Сыбайлас жемҚорлыҚҚа Қарсы іс-Қимыл-мемлекеттік саясаттыҢ басты баҒыты

Сәдірғалиева Бақытгүл Болатбекқызы

Ғылыи жетекшісі: з.ғ.м., «Құқықтану»

Кафедрасының оқытушысы Анара Амангелдықызы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ-МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Қазіргі уақыттағы біздің еліміздегі өзекті мәселелердің бірі деп сыбайлас жемқорлықты айтуға болады деп ойлаймын.

Осы мәселе бойынша 1979 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағытталуы» деген болатын.

Негізінен сыбайлас жемқорлық біздің ортамызға XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында келіпті. Бұл уақытта ірі кәсіптер пайда болып,оның басшылары өз кесіптерін ілгерілету үшін «мемлекетті сатып алуға» көшті,осыған байланысты шенеуліктердің лауазымдары арта түсіп лауазымдарын асыра пайдаланып «сатыла» бастаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған Батыс Еуропа елдерінің саяси партияларының маңыздылығы артып,сыбайлас жемқорлық белең ала бастаған екен.

Осы аталмыш проблемамен күресті нәтижелі түрде жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Шведцария, Жаңа Зеландия, Нидерландия, Сингапур, Канада, Австрия, Испания, Жапония елдерін жатқызуға болады. Міне, осы елдердің басшылықтары сыбайлас жемқорлық олардың мемлекеті мен қоғамын жояды деген оймен күрестерін жүргізіп жатыр.

Менің ойымша біздің елімізде де осындай елдердің саясатын ұстанып,сыбайласжемқорлық пен күрестің қарқынын үдете түсу керек.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Ел басшысы тек бұл жолдауында ғана емес,өзінің жыл сайынғы жасаған әр жолдауын еліміздің дамуына сыбайлас жемқорлықтың әсері тиіп кетпес үшін оны жою торалы айтып жүр.

Елбасымыз «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерген жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары деген болса, «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру және Қазақстанымыздың қарқында дамып,жолдан адаспауына,күрделі де ауыр кезеңдерден сенімді түрде өту үшін жасалған берік қорған деп сенімділікпен айта аламыз.

Бұл жолдауындағы қойылған жоспарлар тек белгілі елімізге «ауру» болып саналатын мәлелерді тек бетін әдемілеп жауып қою емес,оны түп тамырымен жою болып табылады. Осы «100 нақты қадам» жолдауының 3-қадамында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу» делінген. Бұл деп отырғанымыз еліміздің сыбайлас жемқорлық пен күресуші органымызда тек үздіктердің үздігі мен білікті де білгір мамандар ғана қызмет етеді деп ойлаймын.

Менің ойымша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері біздің еліміздегі күрестер нәтижелі болып келеді. Толықтай жойылмағанымен ынтамыз көрінеді. Бұл жолда еліміз тек заң шығарып қана тоқтап қалып жатқан жоқ түрлі іс-шаралар жүргізіліп,акциялар өткізіліп жатыр.

Елбасымыз «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген болатын.Сол себептен қазіргі білім ошақтарынан бастап осы күресті өскелең ұрпаққа да насихаттап,олардың да санасына бұл дерттің мемлекетімізге қандай зияны бар екенін жеткізіп жатыр.

Объектісі күнделіктті өмірде барлық анықталған және заңмен қорғалатын қоғамдық қарым –қатынастар болып табылатын сыбайлас жемқорлық проблемасының күннен күнге етек алуы Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құруға келтіріп отырған елеулі кедергілердің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық өкіметке, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қабілеттілігіне деген сенімге күдік тудыртып отыр. Бұл арқылы өкімет сыбайлас жемқорлық саласындағы проблема алдында дәрменсіз екендігін көрсетіп отыр. Бұл өкіметтің өзінің және қоғамдық қарым – қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретіндегі құқығының беделін түсіруде.

Қызметтік өсу кезінде шенеуніктерді “көмек көрсеткені үшін” “ризашылық” білдіру, лицензилар мен рұқсаттар алу кезінде “көмек көрсету’’,салықтық,кедендік және өзге де жеңілдіктер мен артықшылық беру сияқты кері тәжірибенің қалыптасып отырғандығына қоса, сыбайлас жемқорлыққа қатыса отырып атына кір келтірген мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тартудың нақты тетігінін болмауы,ал ең бастысы,халықтың құқықтық санасының төмендігі,қолданыстағы заңдардың тиімсіздігі мен қарама қайшылығы,оның орындалуының нашарлығы Қазақстанда сбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен дамуына ықпал етуде.

Сыбайлас жемқорлық әлемдегі барлық елде бар көрінеді. Бірақ осы індеттің ініне су құйған мемлекетті ести қойған жоқпыз. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанда да жеткілікті.

Қоғамның дамуына тигізер зияны шаш – етектен, азаматтардың ертеңгі кунге деген алаңдаушылығын туғызатын індетімен куреске Елбасымыз, Үкімет те, Парламент те, не керек бәрі – бәрі алаңдаушылық білдіруде. Бірақ, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тамырына қалай балта шабуға болатыны туралы әркім әртүрлі жауап береді.

Сыбайлас жемқорлыққты қабылдау индекция атты көрсеткіш бойынша 146 елдің арасынан Қазақстан 122 орында тур. Сыбайлас жемқорлық деңгеіне қарай 122 орынды Қазақстан Украйына және Қырғыстан елдерімен бөлісті. Бұрынғы кеңестік республикалардың арасынан сыбайлас жемқорлық деңгейі ең томен елге Эстония саналды. Ол 31 – орында болса, Грузия 133 орынды Тәжікстан және Түркменстан елдерімен бөлісіп отыр. Сыбайлас жемқорлық дертінен бойын аулақ устайтын ең таза шенеуніктер Финляндия, Жаңа Зеландия, Дания, Исландия және Сингапурда тұрады. АҚШ бұл көрсеткіш бойынша 16-шы орында. Ең жоғарғы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші Бангладеш пен Гайтиде тіркелген. Transparency International ұйымының есептеуінше дүние жүзі елдерінің бюджеттері мемелекттік қаржыны тарату барысында кем дегенде 400 млрд. доллордан қағылады екен. Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік феномен қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясы жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болады . Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурыстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күніде басты және күрделі әлеуметтік – саяси құбылыс ретінде көрінеді, сыбайлыс жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды.

«коррупцияның» (сыбайлас жемқорлықтың) анықтамасына этимологиялық тұрғыдан келсек, ол «corruptio» деген латын сөзінен аударғандағы « стып алу», «пара бер» мағынасын білдіреді. Рим құқығында сонымен қатар «сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу» ретінде түсінілетін және тиісінше заңға қайшы әрекетті білдіретін «corrumpire» ұғымы бар.

ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдалану, әйтпесе оларды мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар, ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайды.

Қазір еліміздің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күреске ерекше мән беруде. Президент Н.Ә.Назарбаев ҚР-ның қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөнінде 1995 жылғы 18 наурыздағы мәжілісіндеғ, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын алға ала отырып: «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады,- дем атап көрсетіп, параны көп нәрсе үшін – жер бөліп бергені үшін коммерциялық құрылымдарды қайта тіркегені, әскерден қалдырғаны үшін, кеден шебінен өткізу үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін , ең соңында бастықтың алдынан тамыр таныстықпен өткізгені үшін алады». Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында жеті стратегилық қағиғадалардың қатарына «Сыбайлас жемқорлыққа табандылықпен әрі аяусыз күреседі» атап өті. Қазақсатан Республикасы ТМД елдерінің арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдап және осы күресиі теңдесі жоқ міндеттердің бірі деп санады.

1998жылдың аяғында ел Президенті жоғарғы тәртіптік кеңесті «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия» етіп қайта құрды, 1998жылдың 7 желтоқсанында Президент Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 1999 – 2000 жылы сыбайлас жемқорлық пен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия таратылып, оны қызметі Президент әкімшілігіне берілді.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы қандада қылмыстың қол сұғушылықты қамтитынын да мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерге ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесіде баяу жүргізілуде. Бұл қылмыс пен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тегеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру қажет. Біз жалпы сыбайлас жемқорлық сипаты бар қылмыстарға жазаны қатайтудың қажеттілігін ұсынуды жөн көреміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға бүгінгі күні бір сыпыра толықтырулар мен өзгертулерді енгізу қажет өйткені мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын білім ошақтары мен емхана, ауруханалар, кейбір мемлекеттің жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің сипатына қосылмай қалған. Сондықтан, бұл құрлымдарда сыбайлас жемқорлық сипат бар құқық бұзушылықтар кең орын алады.

