Лабораториялық жұмыстар
№ | Сабақ № | Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер | сағаты |
Модуль 2 | |||
Ішкі программалар. | |||
Рекусивті ішкі программалар. | |||
Типтелген файлдармен жұмыс жасау. Текстік файлдарды өңдеу. | |||
Модульдер. | |||
Графика. |
СӨЖ тапсырмалары
МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫПТАРЫ
Алгоритмдер.
Тьюринг машинасы.
Пост машинасы.
Жадының құрылымы. Динамикалық жады.
Трансляторлар. Трансляциялау принциптері.
Санау жүйелері.
Таңдау арқылы сұрыптау алгоритмдері.
Алмастыру арқылы сұрыптау алгоритмдері.
Кіріктіру арқылы сұрыптау алгоритмдері.
Біріктіру арқылы сұрыптау алгоритмдері.
Санау арқылы сұрыптау алгоритмдері.
Үлестріу арқылы сұрыптау алгоритмдері.
Сыртқы сұрыптау алгоритмдері.
Іздеу алгоритмдері.
Бинарлық іздеу алгоритмдері.
Рекурсивті алгоритмдер.
Файлдармен мәлімет алмасу тәсілдері.
ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Й тапсырмалары №1
- «Программаның сапасы түсінігі – тиімділігі және өнімділігі. Программалау тілдерінің жіктемесі. Программалау ортасы, программаны тесттілеу принциптері, түзету құралдары» тақырыбыптарына конспектіні толықтырып жазу.
- Сызықтық алгоритмдерді программалауға арналған тапсырмалар: Ақпараттың Мб өлшем бірлігінде берілген көлемін Гб-қа айналдыру программасын құрыңыз.
- ASCII кодында терілген тексттің символдар саны берілген. Ақпараттың ДК жадысынан алатын көлемін килобайтпен анықтаңыз.
Й тапсырмалары №2
Сызықтық және таңдау алгоритмдерін программалауға арналған тапсырмалар:
- Тармақталу және таңдау алгоритмдеріне өз бетіңізше бір-бір мысал келтіріңіз.
- «DOS, SYSTEM стандарты кітапханалары» тақырыбында конспект жазу.
- ДК жүйесіндегі ағымды уақыт, ағымды мерзімдердің мәндерін программада қолдануға мысал келтіріңіз. Программасын экранда ұялы телефонның экранын кескіндеп, соның экранында қалауыңызша орналастырып, демонстрациялаңыз.
Й тапсырмалары №3
- « Стандартты кітапхана: CRT құрамындағы клавиатура мен экранды басқару құралдары» конспект жазу.
- Циклдарды ұйымдастыру тақырыбына тапсырмалар:
Есеп 1. N натурал саны берілген. Қосындысын есептеу блок-схемасы құрыңыз
;
Есеп 2. а нақты саны, n натурал саны берілген.
.
Көбейтіндісін есептеу алгоритмін жазыңыз.
Есеп 3.х нақты саны, n натурал саны берілген. Есептеңіз:
;
Й тапсырмалары №4
- «Іштестірілген циклдар» тақырыбында іздену.
- Іштестірілген циклдарға мысалдар келтіріңіз.
Й тапсырмалары №5
Тақырыбы: Бір өлшемді массивтер.
1. Студенттің 8-ші семестрдегі 5 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студентің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.
2. Бір өлшемді массивтің тақ нөмерлі элементтерінің жұп мәнділерінің санын анықтау программасын жазыңыз.
Й тапсырмалары №6
Тақырыбы: Екі өлшемді массивтер.
3. Студенттердің 2-ші семестрдегі 7 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студенттердің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.
4. Екі өлшемді квадрат массив берілген. Оның бас диогоналының элементтерінің қосындысын экранға шығаратын программа жазыңыз.
Й тапсырмалары №7
Тақырыбы: Сұрыптау және іздеу алгоритмдері
- Берілген бір өлшемді массивті көпіршікті сұрыптау әдісімен өсу ретімен сұрыптаңыз.
- Екі өлшемді массивтегі соңғы теріс элементін іздеу алгоритмін құрыңыз.
- Оқытушы анықтаған сұрыптау және іздеу әдісі бойынша конспект жасау және ОСӨЖ-де талдау.
