шындық кестесін құрып зерттеу.
1.1 сурет – Логикалық көбейтудің жұмыс сұлбасы
1.1.3 1.2 суретіндегі сұлбаны жинап, логикалық НЕМЕСЕ элементінің (логикалық қосу) жұмысын F1 мен F2 функциялары үшін шындық кестесін құрып зерттеу.
1.2 сурет - Логикалық қосудың жұмыс сұлбасы
1.1.4 1.3 және 1.4 суреттеріндегі сұлбаларды жинап, олардың жұмысын F1 ,F2 және F3 функциялары үшін шындық кестесін құрып зерттеу.
1.3 сурет - F1, F2 және F3 логикалық функциялары жұмысының сұлбасы
1.4 сурет - F1 және F2 логикалық функциялары жұмысының сұлбас1.1.5 EB-132 платасын зертханалық стендке орнату және 1.5 суретінде келтірілген ЕМЕС (NOT) логикалық элементінің, екі кірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС (NAND ), НЕМЕСЕ-ЕМЕС (NOR) элементтерінің жұмысын зерттеу.
1.5 сурет – ЕМЕС, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінің жұмыс сұлбалары
1.1.6 1.6 суретінде келтірілген сұлбаның жұмыс логикасын F3 функциясы үшін шындық кестесін құрып зерттеңіз.
1.6 сурет - F3 логикалық функциясының сұлбасы
1.1.7 1.7 суретінде келтірілген сұлбаның жұмыс логикасын F3 функциясы үшін шындық кестесін құрып зерттеңіз.
1.7 сурет - F3 логикалық функциясының сұлбасы
1.1.8 1.8 суретінде келтірілген сұлбаның жұмыс логикасын F1 және F2 функциялары үшін шындық кестесін құрып зерттеңіз.
1.8 сурет - F1 және F2 логикалық функцияларының сұлбасы
1.1.9 1.9 суретінде келтірілген компаратордың жұмыс логикасын F1, F2, F3, F4 және F5 функциялары үшін шындық кестесін құрып зерттеңіз.
1.9 сурет – Компаратордың жұмыс сұлбасы
Бақылау сұрақтары
1.2.1 F=A·B·C·D логикалық функцияны іске асыру үшін қанша екі кірісті ЖӘНЕ логикалық элементтері қажет?
1.2.2 F=A+B+C+D+E+F+G+H логикалық функцияны іске асыру үшін қанша үш кірісті НЕМЕСЕ логикалық элементтері қажет?
1.2.3 F=[(A+B)·B]+[(A+B)·C] логикалық функциясы үшін ақиқат кестесін құрып, F функциясын Карно картасы немесе Вейч диаграммасы әдісімен ықшамдаңыз.
1.2.4 F=С·(А+В)+(А+В) логикалық функциясы үшін ақиқат кестесін құрып, F функциясын Карно картасы немесе Вейч диаграммасы әдісімен ықшамдаңыз.
1.2.5 Оқытушының тапсырмасы бойынша стендте зерттелген сұлбалардың біреуінің жұмыс логикасын түсіндіріңіз.
1.2.6 ЖӘНЕ-ЕМЕС және НЕМЕСЕ-ЕМЕС элементтерінің функцияларын базалық логикалық элементтер көмегімен іске асырылу мүмкіндіктерін түсіндіріңіз.
1.2.7 Комбинациялық құрылғылардың сұлбасын синтездеу ретін түсіндіріңіз.
1.2.8 Негізгі және әмбебап базистер дегеніміз не?