Практикалық жұмыс №3
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Практикалық жұмыстар №1
Сабақтың тақырыбы Тұрақтылар, айнымыллар, стандартты функциялар, өрнектердің меншіктеу операторларының жазылуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға программа құрылымы, айнымалыларды, тұрақтыларды, белгілерді сипаттау және операторлар бөлімі, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру;
Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. Паскаль тілінде мынадай операциялар бар:
* – көбейту, / – бөлу, % – модуль бойынша бөлу (қалдықты анықтау), + – қосу, - – азайту.
Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы түрі:
READ(a1, а2,...,ап); READLN(a1, a2,...,an); READLN;
Шығару операторы.Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу)операторы қолданылады.
WRITE (a1, а2,...,ап); WRITELN(a1,a2,...an);
1-мысал.Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.
Program kosindi;
Var a,b,x: integer;
Begin
Write ('а,b-сандарыненгіз');
Readln(a,b);
X:=a+b;
Writeln('x= ‘,x);
End.
2-мысал.Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a,b,x:real;
Begin
Write ('а,b-сандарын енгіз');
Readln(a,b);
Writeln('x= ‘,x);
End.
Тапсырмалар
1.Мына өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар да мәндерін есептеңдер:
б) (2+3)-ті 6-ға бөлгендегі қалдықты табу;
в) 5*2/10;
№2. Мына өрнекті Паскаль тілінде жазыңдар:
№3. Паскаль тілінде жазылған өрнектердің математикалық жазылуын көрсетіңдер:
№4. Мына өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:
№5. Паскаль тілінде жазылған төмендегі өрнектердің математикалық жазылуын көрсетіңдер:
Практикалық жұмыс № 2
Сабақтың тақырыбыАлгоритмнің сызықты құрылымының программасын жазу. Тармақталған алгоритмдердің құрылымын программалау
Сабақтың мақсаты:Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік бере
отырып оқушыларды программа құруға үйрету
Өрнектегі операцияның орындалу қатарын приоритет деп атаймыз. Әр операцияның орындалуы оның приоритеті есебімен болады. Приоритет мәні 3 кестеде көрсетілген.
Операция | Приоритет | Операция түрлері |
@, NOT *, /, DIV, MOD, AND +, -, OR, XOR =, <>, <, >, <=, >=, IN | Бірінші (Жоғарғы) Екінші Үшінші Төртінші (Төменгі) | Унарлы операция Көбейту типінің операциясы Қосу типінің операциясы Қатынас операциясы |
№1.Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын
кұру керек. х = (а + b)2,у = a*b
Program esepl;
Var a, b,x,y: integer:
Begin Write (‘а,b-сандарын енгіз');
Readln(a,b);
X:=sqr(a+b);
Y:=a*b;
Writeln(‘x=’,x);
Writeln(‘y=’,y);
End.
№2. ,мұндағы x=5, y=2,8 функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.
Program esep2;
Var k:real;
Const x=5,y=2.8;
Begin
K:=sqr(x)+sqr(y)*sqrt(x+y);
Writeln('k=’,k);
End.
Тапсырмалар
1. Бірінші оқушы бір сағатта М себет, 2-оқушы К себет, 3 оқушы L себет алvа жинаса,
олар t са5атта қанша алма жинайды? (
2. Бір зат алдымен 10%-ке қымбаттап, одан соң 10%-ке арзандатылса, заттың бағасы
қанша %-ке өзгерген.
3. х және у-тің мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа
құрыңдар.
Практикалық жұмыс №3
Сабақтың тақырыбы Тармақталған алгоритмдердің құрылмын программалау
Сабақтың мақсаты:Паскаль тілінің Тармақталған алгоритмдердің құрылмын программалаутуралы түсінік бере отырып программа құруға үйрету
IF...THEN...ELSEшартты оператордың құрылымы келесiдей болады:
If шарт Then оператор_1 Else оператор_2;
Бұл оператор кейбiр логикалық шартқа байланысты оператордың орындалу тәртiбiн өзгертедi. Шарт деп тұрақтымен, айнымалымен немесе логикалық өрнекпен анықталған True (ақиқат) немесе False (жалған) деген логикалық мәндер түсiнiледi.
Егер шарт True мәнiмен анықталса, онда Then сөзiнен кейiнгi оператор (жәй немесе күрделi) орындалады. Егер шарт False мәнiмен анықталса, яғни шарт орындалмаса, онда Else сөзiнен кейiнгi оператор (жәй немесе күрделi) орындалады.
№1. Екі санның үлкенін табатын программа құр.
Program max;
Var a, b, max:integer;
Begin
Readln(a,b);
If a>b then max:=a else max:=b;
Writeln (‘max=’,max);
End.
№2. Үш санның үлкенін табатын программа құр.
Program max;
Var a, b, c, x, max:integer;
Begin
Readln(a,b,c);
If a>b then x:=a else x:=b;
If x>c then max:=x else max:=c;
Writeln (‘max=’,max);
End.
№3. Екі санның кішісін табатын программа құр.
Program min;
Var a, b, min:integer;
Begin
Readln(a,b);
If a<b then min:=a else min:=b;
Writeln (‘min=’,min);
End.
Тапсырмалар
1. Үш санның кішісін құратын программа құр.
2. Үш кесіндінің a,b,c ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оны периметрін және ауданын табыңдар.
3. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
4. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.
5. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.
6 Екі санның үлкенін табатын программа құр.
7. Үш санның үлкенін табатын программа құр.
8. Екі санның кішісін табатын программа құр.
9. Үш санның кішісін құратын программа құр.
10. Үш кесіндінің a,b,c ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оны периметрін және ауданын табыңдар.
11. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
12. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.
13. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.