Жағдайлық есептер. Тапсырма №1: жағдайлық есепті шешу (білім, практикалық және құқықтық дағдылар)
Тапсырма №1: жағдайлық есепті шешу (білім, практикалық және құқықтық дағдылар)
Идентификациялау кезеңінің мақсаты ҚМГКК (қарашығанақ мұнай газ конденсат кеніші) аймағында анықталған химиялық заттардан олардың ағзаға зиян әкелу мүмкіндігін ескере отырып, денсаулық үшін қауіп қатерді орнату болып табылады.
Кезеңнің негізгі міндеті басым, индикаторлы химиялық заттарды таңдау болып табылады. Бұл тұрғындар денсаулығы үшін қауіп қатер деңгейін сипаттау және олардың пайда болу көздерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде тұрғындар денсаулығына потенциалды қауіп туғызатын химиялық заттарды анықтау мақсатында технологиялық үрдістерді ескере отырып, талдау жүргізілді. Штаттық тәртіпте және бір рет көп мөлшерде шығарылған шығарындылардың суммарлы көлемі мен шығарындылардың шамалары анықталды.
Инвентаризация бланкісіне сәйкес Қарашығанақ кен орнынан шыққан ластаушы заттар 272 көздерден шығады, олардың ішінде 164 ұйымдастырылған нүктелі және ұйымдастырылмаған түрі 108. Талдау үшін небәрі атмосфераны ластайтын 44 заттар берілді. (Кесте 1).
Осыған сәйкес қауіптілікті идентификациялау кезеңінде таңдалынып алынған заттардың басымдылығы жөнінде нәтиже шығарындылардың бөлшектерін шашыратып моделдеу көмегімен ластағыштың болжамдалған деңгейін алдын ала есептеуден кейін жүргізіледі.
Кесте 1 – Атмосфераға шығарылатын ластайтын заттардың тізімі
№ | Заттардың аталуы | Код | жылына шығарылуы/т | ШРЕКсс | Rfc | Sfi | HRI | HRIc | HRI бойынша Ранг | HRI бойынша Ранг |
Күкірттің қос тотығы | 9857,425 | |||||||||
Көміртегі тотығы | 3069,9791 | |||||||||
Азот тотығы | 2340,841 | |||||||||
Көмірсутектер С1-С5 | 1113,5417 | |||||||||
Азот тотығы | 403,1997 | |||||||||
Көмірсутектер С6-С10 | 381,0103 | |||||||||
Көмірсутектер С12-19 | 239,9359 | |||||||||
Метан | 125,0303 | |||||||||
Күйе | 98,5822 | |||||||||
Қалқыған заттар | 93,3894 | |||||||||
Бейорг шаң: SiO2 20-70% | 69,7955 | |||||||||
Бейорг шаң.: 20% SiO2 төмен | 46,137 | |||||||||
Күкірт сутек | 31,8639 | |||||||||
2,2'-Оксидиэтанол (Диэтиленгликоль) | 9,7559 | |||||||||
Минералды майлар | 6,4986 | |||||||||
Үш(2-гидроксиэтил)амин (Триэтаноламин) | 6,4805 | |||||||||
Бензол | 4,5885 | |||||||||
Метанол (метил спирті) | 3,8111 | |||||||||
Ксилол | 3,444 | |||||||||
Толуол | 2,8894 | |||||||||
2-Метилпропан-1-ол изобутилді спирт) | 2,4405 | |||||||||
Формальдегид | 2,0394 | |||||||||
Уайт-спирит | 2,0025 | |||||||||
Темір тотығы | 1,0931 | |||||||||
Меркаптандар | 0,6154 | |||||||||
Тұз қышқылы | 0,6035 | |||||||||
Бейорг. шаң: SiO2 70% жоғары | 0,542 | |||||||||
Метилмеркаптан | 0,5107 | |||||||||
Дициклогексиламина аз еритін тұз (Ингибитор коррозии МСДА) | 0,4166 | |||||||||
Этантиол (Этилмеркаптан) | 0,412 | |||||||||
Диметилдисульфид | 0,34 | |||||||||
Фторлы сутек | 0,229 | |||||||||
Пропан-1-тиол (Пропилмеркаптан) | 0,1886 | |||||||||
абразивті шаң ( ақ корунд; Монокорунд) | 0,0773 | |||||||||
резеңке қалдықтарынан шыққан ұсақ майда шаң (ТУ-17 РСФСР 03024 83-009-90) | 0,0651 | |||||||||
1-Бутантиол (Бутилмеркаптан) | 0,0622 | |||||||||
Күкірт қышқылы | 0,042 | |||||||||
Марганец тотығы | 0,038 | |||||||||
ішкі олефин негізінде Алкилбензолдар С11-14 | 0,0359 | |||||||||
1-Пентантиол (Амилмеркаптан) | 0,0086 | |||||||||
Пентилендер (амилены – изомерлер қоспасы) | 0,0055 | |||||||||
Фторидтер нашар еріткіш. | 0,0026 | |||||||||
Бенз/а/пирен | 0,0002 | |||||||||
Этилбензол | 0,0001 | |||||||||
Барлығы: |
Сұрақтар:
8. Шығарынды көлемі бойынша басым заттарды анықтаңыз.
9. Канцерогенді заттарды анықтаңыз.
10. Канцерогенді қауіп қатерді есептеңіз.
