Азақстан Респубикасында өнертабысты патенттеу рәсімі жөнінде.
Өнертабыс дегеніміз не?
Өнертабыстың анықтамасын бірнеше түрде беруге болады.
1) Өнертабыс — ол, белгілі бір материалдық нысанға, өнімге, немесе осы материалдық нысан мен өнімнің функционалдық тиімділігін жақсартуға байланысты ic-әрекеттерді жүзеге асыру үрдісін қамтамасыз ету үшін ұсынылған тәсілдерді суреттейтін техникалық шешім.
2) Альтернативтік, яғни баламалық анықтама: Өнертабыс деп, табиғат заңдарын басқару мақсатында, адамның ойлау қабілеттілігінің негізінде жасалынған құралды (құрылғы, немесе тәсіл) айтуға болады. Бұл ойлап табылған құрылғалар, немесе тәсілдер арқылы, адамның күнделікті қызметінің кез келген бағытында кездесетін белгілі бір мәселе, жаңаша және ерекше түрде шешіледі. Яғни, өнертабысты, адамның интуициясына, оның білімі мен өмірлік тәжірибесіне негізделген өнертабыстық іздену әдістері шеңберіндегі жасалынған шығармашылық (эвристикалық) қызметінің жемісі деп айтуға болады.
Әлемнің көптеген дамыған мемлекеттеріндегі «өнертабыс» түсінігіне берілетін анықтамар оның мәнін суреттеген кезде көбіне жаңалық деген сөздің төңірегінен шығалмайды. Сол арқылы, олар өнертабыс табиғатын, оның адам ойы мен қызметінің нәтижесі бола тұрсада затқа жатпайтын жасанды етіп көрсеткісі келеді. Олардың ойынша, өнертабыс, адамның шағармашылық сипаттағы ой еңбегінің нәтижесі және т.с.с әртүрлі анықтамалар береді.
Өзіміз көріп тұрғандай, әртүрлі анықтамалардың саны көбейе түскен сайын өнертабыстың нақты мәнінен алыстай түсеміз. Сол себептен, «өнертабыс» деген сөздің мәнін ҚР заңнамаларындағы зияткерлік қызметінің анықтамаларындағы түсініктердің жалпы ережелеріне сүйене отырып, өнертабысқа не нәрсе жатпайды, міне соның ережесін анықтау арқылы шығарып алған дұрыс болып табылады. Былайша айтқанда, өнертабысқа не жатпайтынын білсек, басқасының бәрі өнертабысқа жататын болып есептелінеді.
Көп елдерде, соның ішінде біздің республикада да, өнертабыс, зияткерлік меншіктің, оданда да нақты айтсақ, өнеркәсіп нысандарының қатарына жатады.
Кейбір елдерде өнертабысты материалдық емес нысандар қатарына жатқызады, себебі, олардың ойынша, қарастырылып отырған нәрсе субъективтік құқық, немесе сол нәрсеге байланысты үрдістік құқығымызды анықтайтын болғандықтан, ол заттай нәрсе қатарына жатпайды делінген.
Бірақта, қай ел болмасын өнертабысты, оның бір есептен авторлық құқық нысанына жататынына қарамастан, оны авторлық құқық нысандарының қатарына қоспайды. Өнертабыс үшін авторлық құқықтың кез келген аналогтерін қолданғанда тек қана сол шеңберде ғана қолданамыз, егерде, әрине, өнертабыс зияткерлік қызметтің нәтижесіне жататын болса.
Өнертабыс құқығы ҚР патенттік заңнамасымен реттеледеі және арнайы берілетін патентпен расталынады.
Өнертабыс, зияткерлік меншікке жататын нысан ретінде құқықтық қорғауға ие болып, өнертабысқа берілетін патентпен расталуы мүмкін, егерде ол келесідей үш шартқа (критерий) қайшы келмесе:
- «жаңашылдық»,
- «өнертабыстық деңгей»,
- «өнеркәсіпте қолданылу мүмкіндігі».
Өнертабыс жаңа, немесе жаңашылдыққа ие деп есептелінеді, егерде ол техника деңгейінде бұрын соңды белгілі болмаған болса.
Өнертабыс өнертабыстық деңгейге сай деп саналады, егерде сарапшы маманның пайымдауы негізінде ол техника деңгейінен аластау болса. Техника деңгейі қатарына әлемдегі барлық бұрыннан белгілі кез келген мәліметті жатқызуға болады, егерде ол мәлімет, тек өнертабыс басымдығы (приоритет) белгілі болған уақытқа дейін болса.
Өнертабыстың өнеркәсіпте қолданылуы мүмкін деп саналады, егерде ол шын мәнінде де өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және басқа да өндірістік бағыттағы нысандарда қолдануға жарамды болса.
Қандай нысандар өнертабыс бола алады ?
Қандай өнертабыс нысандары патентке ие бола алады:
- құрылғы, немесе тәсіл,
- зат, немесе белгілі бір нәрсе,
- микроорганизм штамы,
- өсімдік пен жануар клеткасынының өсімдері (культуры),
- егерде бұрыннан белгілі құрылғыны, тәсілді, затты, штамды жаңа мақсатта қолдансақ.
Мүліктік құқықтар нысандары (тіпті жеке мүліктік емес құқықтар нысандары) болып саналмайтындардың қатарына жататындар:
- идеялар, концепциялар, принциптер;
- табиғаттың заңдылықтары, фактілер;
- ғылыми жаңалық ашулар, ғылыми теориялар;
- үрдістер мен әдістемелер, егерде олар өнертабыс нысанынына жататын әдістерден басқа болса;
- алгоритмдер, ережелер мен ойын әдістері, бағдарламалау тілдері, математикалық әдістер, ойлау операцияларын болғызатын әдістер;
- ұйымдастыру мәселелерінің шешімі, шаруашылық қызметті жүргізу әдістері;
- ақпаратты көрсету немесе беру үшін ғана қолданылатын шешімдер мен әдістер;
- тірі организмдерді алудың биологиялық әдістері (микроорганизмдерден басқа).
Сонымен қатар өнертабыс нысандары болып есептелінбейтіндердің қатарына (себебі олар зияткерліктің басқа бір түрлерінің нысандары болып табылғандықтан), атап айтқанда:
- өсімдік сорттары;
- жануар породалары;
- интегралдық микросхемалар топологиялары;
- өнімнің немесе заттың тек сыртқы ұсқынына және оның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған техникалық шешімдер;
- электрондық есептегіш машиналардың бағдарламалары;
Сондай ақ, құқық қорғау құжаттарымен қамтамасыз етілмейтін шешімдер қатарына, қоғамдық мүддеге, адамгершілік және мораль прициптеріне қайшы келетін шешімдер жатады, атап айтқанда:
- адамды клондау әдістері;
- адамның алғашқы пайда болу бастамасы клеткаларының генетикалық біртұтастығын сақтау әдістерінің модификациялары;
- адам эмбриондарын өнеркәсіптік және коммерциялық мақсаттарда қолданудың тәсілдері.