Поделка жасау үшін табиғи материалдарды жинау.

Қолдан зат жасауға қажетті табиғи материалдарды жинауға үйрету. Балаларды ұжымдық іс-әрекетке шақыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Шық тамшыларын жапырақтардан тауып алу»

Көлеңке жерлерден және тура күн сәулесі түсіп тұрған жерлерден шықты тауып алу.

Қорытынды. Күн көзінде шық тамшылары тез буланып кетеді.

Өзіндік іс-әрекет

Қатарластарымен 2-3 рөлден тұратын бірге ойналатын ойындарда бірігіп ойнай алуларын жетілдіру, рөлдерді бөлісе алуларын, ойын қимылдарын орындай алуларын, ойын мазмұнына сәйкес іс-әрекет жасай алуларын жетілдіру.

9. Аспанды бақылау

Бақылау

Балалар назарын ашық, ашық сұр аспанға аударту, ол аспанды жиі бұлыңғыр, сұр бұлттар басып, жиі суық жаңбыр құятынын айту. Табиғаттың күзгі құбылыстары жайлы балалардың ұғымдарын кеңейту. Байқағыштығын, аңғарымпаздығын, салыстыра алуын дамыту. Балалардың сөздік қорын белсенді ету және байыту.

Көркем сөз

Тең, тең,тең киіз, Екі ортасы кең киіз. (Аспан, Жер)

Ырым

Аспанды бұлттар басса, ауа райының бүлінуі ұзаққа созылады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Ұшақтар»

Әр түрлі бағытта жүгіре алуларын дамыту (балалар алаңда жұмыс істеп тұрған мотор сияқты бір-бірін қанаттарымен қақпауға тырысып жүгіреді), белгі бойынша («Маторды қос!», «Отырғызу басталды!») қимыл жасай алуға үйрету.

Еңбектену әрекеті

Тәрбиешімен бірге құрғақ жапырақтарды жинау

Учаскедегі құрғақ жапырақтарды жинау, оларды шаруашылық аулаға шығару.

Құралдарды қолдана алу дағдыларын дамыту. Біріге еңбектене алуға тәрбиелеу. Жолдастарына көмек көрсету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Бұлтты күні, ашық күні аспан қандай болатынын айт»

Түрлі ауа райындағы аспанды суреттей алуын бекіту. Балалардың сөздік қорын байыту.

Өзіндік іс-әрекет

Үлкендердің азғана көмегімен балалардың ойынға ыңғайлы жерді таңдай білуін, ойын жағдайын ұйымдастыра алуын қалыптастыру. Ойында құмдағы құрылыстарды пайдалана білуін дамыту.

10. Күзгі өрмектің ұшуын бақылау

Бақылау

Жәндіктердің қоршаған ортаға бейімделуі туралы нақты ұғымдар беру. Ерте күзде көптеген өрмектің ұшуын көруге болады. Желсіз ашық күндері бұталарға, шөптерге, шарбақтарға ілінген өрмек жіпшелерінен олардың жас қожайындары – кішкене өрмекшілерді көреміз. Өрмекші ұшуға дайындалғанын түсіндіру, өрмекші сабақтың басына шығады да қарнын оған қысады, өрмек сүйелшелерінен жіңішке өрмек шығады, ал оны жылы ауа жоғары көтеріп алып кетеді. Өрмекші ауада жіппен қозғалып, оны жоғары көтереді, төмен түсіреді. Өрмекшілер осылайша қоныстанады.

Көркем сөз

Жұмбақ: Шидиген ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге, Аспалы торлар құрады. (өрмекші)

Жаңылтпаш: Шын еңбекші – өрмекші. Өрмекші – шын өрнекші (М. Әлімбаев)

Ырым

Кемпір күздің бірінші күні ашық болса, күз жылы болады.

Қимыл- қозғалыс ойыны «Секіріп түс те, бұрыл»«Хоп!» деген белгі бойынша тез қимыл жасай алуын дамыту, жоғарыға секіруді орындай алуға үйрету. Кеңістікті бағдарлай алуын бекіту (жүргізушінің көрсеткен жағына бұрылу)

Еңбектену әрекеті

Ағаштардың түбін қопсытуБалаларды жұмысқа қажетті құралдарды дайындай алуға үйрету. Ортақ пайда үшін еңбектенуге, жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Ерте күз белгілерін ата»

Ерте күз туралы балалардың білімдерін байыту және жүйелеу.

Т ә ж і р и б е. Көбелек құртын өрмектен шығару

Өрмекпен жабысып қалған жапырақтарды банкаға салып топқа әкелу.

