Тақырып № 13. Терең, ашық тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі.

2.Мақсаты:терең, ашық тістесудің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері бойынша студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері:ашық тістесу тістесудің вертикальды аномалияларының бір түрі болып табылады. Бұл кезде тіс қатарларының түйісуі кезінде тістер арасында вертикальды саңылау болады. Бұл саңылау алдыңғы және бүйір тістер арасында болу мүмкін.

Ашық тістесудің жіктелуі:

  • Жарақаттық (жаман әдеттер салдарынан)
  • Нағыз (рахиттік)

Жарақаттық ашық тістесу келесі себептерден пайда болады:

  • Жаман әдеттерден (саусақты, ерінді, ұртты сору)
  • Ұйықтау кезінде басын шалқайту
  • Ауызбен дем алу
  • Инфальтилді жұтыну
  • Макроглоссия
  • Тіл жүлгесінің қысқаруы
  • Сөйлеу кезіндегі тілдің дұрыс емес артикуляциясы
  • Сорғыштарды көп уақыт сору

Нағыз ашық тістесудің себебі рахит болып табылады.

Ашық тістесудің айқын дәрежесі вертикальды саңылаудың көлеміне байланысты анықталады:

I дәрежесі – 5 мм ге дейін

II дәрежесі – 5 мм ден 9 мм ге дейін

III дәрежесі – 9 мм ден көп

Ашық тістесу функциональды бұзылыстарға әкеледі:

  • Тамақты тістеудің қиындауы
  • Шайнау
  • Дұрыс емес жұтыну
  • Сөйлеудің бұзылуы
  • Тыныс алудың өзгеруі

Ашық тістесу емдеуін оның түрі және дәрежесіне байланысты диференциалдайды.

  • Уақытша тістесу кезіндегі емдеу ашық тістесудің пайда болуын алдын алатын шаралармен жүру керек, бұлар:
  • Жаман әдеттерді жою
  • Тілдің орналасуын дұрыстау
  • Мұрынмен дем алуыды, жұтынуды, дыбыс шығаруды дұрыстау

Уақытша тістесу кезінде әр түрлі алмалы салмалы аппараттарды қолданады. Бұл аппараттар конструкциясына тілдің ұшын тіс қатарынан алыстататын сым және пластмасса элементтері кіреді. Сонымен қатар Андрезен – Гойпл активаторы, Мюлерман пропульсері, функияны реттеуші Френкель аппараттары қолданады. Бұл аппараттар кұрылымы окллюзияның трансверзальды немесе сагитальды патологиясына байланысты болады.

Аралас тістесудің бастапқы кезеңінде уақытша тістесу кезіндегі сияқты ем қолданылады. әр түрлі пластиналы аппараттарға трансверзальды және сагитальды окллюзия патологиясын жою үшін пружиналарды, рычактарды, лингвальды және вестибулярлы доғаларды бекітеді.

Аралас тістесудің соны мен тұрақты тістесуде алынбайтын доғалы аппараттар және тістерінің жағдайы жақсы болса реверсионды доғаларды қолданады. Бұл аппараттарды ауыз сыртылық вертикальды тяжбен бірге қолдануға болады. Жоғарғы жақтың ашық тістесуінде егер алдыңғы тістердің маңындағы тіс альвеоланың қысқаруы, ал алдыңғы бүйір тістер маңайындағы тіс альвеоласының ұзаруы болса онда Гербст – Кожакар аппараттарын қолдану керек.

Тұрақты тістесуде ем тез жүру үшін ортодонтиялық аппараттарды салу алдында компактоостемия жүргізуге болады.

Терең тістесу, ашық тістесу сияқты вертикальды тістесу аномалияларының бір түрі болып табылады. Нормада жоғарғы жақтың фронтальды тістері төменгі жақтың фронтальды тістер сауытын 1/3 бөлікке жауып тұру керек. Көбінесе адамдарда жоғарғы тістер төменгі тістерді жауып жатады.

Терең тістесудің себептері:

  • тұқымнан берілген факторлар
  • қатты тіндердің тіс жегі және тіс жегісіз бұзылыстары әсерінен бүйір тістердің жұлынуы және бұзылуы.
  • жаман әдеттер, саусақ және тағы басқа заттарды сору
  • тыныс алу, жұтыну, сөйлеу функцияларының бұзылуы.
  • аса көп тістер
  • диастемалар
  • кешіккен уақытша тістер
  • макродентия

Клиникалы терең тістесу кезінде беттің үштен бір бөлігі қысқарады, супраментальды жүлге тереңдейді, және де дистальды мен мезиальды тістесулердің белгілері пайда болады. Төменгіжақ самай буынының дисфункциясы және алдыңғы тістердің пародонтының салмақ түсуі пайда болады.

Емдеу әдістері:

алдыңғы тістердің тісальвеоланың ұзындауына әсер ететін себептерді жою, тістердің орналасуы мен тіс доғасының пішінін түзеу, төменгі жақ орналасуы мен жақ өсуін дұрыстау.

Уақытша тістесу кезеңінде:

  • тістерді сауыттар мен пломбалармен қалпына келтіру
  • вестибулярлы пластинка мен позиционерлерді қолдану
  • көрсеткіштерге қарай тіл жүлгесінің пластикасы

Уақытша тістесудің аяғында – Катц сауыттары, тістеу пластинкалары, активаторлар, Мюлеман пропульсерлар, Френкель оклюззионды аппараттар қолданады.

Тұрақты тістесуде - жақаралық тәждер мен доғалы аппараттарды қосады.

4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.

Дебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978.,

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Ашық тістесудің пайда болу себептері

2. Терең тістесудің пайда болу сепебтері

3. Ашық тістесудің беттік белгілері

4. Ашық тістесудің ауыз ішілік белгілері

5. Ашық тістесуді емдеу принциптері


ДӘРІСТІК КЕШЕН:

Наши рекомендации