Сурет – ГП-7 газқағары

ГП-5М мембраналық сөйлесетін құрылғымен және құлаққа арналған ойықпен жабдықталған. ГП-7 газқағарының көптүрлілігі тыныс алуға ешқандай кедергісі болмайтындай жақсартылған сүзгіш-сіңіргіш қораптармен қамтамасыз етілген. Осыған орай оны жасы келген адамдар мен өкпе, жүрек-тамырлары ауруымен ауыратын науқастар пайдалануына болады.

Маскілердің жаңа түрлеріне маскі арқылы өтетін су қабылдау үшін резіңке түтік секілді құрылғымен, сондай-ақ оптикалық аспаптармен жұмыс істеуге өте жайлы трапециялық түріндегі шыны көзілдірікті тораппен және т.б. қамтамасыз етілгендер жатады.

Балалар үшін ПДФ-2Ш сүзгіш газқағары мектеп жасындағы 7 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға, ал ПДФ-2Д противогазы 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған. 1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін 300С-тан –300С температура аралығындағы сәбилерді қорғайтын камера қолданылады (КЗД). Жиынға КЗД, атмосфералық жауын-шашыннан сақтайтын жамылғыш, картон қорап және камераны сақтайтын полиэтилен қабы кіреді. Камераның басты түйіні резиналанған матадан тігілген қап болып табылады. Қап сұрыпталған металл каркаска бекітіледі, ол табандықпен бірге жиналғыш кереует жасайды. Камераның қабығына сырттан келген ауа тазаланып ішке енетін екі элементтер қосылған. Камера ішіндегі кішкентай балаға бақылау жасау үшін екі терезе, ал қолмен реттеу үшін – резіңке сияқты матадан жасалған ұзын қолғаптар пайдаланылады. Бала камераға, арнайы қысқыш арқылы герметикаланатын, ойықтан енгізіледі. Баланы КЗД-6 камерасында 6 сағатқа дейін ұстауға болады (сыртқы ауаның температурасы –100С-тан 260С дейін).

Камераны герметизациялау алдында онда сүт немесе шай құйылған бөтелке, ойыншық, қосымша жаялық салып қою керек. Баланың жағдайына қарап тұру керек, әсіресе сыртқы ауаның температурасы 250С жоғары болғанда, өйткені камерадағы ауа 3-40 жоғары болады. Қысқы уақытта баланы серуенге алып шыққандағыдай киіндіру керек. Жаңбыр жауған жағдайда камераға кез-келген су өткізбейтін жамылғыш жауып қою керек. Себебі ол элементтерді судың керіс әсерінен сақтайды. Қазіргі күнде КЗД және ПДФ-2Д, ПДФ-2Ш газқағарлары ең толық жетілгендері болып табылады. Олар жас балаларды уландырғыш, бактериологиялық, радиобелсенді және басқа да қауіпті заттардан сенімді түрде сақтайды.

Шлем-маскіні жинақтау, дұрыстығын тексеру, пайдалануға дайындық жүргізу. Егер бет бөлігі мөлшерімен тура алынса, өзі түгел болса, онда газқағар сенімді қорғаныс құралы бола алады. Дұрыс таңдалған шлем маскі бетке тығыз жабысып, бірақ ауырлық сезімді туындатпай тұрса, ол сыртқы ауаны тек тазалауыш қорап арқылы тыныс алу ағзаларына енуіне мәжбүр етеді. Шлем-маскіні белгілі мөлшерімен таңдау оның маркасына байланысты.

Керек мөлшерлі ШМ-62У шлем-маскасын таңдап алу үшін бастың төбесінен, екі ұрттан және иек арқылы өтетін тұйықталған бағыттағы жерді өлшейді. Өлшеуді 0,5 см дейін дөңгелектеп алады. Егер өлшеу 63 см дейін болса нольдік бойы деп алады; 63,5 см-ден 65,5 см дейін – бірінші; 66 см-ден 68 см-ге дейін – екінші; 68,5 см-ден 70,5 см-ге дейін – үшінші; 71 см-ден жоғары шлем-масканың төртінші бойы болып саналады.