Й тапсырмалары №8
Тақырыбы: Жолдық типті мәліметтерді өңдеу.
1. Бір жабылатын және бір ашылатын жақшалары бар литерлер тізбегі берілген. Экранға осы жақшалардың ішіндегі литерлерді шығару.
2. Нүктелі үтір(;)литерімен бөлінген сөздер тізбегі берілген. Тізбек қос нүктемен (:) аяқталады. 'a' әріпімен аяқталатын қанша сөздің бар екендігін анықтау.
Й тапсырмалары №9
Тақырыбы: Жиындық типті мәліметтерді өңдеу.
1. Бір жабылатын және бір ашылатын жақшалары бар литерлер тізбегі берілген. Экранға осы жақшалардың ішіндегі литерлердден тұратын жиын құрып, жиынды экранға шығару.
2. Клавиатурадан енгізілген сандардың екіге еселілерін бір жиынға, жай санждарын келесі жиынға топтастырыңыз. Қай жиында элементтерінің көп екендігін сипаттаңыз.
Й тапсырмалары №10
Тақырыбы: Ішкі программалар
1. Сыныптағы әрбір оқушының бойы мен салмағы белгілі. Әрқайсысының салмағы бойынан қаншалықты ауытқитынын, яғни қаншаға артық не кем екенін анықтаңыз.
2. Екі бөлшекті қосу керек. Ең үлкен ортақ бөлгішін табуды функция түрінде жаз.
3. Автопаркте белгілі госномерлі 5 машина жұмыс жасайды. Әрбір жүргізуші күнде түскен табысты автошаруашылыққа тапсырады. Бір аптадағы күнделікті түсіп отырған табыс мөлшері белгілі. Қай машина осы аптада ең көп табыс түсіргенін анықтаңыз.
Й тапсырмалары №11
Тақырыбы:Рекурсивті алгоритмдер.
1. «Рекурсия түсінігі. Рекурсия түрлері. Рекурсивті алгоритмдердің кең тараған түрлері» тақырыбында конспект жазу.
2. Шахмат тақтасындағы аттың жүрісін тексеруге арналған рекурсивті алгоритм құрыңыз.
Й тапсырмалары №12
Тақырыбы: Жазбаларды өңдеу.
1. Информатикадан олимпиадаға қатысқан студенттердің мәліметтері белгілі. 30 баллдан жоғары алған студенттердің тізімін шығару.
2. Кітапхананың оқырмандары туралы мәліметтер белгілі: фамилиясы, мекен-жайы, жұмыс орны, кітапты алған уақыты, кітапты тапсыру уақыты. Кітапханаға қарыз оқырмандардың фамилиясын, мекен-жайын және жұмыс орнын көрсету.
3. Тіс дәрігеріне келушілердің тізімінен фамилиясының бас әрпі "Б"-дан "Л"-ға дейінгі аралықта жатқан адамдардың жасы мен диагнозын шығару программасын құрыңыз.
Й тапсырмалары №13
- «Типтелмеген файлдарды құру және қолдану тәсілдері, құралдары» тақырыбында конспект жасау.
- Бір тексттік файлдағы мәліметтерден екі тексттік файл құрыңыз. Тақ және жұп нөмірлі жолдарды бөліп жазыңыз.
- Бүтін сандар файлын құрып, файлдағы тақ сандардың қосындысын, жұп сандардың санын анықтаңыз.
Й тапсырмалары №14
1.«Модулдер. Модулдік программалау принциптері» тақырыбында тереңірек іздену.
2.Модулдерді компиляциялау және пайдалану принциптерін сақтай отырып құру мысалдарын келтіру.
Й тапсырмалары №15
- «Pascal тілдерінің графиктік мүмкіндіктері» тақырыбында конспект жасау.
- Нақты бір тақырыпты таңдап, оқытушымен есептің қойылымын нақтылап, сол тақырыптағы графикалық мәліметтерді өңдеу(суретін салу) программасын құрыңыз.
Бақылау жұмысы №1
Нұсқа І
1. Үш санның ең кішісі мен ең үлкенінің қосындысын анықтаңыз.
2. 1 мен 20-ның аралығындағы тақ сандардың арифметикалық ортасын есептеңіз.
3. Студенттердің 8-ші семестрдегі 5 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студенттердің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.