11. Қауіптілік коэффициентін есептеңіз.
12. Қауіптілік бойынша заттарды ранжирлеңіз.
13. Әрбір заттың әсер ету бағытын анықтаңыз.
14. Қауіптілік идентификациясының кезеңінің беймәлімділігін көрсетіңіз.
Тапсырма №2: жағдайлық есепті шешу (білім, практикалық және құқықтық дағдылар құзіреттілігі)
«Азғыр» ядролық сынақ аймағында ауыз су көзі ретінде шахталық құдықтар пайдаланылады. Қауіп-қатерді бағалау үшін келесі мәліметтер бойынша қауіптіліктерін идентификациялау қажет:
Кесте 2. Азғыр» ядролық сынақ аймағындағы шахталық құдық суының канцерогенді және канцерогенді емес қауіп қатерлері
№ | Заттың аталуы | Код | Концен-трация | ШРЕК | Rfd (референтті доза) | Sfo (канц. потен-циал факторы)HR | HQ (канц емес қауіп қатер) | HLO (канцер. қауіп қатер) |
Темір | 0,34 | 0,3 | ||||||
Мыс | 0,09 | 1,0 | ||||||
Никель | 0,00025 | 0,1 | ||||||
Цинк | 0,12 | 5,0 | ||||||
Марганец | 0,0002 | 0,1 | ||||||
Кобальт | 0,0012 | 0,1 | ||||||
Сынап | 0,0003 | 0,0003 | ||||||
Кадмий | 0,009 | 0,001 | ||||||
Қорғасын | 0,19 | 0,03 | ||||||
Аммиак | 0,6 | |||||||
Нитриттер | 0,5 | 0,002 | ||||||
Нитраттар | 1,2 | |||||||
Кальций | 200,4 | 75-200 | ||||||
Магний | 136,6 | |||||||
Фтор | 1,5 | 0,7-1,5 |
Сұрақтар:
8. Шығарындылар көлемі бойынша басым заттарды анықтаңыз.
9. Канцерогенді заттарды анықтаңыз.
10. Жеке канцерогенді қауіп-қатерді есептеңіз.
11. Қауіптілік коэффициентін есептеңіз.
12. Қауіптілік бойынша заттарды ранжирлеңіз.
13. Әрбір заттың әсер ету бағытын анықтаңыз.
14. Қауіптілік идентификациясының кезеңінің беймәлімділігін көрсетіңіз.
Тақырып:«Доза-концентрация-әсер» тәуелділігін бағалау.
Тапсырма №1.
№1 есеп негізінде 2 сабақ
- Канцерогенді емес қауіп –қатерді бағалау параметрлерін анықтаңыз;
- Жеке қауіп- қатерді анықтаңыз;
- Канцерогенді емес ластаушылардың әсерінен денсаулық үшін қолайсыз әсерлерді сипаттаңыз;
- Канцерогенді емес ластаушылардың әсерінен денсаулыққа қолайсыз әсерлерді сипаттаңыз;
- «доза/концентрация-әсер» тәуелділігін бағалау кезеңінде беймәлімділікке талдау беріңіз;
Тапсырма №2.
№2 есеп негізінде 2 сабақ
- Канцерогенді емес қауіп қатерді бағалау көрсеткіштерін анықтаңыз;
- Жеке қауіп қатерді анықтаңыз;
- Канцерогенді емес ластаушылардың әсерінен денсаулық үшін қолайсыз әсерлерін сипаттаңыз;
- Канцерогенді ластаушылардың әсері үшін мүмкін қолайсыз әсерлерін сипаттаңыз;
- «доза/концентрация-әсер» тәуелділігін бағалау кезеңіне талдау беріңіз
Тақырып:Экспозицияны бағалау.
Тапсырмаларды орындалу нәтижелері бойынша қорытынды білімін бақылау:
Тапсырма №1.
№1 есеп негізінде 2 және 3 сабақ:
- Әсер ету аумағын сипаттаңыз;
- Адамға қоршаған ортада химиялық заттардың таралу жолдарын анықтаңыз;
- Әсер ету деңгейін анықтаңыз (экспозицияны сандық сипаттау);
- Экспозиция мен дозаны есептеңіз;
- Экспозиция кезеңінде беймәлімділікке талдау беріңіз.
Тапсырма №2.
№2 есеп негізінде 2 және 3сабақ:
- әсер ету аумағын сипаттаңыз;
- қоршаған ортада химиялық заттардың таралу жолдары мен адам ағзасына әсерін анықтаңыз;
- әсер ету деңгейін анықтаңыз (экспозицияны сандық сипаттау);
- экспозиция және дозаны есептеңіз;
- экспозиция кезеңінде беймілімділікті талдау беріңіз.
Тақырып.Қауіп қатерді сипаттау. Беймәлімділікті бағалау.
Тапсырма №1.
№1 есеп негізінде 2, 3 и 4сабақ:
- Канцерогенді және канцерогенді емес қауіп- қатерге сипаттама беріңіз;
- Экспозиция кезеңінде беймәлімділікке талдау жасаңыз.
Тапсырма №2.
№2 есеп негізінде 2, 3 и 4 сабақ:
- Канцерогенді және канцерогенді емес қауіп- қатерге сипаттама беріңіз;
Экспозиция кезеңінде беймәлімділікке талдау жасаңыз.