Балалардың логикалық ойлауын дамыту жолдары
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мектепте оқытылатын пәндік білімдерді және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады. Мектеп оқушыларының логикалық ойлауының дамуы екі негізгі саты арқылы өтеді. Бірінші сатыда олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Мұнда көрнекі әсер ету басым болады. Балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларына, бейнелеулерге сүйенеді. Балалардың ой қорытулары көрнекі алғышарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес, қабылданған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге түсетін белгілерінің күшті қысымымен болады. Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың көпшілігі заттар мен құбылыстардың бетіндежататын нақты қабылданған белгілер мен қасиеттерді қамтиды. Білімді толық жинақтаудың негізгі критерийі баланың алған білімге сай келетін нақтылы мысал келтіре білуі болып табылады. Осы кезеңде оқытудың көрнекіоік ұстанымын кеңінен қолдануға негіз болады.
Жүйелі оқу әрекеті негізінде мектеп оқушыларының ойлау сипаттары өзгереді, ойлаудың дамуының екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты. Екінші кезеңнің аяғына қарай оқушылардың көпшілігі бұрынырақ жинақталған ұғымдары шеңберінде оларды ойша талдау мен құрастыру арқылы қорытынды жасайды. Мұғалімнің түсіндіруі және оқулық материалының тікелей көмегінсіз-ақ ұғымдарды меңгеруге көптеген жағдайларда жеткілікті болады. Көрнекі сәттері аз, объектілердің көпті-азды байланыстары бойынша сипатталатын пайымдаулар саны өседі.
Қазіргі мектеп курсында оқушылардың логикалық сауаттылықтарын тәрбиелеуді бірыңғай мазмұнды әдістемелік тұрғыда құрудың үлкен мүмкіндігі бар екендігін көрсете отырып, мектеп оқушыларының меңгеруге тиіс мынадай логикалық білім мен дағдылары көрсетіледі: ұғымдарға анықтама беле біру; анықтаманың жәрдемімен ұғымдарды тани алу; ұғымдарды жіктей білу; логикалық байланыс жасайтын сөздердің мәнін ажырата білу; пайымдаулар кезінде жіберілетін қателіктерді таба білу; сипаттау; пікір айту; тәсілдерін меңгеру.Осы аталған білім мен дағды негізінде оқушыларды дұрыс ойлай білуге, ойды жүйелі жеткізе білу дағдылары қалыптастырылады. Сондықтан ой дамытудың логикалық амалдарымен байланысты болады: мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жеткілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтау, пайымдаулар мен ой қорытындылар жасауға т.б.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үдерісінде оқытудың үш құрамды бөліктерін ескеру қажет деп есептелінеді. Мәселен, оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиіс ұғымдар жүйесі, ережелер, заңдылықтар жатады. Оқытудың іс-әрекеттік құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады. Оқушылар не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру оқытудың түрткілік аспектісін құрайды. Бұл ойлау үдерісінің құрамды үш бөлігі бір-бірімен тағыз байланысты.
Ақыл-ой қызметінің логикалық дидактикалық жіктелуі оқу үдерісіндегі оқытудың мақсаты және оның тікелей нәтижесі ретінде қалыптаса отырып, ойлауды дамыту мәселелерін де шешуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық зерттеулер оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Оның пайымдаулар жасап,ой қорытулар жүргізе алуға оқушыларды үйрету кезінде де логикалық маңызы арта түседі. Мысалы, оқушы өзінің құрастырған сөйлемі бойынша айтылатын ойдағы негізгі ұғымды анықтай отырып, оған сөзді таңдауы, ойлау кезінде маңыздыны ажыратады. Балалардың логикалық ойлауы ойлау амалдарын орындай алумен, әрекетпен байланысты. Демек, оқушылардың ойлау амалдарын меңгермейінше, оларды пайымдауға, дәлелдеуге және қорытынды шығара білуге үйретуге мүмкіндік болмайды.
Балалардың логикалық ойлауын назардан тыс қалдыру алдағы бүкіл оқу ісіне зиянын тигізеді.
Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы және оқушылардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу үдерісіне байланысты.
III Іс-тәжірибе
Соңғы жылдары балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында модельдеу әдісі кеңінен қолдануда (М. И. Зотов, Е. Л. Невский, В. Н. Кузьмина, И. Г. Михеева). Модельдеу әдісі бастапқы ұғымдар мен гипотезалар арқылы құрылатын іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Модельден алынған мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің теориялық негіздерін құру үшін мәнді мазмұнға ие болады. Зерттеу барысындағы жетекші теориялардан туындайтын талаптарға сәйкес мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды басшылыққа алатын теориялық моделін ұсындық. (кесте 1)