Тақырып № 2 Балалар стоматологиялық практикасында тістің қатты тіндерінің зақымдануы
2. Мақсаты:Студенттерге теориялық білімін қалыптастыру, балалар стоматологиялық практикасында тістің қатты тіндерінің зақымдануын бекіту.
3. Дәрістің тезисі:
1. Даму кезеңінде пайда болған тістердің қатты тіндердің ақаулары:
- тістер кіреукесінің гипоплазиясы
- тістер кіреукесінің гиперплазиясы
- тістер тіндерінің дамуының тұқымқуалаушылық бұзылыстары
- Тістердің тіндерінің дамуының медикаментозды және токсикалық бұзылыстары
2. Жарып шыққаннан кейінгі тістердің қатты тіндерінің ақаулары:
- тістердің патологиялық мүжілуі
- тістердің сына тәрізді ақаулары
- тістер эрозиясы
-тістер тіндерінің дамуының медикаментозды және токсикалық бұзылыстары
- тістер жарақаты
- тістердің қатты тіндерінің некрозы
Балалар жасындағы стоматология тәжірибесінде тісжегісіз зақымданулар құрылымының ішінде ең жиі кездеседі: гипоплазия, флюороз, тістер тіндерінің дамуының медикаментозды және токсикалық бұзылыстары
Кіреуке гипоплазиясы-бұзылған тісте зат алмасу үрдісінің нәтижесінде дамитын даму ақауы. Ол тіс құрылымының сандық және сапалық бұзылыстарымен жүреді.
Этиологиялық факторы одонтобласттардың жеткіліксіз немесе төмендеген қызметі болып табылады. Ол әртүрлі аурулар әсерінен ағзада алмасу үрдістерінің немесе механикалық жарақат, инфекция, өтпелі радиация әсерінен жеке фолликулаларда алмасу үрдістерінің бұзылуымен байланысты
1.Жүйелі гипоплазия – бір кезеңде дамитын тіс топтарында пайда болатын бұзылыстар
2.Ошақты- бір немесе әртүрлі даму кезеңіндегі жақын тұрған бірнеше тістегі бұзылыстар
3.Жергілікті – бір немесе бірнеше тістерде
Клиникалық түрлері:
Дақты- жұмсақ жылтыр бетті, айқын шекаралы, ақ түсті дақ. Симметриялы орналасқан тіс сауыттармен бір деңгейде орналасқан. Симметриялылығы тек қана фактордың орналасуымен ғана емес, пішіні мен өлшемімен сипатталады.
Гипоплазияның орналасу аймағына қарап, минералды алмасу бұзылысы қай жаста болып жатқаны туралы айтуға болады. Зақымдалу ошағының ұзындығы бойынша бұзылыстың ұзақтығын анықтауға болады. Кесу қырына параллелды орналасқан гипоплазия ошақтарының санымен бала ағзасында алмасу үрдісінің бұзылыстары қанша рет дамығанын анықтайды.
Эрозивті түрі:шектелген аймақта тіс сауытының әртүрлі жерлерінде кіреуке қабатының жұқаруымен сипатталады. Ақаулар домалақ пішінді, аттас тістермен симметриялы орналасады. Ақаулар бір өлшемді және пішінді болады.
Жүлгелі түрі-кесу қырына параллелды орналасқан әртүрлі ұзындықта және тереңдіктегі кіреукенің жүлгесі тереңдеу түрінде көрінеді. Жүлге түбінде кіреуке қабаты жұқарған, кейде мүлдем болмайды.
Аралас түрі-жеке тістерде, бір тіс аймағында ақ дақтар мен эрозиялардың кезектесуімен сипатталады. Соңғы жылдары ол жиі кездесетіндіктен, кіреуке зақымдалуының диагностикасын қиындатады.
Гипоплазияның дақты түрі 46,8 % науқастарда, эрозивті- 27,3%, жүлгелі-5,2%, аралас түрі-20,7% кездеседі.
Тістер флюорозы қоршаған ортадан тазалуы көп қолданумен байланысты. Ауыз суындағы фтордың мөлшері 0,5 мг/л болса, тіс тіндерінде өзгерістер тудырмайды. Фтор – 0,8-1,0 мг/л болса, балаларда жеңіл түрі болады. (10-12%)
Фтор- 1,0-1,5 мг/л - 20-30%-де;
1,5-2,5 мг/л - 30-45%-де
> 2,5 мг/л-, < 50%. қарағанда
Мектепке дейінгілерде сүт тістер арасында 50% кездесетіні дәлелденген. Әдетте үлкен азу тістер мен ит тістер зақымдалады.
Флюороз – сыртқы фтордың макро және микроэлементтермен байланысуы нәтижесінде дамиды. Олардың биологиялық белсенділігі бұзылады.
Кіреуке гипоплазиясы- дамып келе жатқан тістерде алмасу үрдістерінің бұзылуы нәтижесінде дамитын ақау. Оның құрылымындың сандық және сапалық бұзылыстары байқалады.Этиологиялық факторы инфекция, жарақат, радиация әсерінен одонтобластардың қызметінің бұзылуы болады. Гипоплазия балаларда 12-15 % кездеседі.
Гипоплазия профилактикасы-кезеңдері жүкті әйелдің денсаулығын күтуден басталады. Оған жақсы тамақтануға, жалпы аурулардан сақтануға және дәрігерде диспансерлік бақылауға қаралып тұруға кеңес беріледі.
Флюороз профилактикалық қоғамдық шаралары келесіден тұрады:
- құрамында фторы жоғары су көздерін оптималды концентрацияға алмастыру;
- фторға бай немесе фторы аз суларды қажетті деңгейге дейін араластыру;
- суды фторлауға қайта құрастыру;
- мекемеге оптималды деңгейлі фторды жеткізуді ұйымдастыру;
- балаларды құрамында қалыпты фторы бар аймаққа көшіру.
Флюороз профилактикасының жекеше шаралары:
- Эпидемия ошақтарында нәрестелерді жасанды тамақтандыруға болмайды;
- Бала тамағына құрамында көп фторы бар суды қоспау;
- Суды сүтпен алмастыру керек;
- Құнарлы тамақтандыру керек;
- Құрамында фторы көп тамақтарды қолданбау (теңіз балығы, май, шай);
- Құрамында фторлы қоспалары жоқ пасталармен тісті жуу;
- Суды фтордан тазалау әдісін жиі қолдану керек:
7. қайнату;
8. суыту;
9. мұздату;
10. фильтрлеу- фтор құрамы 2 мг/л болғанда, суды күкірт қышқылды гликоземмен тазарту. 300 мг- 1 л суға. Ал 4-6 мг/л болғанда, 50 мг дейін препаратты қолданады.