Практикалық сабақтар

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және ЕТ кафедрасы

СИЛЛАБУС

Оқу пәні

БП МК: АТВ 1204 Алгоритмдеу және бағдарламалау_негіздері

( 3 кредит )

Мамандық

5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Курс І

Оқытушы п.ғ.к., доцент Байбақтина Ақсауле Тоқтарқызы

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән БП МК: АВТ 1204 Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері_

(3 кредит )

сабақ өткізілетін орын ауд. уақыты апта күндері оқытушы байл. тел email
Гришина, 7. корпус №6 Ауд. №432 сағат 11.40 Дәріс Дүйсенбі   Байбақтина А.Т.   8(701) 4555443 [email protected]
Гришина, 7. корпус №6 Ауд. № сағат практика        
Гришина, 7. корпус №6 Ауд. №436, №433 сағат 11.40-13.30 лабораториялық жұмыс      

ОСӨЖ уақыты

Гришина, 7. корпус №6 Ауд №504 Сағат 13.40(жұп апта) Дүйсенбі   Байбақтина А.Т.   8(701) 4555443 [email protected]  

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:

Болашақ маман программалаушы кәсібі біліктілігінің ірге тасы алғашқы курста жоспарланған осы пәннен қаланады. Демек, алгоритмдік тілдер құрылымынына бастап, жіктемеммелерін, тіл мүмкіндіктері мен негізгі алгоритмдерді қамту орынды.

Атап айтқанда: Алгоритм. Алгоритмдерді құру принциптері. ЭЕМ – де есеп шығару кезеңдері. Алгоритмдер және оның қасиеттері мен жазылу формалары. Алгоритмдерді құрудың структуралық тәсілдері, яғни негізгі базалық структуралары. Алгоритмдерді талдау принциптері. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау. Тьюринг машинасының терминдері арқылы алгоритмдерді сипаттау. Тип. Типтер жүйесі, тармақталу, ілесу, циклдық алгоритмдер құрылымы және күрделі құрылымды берілгендер(массив, жазба, жол, жиын) жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктері мен ішкі программалар мен модульдер құру принциптері аталған пән аясында беріледі.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Есептеуіш техникаларын жүйелік және қолданбалы программалаық жабдықтармен қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындау мақсатында құрылған жоспарға сай бұл курстың негізгі міндеттері мен мақсаттары мынадай:

· Есептеуіш және ақпараттық процестердің математикалық және программалық моделдерін құру және зерттеуге бейімдеу;

· Программалау орталарының жұысын тиянақты меңгеруге дағдыландыру;

· мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін түсіндіру және өңдеу жолдарын үйрету;

· алгоритмге сай программалау процестерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

· программа және программалау тілдерінің жіктемесін таныстыру;

· Pascal тілінің негізінді программалауға машықтандыру.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Информация түсінігі және түрлері. Информацияның өлшем бірліктері. ЭЕМ –ның еске сақтау құрылғыларының құрылысы, қызметі. ЭЕМ – ның қолданушы деңгейіндегі жұмысын білу. Шама түсінігі. Информатика, математика курстарынан негізгі дайындықтарының болуы.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:

- алгоритм және оны орындаушы түсінігін алу, алгоритмнің жазылу формаларымен танысу, мамандығы бойынша әртүрлі алгоритмдік есептерді шығара білу;

- программалау тілдері мен олардың классификацисын білу, нақты тілдің - Pascal универсалды тілінің негізін меңгеруі;

- трансляторлар, олардың қызметі мен түрлерін білу;

- Іздеу, сұрыптау т.б. алгоритмдерін меңгеру;

- Pascal тілінің типтер жүйесін, операторлары мен барлық мүмкіндіктерін білуі, яғни әртүрлі есептердің программасын құра алатын деңгейге жетуі тиіс;

- құрылған программаларын компьютерге енгізіп, өңдеп. тесттілеп жене нәтижесін талдап үйренуі тиіс;

- мәліметтердің әртүрлі құрылымды анықталуына байланысты оларды қолдану және өңдеу алгоритмдерін құра білу.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс әдісін пайдалану арқылы беріледі.