Нұсқа ІІ
1. Телефон желісінің қызметі келесі түрде төленеді: А минутке дейін сөйлескені үшін айына – В тенге, одан артық болса – С тенге төленеді. Бір айда сөйлескен уақыт үшін қанша тенге төленетіндігін есептейтін программа құрыңыз.
2. мәнін есептеу программасын жазыңыз.
3. Бастауыш сыныптың оқушылары сыныптары бойынша бой – бойымен сапқа тұрғызылған. Әрбір сынып бойынша оқушылардың орташа бой көрсеткішін анықтайтын программа жазыңыздар.
Бақылау жұмысы №2
Бақылау жұмысы жолдық мәліметтерді өңдеу және ішкі программаларды құру тақырыбын меңгергендігін тексеруге арналған.
Нұсқа І
Жол берілген. Жолдағы тыныс белгілер санын есептеу.
«Қазақтелеком» телефон станциясының абоненттері туралы мәліметтер белгілі: абоненттің аты-жөні, мекен-жайы, телефонды қондырған жылы, телефон номері. Соңғы 5 жыл ішінде телефон қондырған абоненттердің санын анықтап, экранға аты-жөнін және мекен-жайын шығару.
Нұсқа ІІ
1. Жол берілген. Осы жолдағы «a» әріптерін «b» әріптеріне ауыстыратын программа жазу.
2. Әуежай кассасында төмендегідей мәліметтер белгілі: рейстің номері, баратын жері, ұшу уақыты, ұшатын күндері (күн сайын, жұп күндері, тақ күндері). Клавиатурадан енгізілген күні Лондон қаласына ұшатын рейстің номері мен ұшу уақытын анықтайтын программа құру.
Коллоквиум сұрақтарының тізімі: |
1. Транслятор түсінігі. Түрлері. 2. Программалау тілдері нің жіктемесі. 3. TURBO PASCAL программалау тілі: алфавиті, синтаксисі, семантикасы. 4. ТР тілінің программалау ортасының жұмысы. 5. Клавиатураның басқару пернелерінің қызметтері. 6. Паскаль тілінің лексикасы. Программаның жалпы құрылысы. 7. Паскаль тілінің типтер жүйесі. Скаляр типтер. Мысал. 8. Паскаль тілінің типтер жүйесі. Логикалық тип, оларға қолданылатын амалдар, нәтижелері логикалық типті болатын фукнциялар. Логикалық амалдар. Мысалдар. 9. Айнымалдарды сипаттау болгы. Мысалдар. 10. Типтерді сипаттау. Мысалдар. 11. Тұрақтылар. Түрлері. Тұрақтыларды сипаттау болгы. Мысалдар. 12. ТР тілінің типтер жүйесі. Шектеулі, саналымды типтер. Мысалдар. 13. ТР тілінің тптер жүйесі. Жолдық типтер. Мысалдар. 14. Жолдық типтерге қолданылатын процедуралар мен функциялар. Мысалдар. 15. ТР тіліндегі құрылымды типтер жүйесі. Мысалдар. 16. ТР тіліндегі стандартты математикалық функциялар мен процедуралар. Мысал. 17. ТР тіліндегі символдық және жолдық функциялар мен процедуралар. Мысал. 18. ТР тілі, Айнымалылар. Өрнектер. Мысал. 19. ТР программалау ортасында программаны өңдеу, жүктеу, аяқтау, орындау. 20. ТР тілінің операторлары: жәй және құрылымды операторлар түсінігі. 21. Меншіктеу операторы. Мысал. 22. Енгізу – шығару стандартты процедуралары. Мысалдар. 23. Шартты көшу оператлары. Мысал. 24. Шартсыз көшу операторы мен функциялары. Мысалдар. 25. Мәліметтер форматтап шығару. Мысалдар. 26. Дейін-циклының базалық структурасы. ТР тілінің дейін-цикл операторы. Мысал. 27. Әзір-циклінің базалық структурасы. Әзір-цикл операторы. Мысал. 28. Параметрлі қайталану операторы. Мысал. 29. Көшу операторларының көмегімен циклдық процестерді ұйымдастыру. Мысалдар. 30. Регуляр тип. Массивтер. Мысалдар. 31. Бір өлшемді массивтер. Енгізу, шығару. Мысал. 32. Бір өлшемді массивтің элементтерін сұрыптау түсінігі. Алгоритмі. 33. Екі өлшемді массивтер. Сипатталуы. 34. Екі өлшемді массивтер элементтерін шығару, енгізу. Мысал. 35. Массивтерге қолданылатын амалдар. Символдық массивтер. |