ШМ-62 шлем-масканың мөлшерін өлшеуде сондай-ақ жаңағыға тағы да қастың үстіндегі доға арқылы өтетін және екі құлақтың тесіктерін қосатын бағытты өлшеп алады. Осы екі өлшеудің қосындысын қосып, соның негізінен шлем-масканың мөлшерін анықтайды. Өлшеудің жалпы қосындысы 92 см-ге дейін болса нольдік мөлшері; 92 см-ден 95,5 см-ге дейін – бірінші; 95,5 см-ден 99 см-ге дейін – екінші; 99 см-ден 102,5 см-ге дейін – үшінші; 102,5 см-ден жоғары – төртінші мөлшерге жатады.

М-49 маскасын таңдау кезінде беттің биіктігінің өлшемі алынады. Яғни, бұл өлшеу екі көздің ортасынан бастап иектің ең төменгі нүктесіне дейін (беттің тік бағытынан алынып) жүргізіледі. Осы ара 99 мм-ден 109 мм-ге дейін болса – бірінші бойы; 109 мм-ден 119 мм-ге дейін - екінші; 119 мм-ден жоғары – масканың үшінші бойы деп саналады.

Балаларға арналған газқағар маскасының мөлшері де беттің биіктік өлшемімен анықталады. МД-3 маскасы үшін беттің өлшемі 72 мм-ге дейін – бірінші, 72-ден 87 мм-ге дейін – екінші, 88-ден 95 дейін – үшінші, 96-103 мм-ге дейін төртінші мөлшерлі болып саналады. ПДФ-Ш газқағары үшін шлем-масканы қарастыру үлкендерге арналған шлем масканы таңдау сияқты жүреді.

Жаңа шлем-масканы киместен бұрын оның іші мен сыртын ылғал шүберекпен сүртеді, ал тыныс алатын клапанды (қақпақты) және қосып тұратын түтікті үрлеп жіберу керек.

Дезинфекция мақсатында қолданған шлем-масканы міндетті түрде спиртпен, формалиннің 2%-тік ерітіндісімен сүртіп немесе сабынмен жуып жіберу керек.

Шлем-масканы таңдау мен газқағардың дұрыстығы оның сыртқы тексеріу мен толық герметикалық қасиетін сынау арқылы жүргізіледі.

Сыртын тексерген кезде шлем-масканың бүтіндігі (масканың резіңкесін созу әдісімен), жолақ жіптерінің шыдамдылығы, мембраналық қораптың бөлшектерінің бүтіндігі мен оның жинастырылуы, көзілдірік шынысының бүтіндігі, қысқыш сақинаның дұрыстығы, клапандық және газқағар қорабында тесік пен тотығы болмауы, металл бөлшектері майыспағаны, гайкалар бүтіндігі, бұрандалары жұлынбағаны, газқағар жиынының толықтығы тексеріледі.

Газқағардың толық герметикалық қасиетін тексеру үшін шлем-масканы кию қажет. Газқағар қорабының тесігін алақанмен басып, терең тыныс алған кезде ауа бет бөлшегінің төмен жағынан өтетін болса, онда газқағардың жарамсыздығы байқалады (мөлшері дұрыс емес).

Соңғы тексеру жұмыстары шатырда (улы зат – хлорпикринның буында, концентрациясы 0,85 г/м3 – бет бөлігінің дұрыс таңдалғанын тексеру үшін; 8,5 г/м3 – толық герметикалығын білу үшін) өткізіледі. Герметикалық белгісі – көз қабынбау керек. Хлорпикрин буының керек концентрациясы бірінші жағдайда – 0,5 см3 сұйық хлорпикриннің 1 м3 кеңістікте, екінші – 5 см3 – 1 м3 жағдайына булануымен анықталады. Бұл жағдайда хлорпикринді қатты ысытуға болмайды, себебі ол фосгенге ыдырауына әкеліп соқтырады.

Газқағарды үш түрде алып жүреді: киіп пайдаланған кезде, киюге дайын болғанда және аса қажеті жоқ тасымалдағанда. [7]

Наши рекомендации