Студенттерден сабаққа белсенді қатысып, өз пікірін жариялай отырып өзіне пайдалы нәрселерді конспектілеп алуы талап етіледі.

Аудиториялық сабақ дәріс, практикалық және лабораториялық жұмыстар түрінде өткізіліп, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептерді ДК орындап шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша тиянақты дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп беріледі де, осы тақырып аясында өз білімдерін жетілдеру үшін нақты бағыт-бағдар көрсетіледі және нақты сұрақтар бойынша конспектілер жүргізу, есептер алгоритмдерін құру тапсырмалары беріледі.

Практикалық сабақтарда жоспарға сай тақырыптар бойынша мысалдары қарастырылады. Студенттің орындауымен алгоритмдері құрылады. Әр студентке жеке тапсырмалар ұсынылуы да мүмкін. Әр студент берілген тапсырма бойынша тиесілі бағаланып отырылады.

Лабораториялық жұмыстар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары, бақылау сұрақтары ұсынылады. Есептеулерді орындау нәтижелерін жоспарға сай әр сабақ соңында оқытушыға көрсетіп тапсыруы талап етіледі.

Жеке тапсырмалар есебі ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау:

Нақты сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізіп конспектілеу, лабораториялық жұмыстар бойынша жеке тапсырмаларды орындау, нәтижесін ауызша түсіндіру, ЭЕМ-да есеп шығару дағдысы қалыптасқандығын көрсету түрінде сабақ кестесі мен жоспарына сай қабылданып отырады.

Аралық бақылау:

Негізгі тақырыптар бойынша курс оқылған соң жоспарға сай бақылау жұмысы мен коллоквиум қабылданады. Аралық бақылау жазбаша, ауызша және тест түрінде ұйымдастырылады.

Жеке өзіндік жұмыс:

Дәрісте, практикалық және лабораториялық жұмыстарда топқа немесе әр студентке берілген өзіндік тапсырмалар есебі(отчет), конспектілер, мәнжазбалар түрінде болады.

Үй тапсырмасы: Оқыту процесінде берілген үй тапсырмаларын студенттер уақытылы орындауға міндетті. Орындау нәтижелерін талап етілген түрде сәйкес сабақтарды ұйымдастыру барысында және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған жұмыстарға баға төмендетіледі.

Коллоквиум: Коллоквиум семестрде бір рет жоспарға сай қабылданады. Сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі және сол сұрақтар материалдары бойынша студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Мәнжазба: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының жоспарында толық ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары сұрақты қамтитын тесттер ұсынылады. Тест семестрде екі рет жоспарға сай өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан теттілеу арқылы алынады және тест сұрақтарына жауап алу арқылы қабылданады. Тест сұрақтары курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша құрылады. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша сұрақтар беріледі. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.

МОДУЛЬБОЙЫНШАПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (сағ)
Алгоритм. Программа  
Күрделі құрылымдар  