Қ о р ы т ы н д ы. Көктемде коконнан ағаш жапырақтарын жейтін көбелек құрты шығады.

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасай алуын жетілдіру, қатарластарының іс-әрекеттеріне өз пікірлерін білдіру, өз іс-әрекеттері мен қылықтарын негіздеу.

11. Топырақты бақылау.

Бақылау

Балалар назарын аяқ астына, жерге аудару. Құрғақ жылы күні топырақ жылы болады, қолға алсаң шашылғыш, түсі ашық сұр болады. Жаңбырлы күні ол қара түсті, тығыз, ылғалды болады. Алғашқы суық түсісімен топырақ тас сияқты болып қатып қалады.

Балаларды топырақтың ауа райына байланысты өзгеретінін көруге үйрету. Ойлай алуын, талқылай алуын, дәлелдей алуын дамыту; туған жерге ұқыптылық қатынасын тәрбиелеу.

Көркем сөз

«Қарашы күз келді, күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді»

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Арқан тарту»

Балалардың физикалық және моральдық еркін, достық қарым-қатынасын дамыту.

Еңбектену әрекеті

Гүлзардағы жұмыс (тәрбиешімен бірге)

Күзгі жерді қопсытуға қатыстыру. Еңбек етуге дұрыс көзқарасын тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Т ә ж і р и б е. Ауа райы жылы болғанда топырақты қолмен ұстап көру

Қ о р ы т ы н д ы. Топырақ жылы, оны күн қыздырды

«Қатені тап»

Жылдың әр мезгіліндегі топырақтың жағдайы жайлы балалардың не білетіндігін анықтау.

Өзіндік іс-әрекет

Балалар ойындарының тақырыбы мен мазмұнын дамыту және байыту. Өз ойын дәлелдей алуын жетілдіру; қатарластарының ұсыныстарымен, рөлді, ойыншықтарды, міндеттерді бөлісу бойынша оның іс-әрекеттерімен келіспеушілігін сыпайы формада білдіре алуын дамыту.

12. Алғашқы суық түскенін бақылау

Бақылау

Жерге алғашқы қыраудың түсуі – күз белгісі екеніне балалардың көңілін аудару. Таңертеңгілік жер, үй шатырлары күмістей аппақ болады. Күн суытып аяз күшіне ене бастады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз қатты. Мұз үстімен жүруге болатындай көрінеді, бірақ мұздың үстін аяқпен басқан сәтте - ақ ойылып ішіне түсіп кетеді.

Көркем сөз

Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. (А. Құнанбаев)

Ырым

Қазанда жер жабылады, кей жер жапырақпен, кей жер қармен Сары шымшық ысқырса – шынымен күз болғаны

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Пішінді жаса»

Шапшаңдыққа, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Еңбектену әрекеті

Ажетінше

Учаскедегі ұқыпсыздық жағдайды көре алуға және тәртіпке келтіруге үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Кім қызық ат тауып атайды»

Шығармашылық қиялын, тілін дамыту. Біреуі сын есім болып тұратын екі зат есімнен құралған жаңа сөздерді құрастыру (су, мұз – мұзды су; аяз, күз – аязды күз)

Өзіндік іс-әрекет

Ойын түрін таңдауда өз бетінше әрекет жасауын, бастама жасауын дамыту.

13. Тоғанды бақылау

Бақылау

Балаларға тоғанның күзгі жағдайы туралы, өсімдіктер мен жануарлардың өміріндегі күзгі өзгерістерді болдыратын себептер жайлы түсініктер беру.Тоғанның күзгі және жазғы жағдайын салыстыру; суда болатын тіршілік иелерін атау. Байқағыштығын дамыту. Туған табиғаттың әсемдігіне сүйсіне білуге тәрбиелеу. Өзендегі су суық екенін, су өсімдіктері өзен түбіне кеткенін, бақалардың көрінбейтіндігін айтып өту. Кей кезде ғана тегіс су бетінде көпіршіктер көрініп қалады. Бұл кішкене аш балықтар олар суға шегіртке, әлде маса қона ма деп күтіп жүр.

Көркем сөз

Суда оның өмірі, суда оның қорегі. Ол не? (балық)

«Тоңбайын деді де Көл мұздан тон киді»

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Кішкене балықтар мен шортан»

Қимыл - қозғалыс белсенділігіне, белгі бойынша шапшаң қимыл жасауға үйрету. Ұжымда өзара дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру.

Еңбектену әрекеті

Наши рекомендации