Есте сақтау құрылғысы
Дәріс 8. Уақыттық топ құру жабдығының функционалдық тораптары. Есте сақтау құрылғысы. Уақыттық детектор. Жылдамдықтарды келістіру командаларының берушісі және қабылдағышысы. Жиілікті фазалық автореттеуші құрылғысы
Есте сақтау құрылғысы
Есте сақтау құрылғысында (СҚ) компонентті цифрлық ағынның ақпараттық символдары кезекпен жады ұяшықтарына жазылады (сурет 8.1). Жазу процессін жазу таратушысы басқарады, оның кірісіне жиілігі тең импульстік кезектілік түседі.
8.1 – сурет. Есте сақтау құрылғысы
Есептеу - есептеуді таратушы құрылғыларының логикалық элементтерінің сәйкес шығысынан шыққан импульстік кезектіліктерді сұрау арқылы жүреді.
Аталған жазу және есептеу таратушыларының шығысындағы сигналдар уақыттық детектор УД кірісіне беріледі. ұяшықтарынан есептелген ақпарат, НЕМЕСЕ логикалық элементімен біріктіріледі және Т триггерімен стробталады, триггер шығысында есептелген импульстік кезектілік құрылады.
ЕМЕС логикалық элементі арқылы тастау және сұлбаның келесі символды өңдеуге қайтуы іске асады. Жады ұяшықтарының саны, есептеу мезеттері жазу мезеттерімен ешқашан бірдей болмайтындай (нақтырақ, есептеу мезеті жазу мезетінен әрдайым қалып отыру керек) етіп таңдалады. Жады ұяшықтарының минималды саны келесілерге байланысты болады:
1) бір компонентті ағынға қарасты, беру циклындағы бірге жүретін қызметтік символдар санына. Қызметтік символдарды беру, уақыттың сәйкес мезеттерінде есептеулерге тиым салу арқылы ұйымдастырылатын, уақыттық жылжулардың импульстік позицияларында іске асады;
2) уақыттық топ құру аппаратурасындағы келістіру түрлерінің санына. Импульстік кезектіліктерді жазу және есептеу арасындағы уақыттық интервал УИ номиналды шамадан есептеу периодына өзгергенде, пайда болатын, бір қалыпсыздықтан кейін жылдамдықтарды келістіру жүргізіледі. Яғни, СҚ әр келістіру түріне жеке - жеке жады ұяшығын қарастыру қажет;
3) қатысты күту уақытысына. Бір қалыпсыздықтың пайда болу мезеті мен жылдамдықтарды келістіру сигналын құру арасындағы уақыт интервалы жылдамдықтарды келістіру командасының жүру периодына тең. Осы уақыт барысында есептеу және жазу арасындағы УИ өсе береді (немесе азаяды, жылдамдықтарды келістіру белгісіне байланысты), бұл СҚ көлемінің сәйкес өсуін талап етеді;
4) кіріс ағынның уақыттық флуктуациясының қатысты мағынасына, олар цифрлық ағындарды асинхронды біріктіру (бөлу) жабдығымен және компонентті ағындарды беру желілі тракт жабдығымен енгізілетін флуктуациялардан құрылады;
5) қосымша күту уақытысынан, бұл қосымша уақыт беру циклындағы символ саны қатынасынан және СҚ көлемінен туындаған. Жазу және есептеу кезектіліктері арасындағы уақыттық қатынастың қатесіз анықталуы тек қана циклдың соңғы позициясында жүреді. Бұл үшін циклдағы соңғы ақпараттық символ жадының соңғы ұяшығынан есептелуі тиіс, жады ұяшықтарының кірісі УД байланысқан;
6) жазу және есептеу импульстарының фронт ұзақтығынан. СҚ көлемін ұлғайту жазу және есептеу импульстарының өзара жауып тастау мүмкіндігін жою үшін қажет.
Әдетте СҚ көлемі бестен сегізге шейін жады ұяшығын құрайды. Жылдамдықтарды екі жақты келістіру жүйелерінде СҚ ұяшықтары, бір жақты келістіру жүйелеріне қарағанда аз болады, өйткені оларда күту уақыты аз болады.