Дәрістер тақырыптары

Дәріс № Тақырып № Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер Ағымды бақылау түрі
    Модуль 1  
Алгоритм негіздері Кіріспе. Алгоритм. Алгоритмнің қасиеттері, Алгоритмнің базалық структуралары. Блиц-тест
Алгоритмдік тілдер Алгоритмдік тілдер сипаттамасы(синтаксисі, семантикасы) мен жіктемесі. Pascal программалау тіліндегі программа құрылымы және оны өңдеу принциптері. Сұқбат
Pascal программалау тілінің элементтері Pascal программалау тілінің элементтері: алфавиті, қызметші сөздері, арнайы таңбалары, типтер жүйесі. Тұрақтылар, айнымалылар, өрнектер, элементерлық функциялары мен амалдары. Сұқбат
Операторлар PASCAL тілінің жәй операторлары. Көшу конструкциялары. Мәліметтерді енгізу-шығару жолдары. Сұқбат
Циклдар Арифметика алгоритмі және көпмүшеліктерді есептеу. Циклдық операторлар. Жалғасу және аяқталу шарттары анықталған циклдар. Блиц тест
Массивтер Құралымды типтер: регуляр типтер. Массивтер: бір өлшемді және екі өлшемді масссивтер. Массивтерді өңдеуге арналған амалдар. Сұқбат
Сұрыптау және іздеу Іздеу және сұрыптау алгоритмдерінің жіктемесі. Сұрыптау реттері мен бағалану критерийлері. Сұқбат
      Модуль 2    
Жолдар Жолдық тип. Жолдарға қолданылатын амалдар. Жолдарды өңдеу алгоритмдері. Сұқбат
Жиындар Жиындық тип.Жиындарға қолданылатын амалдар. Жиындарды өңдеу алгоритмдері. Сұқбат
Жазбалар Біріктірілген типтер. Сипатталуы мен қолданылуы. Өрістер: анықталуы мен қолданылуы. Жазбалар. Вариантты жазбалар. Сұқбат
Ішкі программа Ішкі программалар: сипатталуы мен қолданылуы. Процедуралар және функциялар. Процедуралар мен функциялар параметрлерінің берілуі механизмі Сұқбат
Рекурсия Процедуралық типтер. Рекурсия және оның түрлері,. Рекурсивті алгоритмдер. Сұқбат
Файлдар Файл, атрибуттары.Файлдармен мәлімет алмасу тәсілдері. Файлдық типтер: сипатталуы мен қолданылуы. Файлдаық типті айнымалыға қолданылатын амалдар. Тексмттік, типтелген және типтелмеген файлдарды қолдану принциптері Сұқбат
Модуль және графика Модульдік программалау. Қолданушы моулінің құрылымы мен жүзеге асырылуы. Тілдің стандартты модульдер құрамы:SYSTEM, CRT, және т.б. модульдері. GRAPH модулінің мазмұны. Сұқбат
Динамикалық құрылымды берілгендер. Динамикалық жады. Динамикалық жадымен жұмыс жасауға арналған процедуралар мен функциялар. Көрсеткіштер. Тізімдер. Ағаштар. Сұқбат

Практикалық сабақтар

Апта№ Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер сағаты
Алгоритмдердің жазылу формалары. Ілесу, тармақталу және қайталау алгоритмдерінің базалық структуралары. Мысалдар.
ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдері. Программа құрылымы. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Мысалдар.
Тармақталу. таңдау алгоритмдерін программалау. Мысалдар.
Циклдық процестерді ұйымдастыру. Циклдық алгоритмдерді программалау: Дейін-циклы және Әзір-циклдерінің ұйымдастырылуына мысалдар. Іштестірілген циклдар.
Массивтер: бірөлшемді массивтер. Массивтерді сипаттау жолдары мен өңдеу алгоритмдері.
Массивтер: екіөлшемді массивтер. Массивтерді сипаттау жолдары мен өңдеу алгоритмдері.
Сұрыптау және іздеу алгоритмдері.
    Модуль 2    
Жолдарды өңдеу. Сипатталуы мен қолданылуы. Қолданылатын амалдарды орындау мысалдары.
Жиындарды өңдеу. Сипатталуы мен қолданылуы. Қолданылатын амалдарды орындау мысалдары.
Жазбалардан тұратын массивтер. Жолдық мәліметтер мен жиындардан тұратын жазбаларды өңдеу мысалдары.
Ішкі программалар. Ішкі программалар құрылымы мен қолданылуы. Процедуралар мен функциялар. Параметрлерін анықтау мысалдары.
Рекурсивті алгоритмдер.
Файлдармен мәлімет алмасу мүмкіндіктері. Тексттік және типтелген файлдармен мәлімет алмасу мүмкіндігін көрсетуге арналған мысалдар.
Қолданушы модулінің құрылымы. Модулдің интерфейстік, жүзеге асыру, тағайындау мысалдары.
Графика. Графиктік мәліметтерді өңдеу. Негізгі элементтері: графиктік режимдерді орнату, пиксел, бейнепарақтарды басқару, графиктік бейнелер тұрғызу мысалдары.

Наши рекомендации