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
Word типінің мәндер диапазоны қандай? |
0..65536 |
-128..+127 |
0..255 |
-32768..32767 |
-2147483648..+2147483647 |
Қай өрнектің мәні дұрыс емес: |
18 div 4 =2. |
10 div 3 = 3. |
2 mod 5 = 2. |
5 div 6 = 0. |
10 mod 3 = 1. |
Қолданушы анықтайтын типті сипаттау бөліміне сәйкес қызметші сөз: |
Type. |
Const. |
Var. |
Label. |
Uses. |
Uses қызметші сөзі не үшін қолданылады?: |
Модульдерді қосып қолдану үшін. |
Айнымалыларды сипаттау үшін. |
Mәліметтер типін анықтау үшін. |
Тұрақтыларды сипаттау үшін. |
Белгілерді анықтау үшін. |
Қай тип нақты типке жатпайды?: |
Word. |
Single. |
Real. |
Double. |
Extended. |
Қолданушы анықтайтын тұрақтыны сипаттау бөліміне сәйкес қызметші сөз: |
Const. |
Type. |
Var. |
Label. |
Uses. |
Shortint типінің мәндер диапазоны қандай?: |
-128..+127. |
0..65536. |
0..255. |
-32768..32767. |
-2147483648..+2147483647. |
0..65536 қай типтің диапазоны?: |
Word. |
Byte. |
Shortint. |
Integer. |
Longint. |
Жазба өрістерін өңдеу барысында жазба идентификаторын қайталап жазбау мақсатында қолданылатын оператор қайсы? |
With do |
While do |
Repeat |
Record |
Goto |
Comp қандай тип?: |
Нақты. |
Бүтін. |
Жолдық. |
Символдық. |
Логикалық. |
Int(x) функциясы: |
Х санын жақын кіші бүтін санға дөңгелектейді. |
Х санының бүтін бөлігін қайтарады. |
Х санының қалдық бөлігін қайтарады. |
Х санын 1-ге арттырады. |
Х санын 1-ге кемітеді. |
Нұсқа 2
Төмендегі программа орындалғанда экранда не пайда болады? program a; uses Crt; var s: integer; i: byte; begin clrscr; s:=0; i:=3; repeat s:=s+sqr(i); dec(i); until i<1; write (‘s=’, s:4) end. |
s= 14; |
s= 13 |
s= 1; |
s= 2; |
s= 9. |
Төмендегі программа орындалғанда экранда не пайда болады?: programm f; uses Crt; const n=3; var s, i, f: byte; begin clrscr; s:=1; f:=1; for i:=2 to n do f:=f*i; s:=s+f; write (‘s=’, s) end. |
s=7; |
s=9; |
s=1; |
s=0; |
s=2. |
Төмендегі программа орындалғанда экранда не пайда болады?: programm f; uses Crt; const n=3; var s, i, f: byte; begin clrscr; s:=1; f:=1; for i:=2 to n do begin f:=f*i; s:=s+f; end; write (‘s=’, s) end. |
s=9; |
s=7; |
s=1; |
s=0; |
s=2. |
var w:array[6..10] of real; түрінде сипатталған массив элементтеріне жадыдан барлығы қанша байт орын бөлінеді?: |
30 байт; |
6 байт; |
60 байт; |
36 байт; |
Орын бөлінбейді. |
var w:array[ 5..7,1..3] of real; түрінде сипатталған массивтің неше элементі бар? |
9; |
4; |
16; |
8; |
6. |
var w:array[ 5..7,1..3] of integer; түрінде анықталған массивті сипаттағанда жадыдан қанша байт орын бөлінеді? |
Мына программа бөлігі орындалғанда экранға шығарылатын сөзді көрсетіңіз: Var Gol:string[4]; Begin Gol:=’Жол- өте көп символдар тізбегі’; Writeln(gol); |
«Жол-» ; |
«Жол- өте»; |
