Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.
Топырақ құрамына түскен басқа заттарды майсыздандыру процессі өте қиын және микроағзалар көмегімен іске асады. Көмірсудың біраз бөлігі аэроб жағдайында CO2 күйіне дейін қышқылданып, энергия бөлінді, ал басқа бөлігі (моносахаридтер) микробты жасушалардың гликогенін синтездейді. Аэробты жағдайларда майлардың ыдырауы май қышқылдарының пайда болуы мен энергия бөлініне дейін, ал анаэробты жағдайларда - H2, CO2 және т.б. пайда болғанша өте баяу жүреді. Ақуыздар аминқышықылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдарының бір бөлігі микробты жасушалардың өмір сүруіне жұмсалады. Азот алмасуының өнімі аэроб бактерияларының көмегімен биохимиялық қышқылданады. Бұл процессті нитрификация деп атайды. Қышқылдау процесстерімен бірге топырақта қайта құрылу процессі де жүреді. Денитрификация процессі газ бөлінуімен жүреді. Бактериялардың қайта құру әрекеттерінің дәрежесі олардың биохимиялық ерекшеліктеріне қарамастан ортаның құрамына, оның реакциясына және басқа жағдайларға тәуелді.
Топырақтың гигиеналық ерекше рөлі патогенді микроағзаларды, ең алдымен спора түзбейтін ағзаларды залалсыздандыру процессімен байланысты. Бактериялардың жойылуына себепші сапрофиттердің бәсекелестігі, механикалық факторың әсері, күн көзінің бактерицидтік әсері, электрохимиялық энергияның сыртқы қарым-қатынастары. Залалсыздандырудың тиімділігі бактерия түріне, топырақ құрамы мен құрылысына және т.б. байланысты. Топырақтың бұл ерекшелігі шаруа-тұрмыстық және өнеркәсіптік жер асты суларын тазарту үшін фильтрация алаңдарын салу үшін қолданылады.
Топырақтың өзін өзі тазартуы үнемі болмайтынын айта кеткен жөн, тым қатты ластану бүкіл жарамды микрофлораның бүлінуіне әкеп соғады.
Жер қыртысын санитарлы қорғау – топырақ құрамына ластауды шектеу үшін, топырақтың өзін өзі тазалау процессін бұзбайтын, адам өміріне қауіп келтірмейтін көлемде өсімдік құрамында ластаушылардың жиналуына бқгет болатын, ауаны, жер асты, жер үсті суларын ластамайтын іс-шаралар жиынтығы.
Бұл іс-шараларға:
1. Халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын заң және административтілік іс-шаралар.
2. Санитарлы-қорғау зоналары және басқа да құрылыстарды салу үшін жер бөлігін бөліп беру мақсатында жоспарлау іс-шаралары.
3. Қалдықсыз және аз қалдықты өнеркәсіп орындарын салу үшін технологиялық іс-шаралар.
4. Топырақтың санитарлы тазалануы.
Жер қыртысының сапасын санитарлы бағалауға санитарлы-химиялық, токсикологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, энтомологиялық және радиометриологиялық зерттеулер жатады.
Химиялық ластану дәрежесі топырақ құрамындағы ПШК тізіміндегі химиялық элементтердің ластаушы компоненттерінің басымдылығы мен олардың қатерлігінің дәрежесі арқылы анықталады.
Жер қыртысындағы химиялық элементтердің ПШК 4 маңызды залалдық көрсеткішімен анықталады:
• транслокациялық – заттың өсімдік құрамына өтуі;
• су мирациялық – заттың топырақтан жер асты және су қоймаларына өтуі;
• ауа миграциялық – заттың топырақтан атмосфераға өтуі;
• ортақ санитарлы – ластаушы заттың топырақтың өзін өзі тазарту қабілетіне әсері.