Батырма мен қосқышты қалай жасауға болады? түйме-батырма-кнопка-button
Мен бұл элементтің қазақша атын түйме деп атап жүргенмін, жақында батырма деген атауды кездестіріп енді осылай атауды жөн көрдім.Себебі менің ойымша осы қазақша атау орынды секілді.
Web интерфейсінде форма жасалғанда осы элемент жиі кездеседі.Түріне қарап-ақ оны үстінен шерту керек екенін сол бойда түсінуге болады.
Бұл батырма екі қызмет атқарады- деректерді серверге жіберу және экран бетіндегі парақша өрістеріндегі таңбаларды өшіру немесе тазалау.
Оларды парақша бетінде де екі әдіспен жасауға болады - <input> және <button> тегтері арқылы.Осылай сипатталған бұл батырмалар өздігімен еш әрекет жасай алмайды, сондықтан олардың әрекеті өзіміз жазатын форма өңдегіштері арқылы жүзеге асырылады.
1. Батырманы <input> арқылы жасаудың синтаксисі мынадай:
Оның параметрлері төменгідей болып келеді:
Параметр | Сипаттамасы |
name | Батырманың аты, өріске жазылған деректі өңдейтін сервердегі скрипте анықталады. |
value | Батырманың атының мәні және батырманың бетінде жазылатын мәтін. |
Енді осы батырмаға арналған HTML кодын жазайық және сосын оның нәтижесін браузерде көрейік.
<!DOCTYPE html><html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=utf-8"> <title>Батырма</title> </head> <body> <form action="myscript.php"> <p><input type="button" name="justpress" value="Мені түртіп жібер"></p> </form> </body></html>Енді батырманы <button> тегі арқылы жасап көрейік.
Бұл да алдыңғы <input> тегінің әрекетіне ұқсайды, бірақ мүмкіншіліктері кеңірек.Яғни бұл батырмада кез келген HTML тегін орналастыруға болады.Мысалы төмендегідей HTML кодын жазып, суретті мәтінмен қоса батырма ретінде пайдалануға болады.
Нәтижесі браузерде былай болып шығады:
58-60 CSS қысқартылған сөзі қандай мағына береді? CSS технологиясының атқаратын қызметі. Бір тəгтегі стиль қандай атрибут арқылы беріледі?Cascading Style Sheets
CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермәтіндік парақтарды кәсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық әрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Сценарийлер енгізілген CSSстатикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.
STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:
Жеке тәг стилі
Жеке HTML-файлы стилі