«Жол- өте көп»; |
«Жол- өте көп символдар»; |
«Жол- өте көп символдар тізбегі». |
Жолдық типке байланысты қай тұжырым дұрыс емес? |
Жолдағы символдар саны есте сақталмайды; |
Салыстырылатын жолдардың ұзындығы бірдей болса, онда ол жолдардың сәйкес символдары салыстырылады; |
Салыстырылып отырылғын жолдардың қайсысы қысқа болса, сол жол кіші болады; |
Жолдарды салыстыруға болады; |
Жолдық тип символдық массивтің жалпылама түрі. |
Жиындық типке қолданылмайтын амалдар тобын көрсетіңіз: |
Жиындардың үлкен – кішілерін салыстыру амалдары; |
Элементтің жиынға тиістілігін тексеру; |
Жиындардың теңдігін және тең еместігін тексеру; |
Жиындарды біріктіру, қиылысу және айырымын алу; |
Бір жиынның екінші жиынға тиістілігі; |
str : = ‘Инфор’; str 2; = ‘матика’ болса, онда мына фрагмент нәтижесі қай сөзге тең? str : = concat (str , str 2); writeln (copy (str ,3,6)); |
формат |
Нформа |
Матика |
Инфор |
‘ ‘ |
[1..3,5..8] – [1..2,6..9] = ? |
[3,5] |
[1..2,6..9] |
[1..3,5..8] |
[1..9] |
[1..8] |
[100..150]*[122..200,201] = ? |
[122..150] |
[150..200] |
[100..200,201] |
122,150,201] |
[201] |
Емтихан бағдарламасы:
Емтихан жазбаша түрде алынады. Билетте үш тапсырма беріледі: теориялық жаззбаша-ауызша сұрақ, бір есеп және 10 тест сұрағы.
Жалпы мазмұны төмендегі сұрақтар төңірегінде беріледі.
СҰРАҚТАР ТІЗІМІ:
- Транслятор түсінігі. Түрлері.
- Программалау тілдері туралы жалпы мәліметтер.
- TURBO PASCAL программалау тілі: алфавиті, синтаксисі, семантикасы.
- ТР тілінің программалау ортасының жұмысы.
- Клавиатураның басқару пернелерінің қызметтері.
- Паскаль тілінің лексикасы. Программаның жалпы құрылысы.
- Паскаль тілінің типтер жүйесі. Скаляр типтер. Мысал.
- Паскаль тілінің типтер жүйесі. Логикалық тип, оларға қолданылатын амалдар, нәтижелері логикалық типті болатын фукнциялар. Логикалық амалдар. Мысалдар.
- Айнымалдарды сипаттау болгы. Мысалдар.
- Типтерді сипаттау. Мысалдар.
- Тұрақтылар. Түрлері. Тұрақтыларды сипаттау болгы. Мысалдар.
- ТР тілінің типтер жүйесі. Шектеулі, саналымды типтер. Мысалдар.
- ТР тілінің тптер жүйесі. Жолдық типтер. Мысалдар.
- Жолдық типтерге қолданылатын процедуралар мен функциялар. Мысалдар.
- ТР тіліндегі құрылымды типтер жүйесі. Мысалдар.
- ТР тіліндегі стандартты математикалық функциялар мен процедуралар. Мысал.
17. ТР тіліндегі символдық және жолдық функциялар мен процедуралар. Мысал.
- ТР тілі, Айнымалылар. Өрнкетер. Мысал.
- ТР тіліндегші регуляр типтер. Мысал.
- ТР программалау ортасында программаны өңдеу, жүктеу, аяқтау, орындау.
- ТР тілінің операторлары: жәй, құрылымды операторлар түсінігі.
- Меншіктеу операторы. Мысал.
- Енгізу – шығару стандартты процедуралары. Мысалдар.
- Шартты көшу оператлары. Мысал.
- Шартсыз көшу операторы мен функциялары. Мысалдар.
- Мәліметтер форматтап шығару. Мысалдар.
- Дейін-циклының базалық структурасы. ТР тілінің дейін-цикл операторы. Мысал.
- Әзір-циклінің блок-схемасы. Әзір-цикл оператоы. Мысал.
- Параметрлі қайталану операторы. Мысал.
- Көшу операторларының көмегімен циклдық процестерді ұйымдастыру. Мысалдар.
