Тақырып № 15 Тістер орналасуының аномалиялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі.

2.Мақсаты:Тістер орналасуының аномалиялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері туралы студенттерде теориялық білімді қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері:

Тістер орналасу аномалияларына келесі түрлері жатады:

- вестибулярлы

- оральды

- мезиальды

- дистальды

- супра және инфра орналасу

- тортоаномалия

- тістердің транспозициясы

Уақытша тістерде тұрақты тістерге қарағанда аномалиялық орналасулар аз болады. Көп уақытта аномалиялық орналасу қатарласа келеді.

Аномалиялық орналасудың себептері:

- тіс зачаткаларының атипиялық салынуы

- жақтардың өсуінің бұзылыстары

- тіс қалыптасу үрдісінің бұзылуы

- уақытша және тұрақты тістердің көлемдерінің сәйкес келмеуі

- аса көп тістер

- макродентия

- уақытша тістердің ерте жұлынуы

- тұрақты тістердің бұзылуы мен жұлынуы.

Тістердің мезиальды ораласу – бұл алдыңғы тістердің бір біріне өз өсінде айналып қиғаш және тығыз орналасу. Сол кезде тіс жүйесіне бір келкі ауырлық түспеу себебінен пародонт аурулары пайда болады.

Тістердің мезиальды ораласуын емдеуде келесі әдістер қолданылады:

тіс доғаларын кеңейту

тістердің дистальды жылжуы

тістердің өз осінде айналуы

Уақытша тістесу мен аралас тістесудің бастапқы кезеңінде: ползиционерлерді, Френкель аппараттарын, кеңейткіш виттары бар пластинкаларды қолдануға болады.

Ауыспалы тістесуде көп жағдайда винттары, пружиналары, рычагтары бар пластиналар қолданады.

Тұрақты тістесу кезенінде ең жақсы қорытынды беретін брекит жүйесі мен доғалы аппараттар қосындысы.

Дистальды жылжуға көбінесе күрек тістер, әсіресе ортаңғы тап болады. Бұл диастеманың пайда болуына әкеледі.

себептері: сүйір күрек тістердің адентиясы, ортаңғы күрек тіс арасындағы альвеолярлы сүйек тінінің қатты тығыздалуы, жоғарғы ерін үзбесінің төмен бекуі, сүйір күрек тістерді жоғалту, күрек тістер аймағындағы аса көп тістердің болуы, жаман әдеттер, саусақты. тілді, заттарды сору. Диастемалардың өз еркімен орнына келуі шектелген.

Уақытша тістесу кезеңіндегі диастемаларды емдеу - жаман әдеттерді жою және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру үшін, позиционерлер мен вестибулярлы пластинкалар қолданылады. аса көп тістер жұлынады. Диастеманы емдеу кезінде жоғарғы еріннің үзбесінің пластикасы , альвеолааралық пердену алу арқылы қолданады. Өз бетімен қалпына келу мүмкіндігін еске ала отырып, пластиканы сүйір күрек тістер шықаннан кейін жасайды. егер жоғарғы жақ еріннің үзбесі жуан болса онда өз бетімен қалпына келуі болмайды, сондықтан операция уақыты басқа болады.

Аралас тістесу кезіндегі диастеманың емі: қолтәрізді және де басқа пружиналары, вестибулярлы доғалары бар ортодонтиялық алмалы аппараттар қолданады.

Тұрақты тістесу кезінде – диастеманы емдеуде кең қолданылатын бұл брекит жүйесімен бірге доғалы аппараттар. Тіс жақ жүйесінің өсіп қалыптасуынан кейін үлкен көлемді диастемаларды әр түрлі құрылысты алмалы және алынбайтын протездермен жабуға болады.

Тістердің өз өсінде айналу, тістердің оральды және вестибулярлы орналасуы – көбінесе уақытша тістерді ерте жұлу және тіс қатарында орынның болмауына байланысты.

Тістердің өз өсінде айналу, тістердің оральды және вестибулярлы орналасуының емі: алынатын және алынбайтын доғалы аппараттар қолданылады.

Жоғарғы жақ тістерінің супрапозициясы және төменгі жақ тістерінің инфропозициясы бұл – тістердің толық жарып шықпауы. көп жағдайда бұл ақау тіс қатарындағы орынның жоқ болуымен, тіс ұрықтарының дұрыс орналаспауымен және де т,б себептерге байланысты. Тістердің орналасу аномалияларында әсіресе жоғарғы жақ тістерінің супрапозициясы және төменгі жақ тістерінің инфропозициясын емдеуде тіс қатарында орын босату ең маңызды болып табылады. Ары қарай ем ретенерленген тістерді алынбайтын протездермен емдеумен жалғастырады. Бірақ тіс қатарында тістерге орын жеткілікті болғанда оны алмалы аппаратқа ауыстыруға болады.

Төменгі жақ тістерінің супрапозициясы және жоғарғы жақ тістерінің инфропозициясы тіс антогонистерді жарақат әсерінен, толық адентия, тістердің тығыз орналасу салдарынан ерте жоғалтқан кезде пайда болу мүмкін.

4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.

Дебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978.,

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж.

6. Бақылау сұрақтары:

1.Тіс орналасу аномалияларының негізгі себептері

2.Тістердің мезиальды орналасу кезіндегі қолданылатын ем

3.Тістердің вестибулярлы, оральды және өз өсінде айналу кезіндегі қолданылатын ем

4.Жоғарғы жақ тістерінің супрапозициясы және төменгі жақ тістерінің инфропозициясы кезінде негізгі кезен

Наши рекомендации