Сынып (қазақ тілі) барлығы 102 сағат

Мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі00

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5 « » сыныбы

Мұғалім:

Оқу жылы

Астана қаласы

Пәні: Қазақ тілі

Стандарт: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Типтік оқу бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (26-қосымша) бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

Әдістемелік нұсқау хат: 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты

Оқу бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Білім әжен ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы Қазақ тілі пәнінен жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы, Авторлары: Қосымова Г.С., Дәулетбекова Ж.Т., Мәдиева А.Т., Омарханов Е.А.

Оқулық: Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова –Алматы: «Атамұра» 2010

Пәнді оқыту мақсаты:

Өзін және өмір сүріп жүрген ортасын бағалай алатын жас ұрпаққа білім беретін, ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. Мәтін құрауға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін және қатысымдық мәнін білгізу.

Пәнді оқыту міндеттері:

- тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

- тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;

- тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;

- тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;

- мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;

- тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;

- тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;

- дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;

- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;

- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

- әдеби тіл нормаларын меңгерту;

- тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

- оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

- шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;

- мәтін табиғатына талдау жасай білуі тиіс.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Пәндік нәтижелер:

5-сыныптың соңында оқушылар:

- лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

- сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін;

- сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын;

- омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ерекшеліктерін;

- тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің өзіндік белгілерін;

- қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;

- сөйлемге лексикалық талдау жасай алуы;

- лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т.б. білуі;

- фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

- фонетикалық ұғымдардың мәнін;

- сөз құрамындағы дыбыстардың түрлерін және олардың жіктелуін;

- үндестік заңы туралы ұғымдарды;

- буын мен екпіннің түрлерін;

- орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды;

- қазақ әліпбиінің құрамын, ретін;

- сөйлемге фонетикалық талдау жасай білуі;

- сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;

- сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін;

- мәтіннің құрылымын ажыратып, мәтіннің жанрлық белгілерін анықтай білуі;

- оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айта білуі;

- тақырыпқа сәйкес жоспар жасап, мәтін құрай білуі тиіс.

сынып (қазақ тілі) Барлығы 102 сағат

Наши рекомендации