Жер қыртысының минералдары
Азақ иннавациялық гуманитарлық-заң университеті
СӨЖ
Реферат
Жер бедері. Тау жыныстары мен минералдар
Орындаған: Мұхаметшәріпова А.Ө.
Г-313
Тексерген: Букабаева Ж.Т.
СЕМЕЙ 2016
Жоспар:
1. Жер бедері
2. Жер қыртысының минералдары
3. Негізгі тау жыныстарын құраушы минералдар
4. Тау жыныстарының пайда болуы
5. Тау жыныстарын анықтау
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ МЕН МИНЕРАЛДАР
Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.
Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.
Жер қыртысының минералдары
Жер қыртысының жоғарғы қабаты әртүрлі тау жыныстарынан құралған болып, ол өз ретінде минералдардан тұрады.
Минералдар бұл табиғи зат, олар химиялық құрамы, және физикалық қасиеттері бойынша бір түрлі болып жер қыртысындағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Қазіргі күнде 3000-астам минералдар белгілі. Осылардың ішінде құрылысқа керекті тау жыныстарын құрайтын минералдар небәрі 250-300. Осы тау жыныстарын құрайтын минералдардың ішінде басты (көкейтасты) және екінші дәрежелі минералдар болады. Әрбір тау жыныстарын құрайтын топтың өзіне тиісті минералы бар.
Минералдардың көшілігі кристалдық заттардан тұрады. Олар түзу көпбұрышты болып келеді.
Минералдар химиялық құрамы бойынша классификацияланады. (жіктелінеді). Осылардың ішінде көп таралғаны С.Д.Четвериковтың классификациясы. Бұл классификация бойынша минералдар 10топқа бөлінеді. Олар төмендегілер:
1. Силикаттар 6.Сульфаттар
2.Карбонаттар 7.Галоидтар
3.Тотықтар 8.Фосфаттар
4.Су тотықтар 9.Вольфраматтар
5. Сульфидтер 10.Өзінше пайда болған элементтер
Осы минералдардың ішінде ең көбі – силикаттар. Олар барлық минералдардың 2/3 бөлігін құрайды, яғни жер қыртысының 85% құрайды.
Минералдарды бір – бірінен ажырату олардың физикалық қасиеттері бойынша анықталады. Негізгі физикалық қасиеттер бұлар: түсі, қаттылығы, біріктірілгендік(жапсырылып біріктірілген, жалтырақтық сынуы және басқалар).
Түс(рең). Минералдардың түсі олардың химиялық құрамына байланысты болады, бірақ, кейбір кезде олардың түсі минералдардың ішіндегі қоспағабайланысты өзгеріп тұрады.
Минералдар түсі бойынша төмендегі 2 негізгі топқа бөлінеді:
1.Ақшыл минералдар, бұларға түссіз (реңсіз), ақшыл түстілер, ақ, боз, сары, қызғылт түсті минералдар. Мысалы – кварц, гипс, кальциттер.
2.Күңгірт минералдар, бұларға аз мөлдірлі – қара, қара - жасыл, қара – бозғылт, сары – құба минералдар. Мысалы: роговая обманка(мүйізді алдаушы).
Қаттылық. Қаттылық бұл бір минералдың екінші минералды сызу қабілеті арқылы анықталады.Минералдардың қаттылығы алдын-ала белгілі минералдық қаттылығымен салыстыру арқылы анықталады. Қаттылықты анықтағанда Маос шкаласынан пайдаланылады (кесте 2.1).
Кесте 1 - Маос шкаласы
Қаттылық балы. | Минерал-дардың аты. | Дала кестесі (шкаласы) |
Тальк Гипс Кальций Флюорит Апатит Дала шпаты Кварц Топаз Корунд Алмаз | Жұмсақ қалам сызат қалдырады, тырнақпен сызылады. Тырнақпен сызылады. (Латунь) Жезден жасалған монета сызат қалдырады. Пышақпен сызылады. Қалам шығаратын пышақ минералға сызат қалдырады. Әйнек сызат қалдырмайды. Пышақ әлсіз сызат қалдырады. Әйнек сызат қалдырады. Пышақпен сызылмайды. Әйнекті кесуі мүмкін. Кварц сызат қалдырмайды. Кварц сызат қалдырады. |
Минералдардың қаттылығы олардың беріктік дәрежесін, мүжілуіне қабілеттілігін көрсетеді.
Біріктірілген беріктік. Бұл кристалдық минералдардың соққының салдарынан белгілі бағыт бойынша тек жатықтықтарға бөлінуі. Олар төмендегілерге бөлінеді:
1. Тым мүлтіксіз – мұнда минералдар жұқа күйтабақтарға оңай ажыралады. Мысалы: смода.
2. Мүлтіксіз – мұнда минералдар ажыралғанда олар сынады. Мысалы: ас тұзы, ортоклаз, әк шпаты.
3. Мүлтікті – мұнда бөлінген минералдарда кейбір жерлерінде тегіс жатықтықтарды көруге болады. Мысалы: апатит.
4. Біріктірілгендік беріктік жоқ. Мұнда соққының нәтижесінен минералдар майдаланып кетеді. Мысалы: кварц.
Жалтырақ. Жалтырақтық бұл минералдардың жарықтық түскен салдарынан оның бетіндегі шағылысуы. Жалтырақ төмендегі түрлерге бөлінеді: шыны тәрізді (кварц, дала шпаты), майлы (тальк), металл түсті (пирит), шайы тәрізді (гипс, селенит), інжу тәрізді (слюда, тальктің түрлері), ақшыл түсті (каолинит) және басқалар.
Сыну. Мұнда әртүрлі минералда өздерінің бөлінуі ажыралуы бойынша әртүрлі сынады. Сынуы бойынша минералдар төмендегілерге бөлінеді: біріктірілуі (беріктілігі) бойынша (кальций) ретсіз тәртіпсіз сыну; (кварцит), жер топырақты сыну және басқалар.