Графикалық диктант» тапсырмасы.

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау

Мақсаты:

Білімділік:Паскаль тілініңтармақталу операторы туралы алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:Өздік ойын дәлелдеп, тұжырымдай білуге жетелеу. Зейінін, ойлауын, есте сақтауын дамыту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Шапшаңдылыққа, тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың типі:практикалық сабақ

Сабақ өтілу формасы:топтық, жеке

Пәнаралық байланыс:Тарих, алгебра, геометрия

Сабақтың жабдықталуы:мультимедиялық проектор, оқушы мен оқытушыға арналған компьютер, интерактивті тақта, АBС Паскаль программасы, бағалау парағы, интернет, Gmail.com электрондақ почта, кеспе қағаз.

Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері Жұмыстың түрі мен формасы уақыты
· Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 1 мин
· Оқушыларды топқа бөлу Оқушыларды сурет қиындыларымен топқа бөлу, ереже жазғызу 3 мин
· Үй тапсырмасын тексеру Gmail.com электрондақ почтадағы үй тапсырмаларын тексеру 2 мин
· Тақырыпты хабарлау Оқушылардың сабақтың мақсатымен таныстыру 1 мин
· «Графикалық диктант» тапсырмасы» Топтар экранға шыққан пікірлердің ақиқат, жалғанын анықтау 5 мин
· «Тәуелсіздік шежіресі» тапсырмасы Оқушыларға сұрақтар қойылып, қай жылда болғанын анықтап, жасырылған тапсырманы орындау 8 мин
· Сергіту сәті   1мин
· «Жалғастыр» тапсырмасы Берілген нақыл сөздің жалғасын тауып, тармақталу алгоритіміне арналған есепті шығару, PascalABC ортасында жұмыс 15 мин
· Сабақты бекіту Тест орындау 5 мин
· Үй тапсырмасын беру Үй тапсырмасының орындалу жолын оқушыларға түсіндіру 1 мин
· Кері байланыс Ойды аяқта: • Бүгін мен білдім… • Мен үйрендім… • Қолымнан келді … • Қиындық тудырды… 2 мин
· Сабақты қорытындылау Оқушылардың өзін-өзі бағалауы 1 мин

Сабақтың барысы:

· Ұйымдастыру бөлімі:

– Сәлеметсіздер ме! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңыздың көңіл күйлеріңіз жақсы ма? Жақсы көңіл-күйлеріңіздің сабақтың соңына дейін сақталғанын қалаймын. Сонымен, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыздың ұраны ретінде программист Чарльз Беббидждің мына сөздері айтқым келіп тұр: «Мен естіп - ұмыттым, көріп - есте сақтадым, орындап - түсіндім!». Бұл сөздерден не ұқтыңыздар? Яғни қандайда бір құбылыстың, процесстің мағынасын түсіну үшін алдымен оны өзің орындап, өзіміздің бойымыздан өткізуіміз қажет. Әйтпесе, біз тек қана есте сақтаймыз да, оны терең ұғына алмаймыз, бізге тек қана түсінеміз, біраз уақыт өткен соң бәрін ұмытып қаламыз. Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлу. Топ ережесін жазғызу. Өзін-өзі бағалау парағын түсіндіріп, тарату.

· Үй тапсырмасын тексеру:Оқушылардың Gmail.com электрондақ почтаға жіберген үй тапсырмаларын тексеру, шығарылу жолын сұрау.

· Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:«Тармақталу алгоритмдерін программалау» практикалық сабақ, өткен сабақта алған теориялық білімімізді іс жүзінде қолдану. Сәттілік тілеймін!

Тапсырмаларды орындау

Графикалық диктант» тапсырмасы.

Экранға пікірлер шығады, егер пікір ақиқат болса, түзу сызық салыңыз “-”, жалған болса – үй суретін салыңыз “^”. жылдам жауабын тауып тақтаға жазуларыңыз қажет.

1. Тармақталу алгоритімі – бұл, есептің мазмұнында шарт беріліп, шешім сол шартқа байланысты байланысты болатын алгоритм.

это алгоритм, в котором выполнение команд зависит от условия.

2. Шарт – бұл, тек қана «жалған» мәнді қабылдайтын, логикалық өрнек.

3. Sqrt (x) функциясы – х-тің квадрат түбірі.

4. Паскальда «минус» тармағы Then операторын білдіреді.

5. Writeln операторы - тармақталу операторы болып табылады.

6. <If> операторы «Егер» деп оқылады.

7. Integer – бұл мәліметтердің нақты типі.

8. Read – енгізу процедурасы.

9. Логикалық “and” бұл «немесе» деп оқылады.

10. Егер алгоритмде бірнеше жағдайдың біреуін пайдалану қажет болса, онда таңдау операторы қолданылады.

Енді графикалық диктанттың дұрыс жауабын білу үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет.

Тұңғыш президент: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тұңғыш ғарышкер: Тоқтар Әубәкіріов

Тұңғыш қаза әліппесін жазған: Ахмет Байтұрсынов

Тұңғыш олимпиада ойындарының жеңімпазы: Жақсылық Үшкемпіров және Серік Қонақбаев

Тұңғыш программист: Ада Лавлайс

графикалық диктант» тапсырмасы. - student2.ru

Жауабы: _ ^ _^ ^ _^ _ ^ _

Наши рекомендации