Жемқорлықтың, оның себептері, жеке басы және жемқорлықпен күресу шараларын терең зерттеу үшін олар туралы ақпараттардың маңызы күн өткен сайын жоғарлауда. Тек, криминологиялық ақпарат қана жемқорлықты алдын алуды басқару қызметіне шақырылған көптеген ескерту субъектілерін біркелкі жұмылдырылған жүйеге біріктіреді. Бұл жүйені жетілдіру үшін, біздің ойымызша, мына шараларды жүзеге асыру қажет:

1. Қозғалған жемқорлық істердің саны мен емес, құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен арыздар мен мәліметтер санына байланысты жүзеге асырылатын, құқықтық статистикада нақты орын алуын қамтамасыз ететін «ҚР сы мемлекеттік статестикасы және тіркеу есепке алу қызметі туралы» Заңды қабылдау қажет;

2. Жемқорлықпен күреске қалың қоғамды қатыстыру керек, себебі тұрғын халықтың сеніміне ие болу үшін заңдылықты қатаң сақтау қажет;

3. Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету: бұл кез – келген құқық бұзушылықтар туралы мәліметті арнайы нөмірленген тәртіппен бір уақытта автоматты түрде кезекші бөлімдерден прокуратура органдарына түсіп отыратындай етіп жасалуы қажет.

Бұл, шараның, өз кезегінде, прокуратура органдары тарапынан күн сайын тексеріс жүргізіліп, талдау жасалған жағдайда тиімділігі артады.

Еліміздің ертеңі айқын болуының, халықтың өзінің жарқын өміріне сенімін арттырудың бір тармағы осы жемқорлық қылмыстың кез келген түріне балта шабу мен тікелей байланысты.

Егеменді елімізде әділдікке негізделген шынайы демократиялық қоғам құратындағымыз рас болатын болса, сыбайлас жемқорлық сияқты індеттің алдымен шен – шекпеніне қарамай, шортаннан бастап шабағына дейін тамырына балта шауып отырса, міне, сонда әділдікте, тәртіп те орнар еді. Қарапайым халықтың да бұл мәселедегі көз қарасы жақсы жағына қарай өзгеріп, құқық қорғау органдарына, билікке деген сенімі арта түскен болар еді. Тамыры тым тереңге кеткен жемқорлық атаулыдан тек осылай ғана құтылуға болады. Сондықтан ҚР-ның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оған жол бермеуге өзінің үлесін қосарын болса, Егемендігіміздің ертеңі жарқын болып, Құқықтық мемлекет қалыптастыруға жол ашар еді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Оңғарбаева Е.А., Нұрғалиев Б.М. Ұйымдасқан қылмыс. Онымен күрес қайтсе жанданады?// “Заң” газеті. 1998.18- наурыз.

2. Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Угололовная ответственность за организацию преступного сообщества: Комментарий. – М.: Юринфор., 1997.

3. Елеськин М.В. Креминологические проблемы борьбы с оргганизованной преступностью в исправительных учереждениях: Автореф.дис. канд.наук. – М.: Юрид.лит., 1990.-259 с

4. Зайнутдинова А.Р. Көрсетілген еңбегі – 6 б.

5. Ожегов С.И. Көрсетілген еңбегі – 669 б.

6. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ стратегилық зерттеулер институтының «Сыбайлас жемқорлық феномені: теориясы мен практикасының мәселелері» деген тақырыптағы зерттеулердің нәтижесі жөніндегі есебі. Алматы, 2002 ж

7. Д.Дәулетғалиев, «Тәуелсіздігімнің тірегі», Заң газеті, 2006 жылғы 31 наурыз,

8. Т.Әлиұлы. «Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа орын болмауы керек», Заң газеті, 2006 жылғы 21 наурыз.

9. И.И.Рогов, Қ.А.Мами және т.б.. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негіздері», Алматы, 2004 ж, 1-36беттер.

10. БҰҰ Бас Ассамблеясының 34 сессия құжат деректері

Наши рекомендации