Курстың қысқаша сипаттамасы
СИЛЛАБУС
Пән: Азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар
Кредит: 1
Семестр: 7
Оқытушы туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, офисі т.б. ) | Өткізу уақыты және орны | Байланыс ақпараты | ||
Аудиториялық сабақ (лек., прак./ семин., лаб./студ.) | офис-сағаттары ОСӨЖ (ауд.) | тел. | ||
Касенова Айгуль Жумжумановна, з.ғ.к., доцент м.а. | Семинар – 30 сағ. Пәнді өткізу уақыты және орны: Оқу кестесіне сәйкес | - | [email protected] |
Курстың қысқаша сипаттамасы
«Азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар» арнайы курсы - оқу жоспарында студенттердің процессуалдық құжаттарды құрастыруға дағдыландыру үшін көзделген маңызды курстардың бірі.
Арнайы курсты оқытудың пәні болып процессуалдық құжаттардың нақты түрлерінің мазмұны және оларды құрастыру тәртібі табылады.
Арнайы курсты оқытудың мақсаты – студенттердің процессуалдық құжат нысаны мен мазмұны жағынан қандай болуы тиістігін ұғынуы.
Аталған курсты оқытудың міндеті - процессуалдық қүжаттарды сауатты құрастыра білу, сондай-ақ құжаттарды тәжірибеде қолдана отырып, жұмыс істей алу.
«Азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар» арнайы курсын оқу негізінде студент
- азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттардың түсінігін, түрлерін, сот актілері жөнінде, оларды құрастырудың ережелері мен принциптерін біледі;
- әртүрлі процессуалдық құжаттарды құрастырғанда теориялық материалдарды және нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәсілдерін меңгереді.
Пән пререквизиттері:
№ | Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар) |
Азаматтық құқық – Азаматтық құқықтың субъектілері; Сенімхат; Мәмілелер; Талап қою мерзімі; Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы; Тапсырма шарты | |
Еңбек құқығы – Еңбек дауларын шешу | |
Отбасылық құқық – Алименттік қатынастар; Ата-ана құқығынан айыру; Бала асырап алу; Қамқоршылық және қорғаншылық | |
Салық құқығы – Мемлекеттік баж | |
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап | |
Азаматтық іс жүргізу құқығы – барлық тақырыптары | |
Атқарушылық іс жүргізу - Атқару құжаттары |
Пән постреквизиттері:
азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері, азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен қолданылу тәжірибесі, азаматтық істердің жекелеген санаттарын қараудың ерекшеліктері.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар