Тақырып. Деректердің концепциясы
Бөлім. Delphi – дің біріктірілген ортасы.
Тақырып. Реттелген тип.
Жоспары:
1. Алгоритм түсінігі
2. Алгоритмдік процесс
3. Блок – схема
1. Алгоритм түсінігі. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорианың объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.
Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әректтер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін анықтайтын жарлықты алгоритмдейміз. Алгоритм белгілі бір реттіліепен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды.
ЭЕМ-да белгілі бір есептерді шығару үшін арналған бағдарламаларды құруда, алдымен есептің алгоритмін – берілген деректерден қажет нәтижеге жеткізетін нақты ұйғарымдарды құру - талап етіледі.
Алгоритм түсінігі – бұл ақпараттанудағы ең негізгі түсініктердің бірі.
Белгілі бір алгоритмдерді орындау әртүрлі жүйелердегі басқару процесстеріне әкеледі, бұл алгоритм түсінігін кибернетикаға жақындатады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы ұлы математик аль-Хорезмнің латындық формадағы - algorithmi деген атынан шығады, ол арифметикалық әрекеттерді орындау ережелерін тұжырымдады.
Алгоритм дегеніміз – бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі. Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау алгоритм командасы, ал атқарушы жүзеге асыра алатын командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.
2. Алгоритмдік процессдегеніміз – шешілетін есептің нақты бастапқы берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.
Алгоритмді ұсыну құралдары:
· ауызша (формулалы-ауызша);
· алгоритмнің блок-схемасы түрінде;
· алгоритмдік тілдегі бағдарлама түрінде (алгоритмді ұсынудың аса толық түрі).
Белгілі бір орындаушы үшін құрылған алгоритмді түрлі әдістермен ұсынуға болады: графиктік (графикалық таңбалар сұлбасы); сөзбен сипаттау (табиғи тілдегі жазбалар); құрылымды-стильденген (псевдокод тіліндегі жазбалар); алгоритмдік тілде жазылған формулалар тізбегі (бағдарламалау тілінде) көмегімен. Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз – алгоритмнің логикалық құрылымын графикалық бейнелеу. Оның әрбір кезеңі әрекет сипатына тәуелді формаға ие болатын геометриялық фигуралар (блок) түрінде беріледі.
Блок – схема.
Блок-схема – бұл алгоритм командаларының орындалу ретін көрсетуге бағытталған граф; мұндай графтың шыңы (басы) үш типтің біріндей болуы мүмкін: функционалдық (а) шың (бір кіріс және бір шығысы бар), предикаттық (б) шың, бір кіріс және екі шығысы бар, біріктірілген(в) шың (қосылу шыңы), екі кірістің бірінен басқаруды шығысқа беруді қамтамасыздандырады.
Кез келген есепті шешу - берілген алғашқы мәліметтерді пайдаланып, нәтиже алуды талап етеді, яғни есепті шешу алгоритмі алғашқы мәліметтерді бірте-бірте түрлендіру арқылы нәтиже алу жолын сипаттайды.
Көздеген мақсатқа жетуге, қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы алгоритм деп анықталады.
Компьютерде есепті шешу процесі - бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы - қойылуы, алгоритмизациясы, есептің программасы және нәтижелерді талдауы, ал компьютерге тиістісі - өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.
Алгоритмнің басы қызметші сөзіне дейінгі алғашқы бөлігін алгоритм тақырыбы деп, басы және соңы қызметші сөздерінің аралығында орналасатын орындалуы тиіс командалар тізбегін алгоритм денесі деп атайды. Денеде ретімен кездесетін бірнеше командаларды бір долға орналастыру да мүмкін. Бұл кезде олар нүктелі үтір арқылы ажыратылып, ал тақырыпта аргумент, нәтиже атаулары үтір арқылы бөлініп жазылады.
Егер алгоритм денесінде тақырыпта сипатталмаған айнымалылар кездессе, олар аралық шамалар деп аталады. Аралық шамалар алгоритмнің басы қызметші сөзінен кейін сипатталып қойылуы тиіс.
Алгоритмді
· қарапайым тілмен (cөзбен және формулалар арқылы) жазып көрсетуге
· блок-схема (графиктік жол) арқылы кескіндеуге
· алгоритмдік тілде (программалау тілінде) жазуға болады.
Алгоритмді сөзбен жазып көрсеткенде мәліметтерді өңдеу кезеңдерін өзімізге түсінікті тілмен сипаттаймыз, күнделікті пайдаланатын сөздер мен алгоритмдік символдарды қолданып, орындалу реттері көрсетіліп жазылған жеке-жеке нұсқаулар жиынтығын көрсетеміз..
Бақылау сұрақтары:
1. Алгоритм деген не?
2. Алгоритмнің шығу тарихы.
3. Бағдарламаның құрылымын ата.
4. Алгоритмнің блок схемасының жекеше атауларын ата.
тақырып. Деректердің концепциясы
Жоспары:
1. Шартты және шартсыз блок –схемалар.
2. Деректердің типі.