- Регуляр тип. Массивтер. Мысалдар.
- Бір өлшемді массивтер. Енгізу, шығару. Мысал.
- Бір өлшемді массивтің элементтерін сұрыптау түсінігі. Алгоритмі.
- Екі өлшемді массивтер. Сипатталуы.
- Екі өлшемді массивтер элементтерін шығару, енгізу. Мысал.
- Массивтерге қолданылатын амалдар. Символдық массивтер. Мысал.
- Сұрыптау алгоритмдері.
- Іздеу алгоритмдері.
- Іштестірілген циклдар. Мысал.
- Жиындарды анықтау және қолдану туралы.
- Ішкі программалар. Процедуралар мен функциялар.
- Рекурсия. Рекурсивті алгоритмдер.
- Файлдар. Файлдармен мәлімет алмасу мүмкіндіктері.
- Тексттік файлдарды сипаттау және өңдеу.
- Типтелген файлдар. Типтелмеген файлдар.
- Файлдарға қолданылатын амалдар.
- Pascal тілінің графиктік мүмкіндіктері.
- Графиктік режим және оның орнатылуы.
- Модулдік программалау түсінігі.
- Модулдің құрылымы.
ОҚУ ПӘНІНІҢСАЯСАТЫ:
Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.
Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық),лабароториялық сабақтарды қамтып,материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептершығаруды қамтиды.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп,ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.
Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауғатақырыптарбойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдарыбойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.
Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.
Әр сабаққа білім алушы негізгіжәне қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс.Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.
· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.
КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ
Бақылау түрлері | Апталар | Ұпай саны | |||||||||||||||||||||
Сабаққа қатысымы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | ||||||||
Үй жұмысы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | ||||||||
Практикалық жұмыс | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||||||||
Лабораториялық жұмыс | * | * | * | * | * | ||||||||||||||||||
Конспект | * | * | * | * | * | * | |||||||||||||||||
Аралық бақылау: Бақылау жұмысы | * | * | |||||||||||||||||||||
Аралық бақылау: Коллоквиум | * | ||||||||||||||||||||||
Аралық бақылау: Тест | * | ||||||||||||||||||||||
Мәнжазба | * | ||||||||||||||||||||||
Емтихан | * | ||||||||||||||||||||||
Барлық ұпай | |||||||||||||||||||||||
Ескерту: *- тапсырма саны
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
Баға | Коэффициент | % |
А | 4,0 | 95-100% |
А- | 3,67 | 90-94% |
В+ | 3,33 | 85-89% |
В | 3,0 | 80-84% |
В- | 2,67 | 75-79% |
С+ | 2,33 | 70-74% |
С | 2,0 | 65-69% |
С- | 1,67 | 60-64% |
Д+ | 1,33 | 55-59% |
Д | 1,0 | 50-54% |
Ғ | 0-49% |
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиеттер
- М.П. Лапчик Вычислительная техника и программирование, М, Просвещение, 1987. – 239 с.
- М.П. Лапчик Вычисления. Алгоритмизация. Программирование. М, Просвещение, 1988. – 208 с.
- С.А.Абрамов, Е.В.Зима Начала програмирования на языка Паскаль. М, 1987
- Д.Кнут. Искусство программирования для ЭВМ. Т.1-Основные алгоритмы. Т.2. Сортировка и поиск. М.:Мир,1987
5. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных.- Пер. с англ. — М.: Мир, 1989. - 360с.
- Е.А.Зуев. Язык програмирования ТР – 6.0.М, 1992
- ТО 7.0. Киев, Торгова изд/ос бюро. BHV, 1996
- Д.Алкок. Язык Паскаль в иллюстациях. Мир, 1991
- Культин Н, ТР в задачах и примерах. Киев, Санкт-Петербург. 2000
- С.А. Абрамов. Г.Г: Гнездисова и др. Задачи по программированию. М, Науке, 1988
- Л.М. Климова. Практическое применение решение типовых задач. М, 2000 г.
- Немнюгин С.А. «Turbo Pascal 7.0»: учебное пособие.-СПб:Питер,2000
- А.Г.Юркин Задачник по программированию. –СПб.: Питер, 2002.- 192 с.
14. http://www.borland.com
15. http://pascal-central.com
16. http://www.Inprise.com
Осымша әдебиеттер