Сурет – Дәкеден жасалған тыныс алу мүшесін қорғау құралы
Тыныс шығарылғандағы ауа тыныс шығару клапаны арқылы сыртқа шығады. Р-2 респираторы беттің биіктігі өлшену арқылы үш мөлшерлі болады: 1 – 99-109 мм; 2 – 109-119 мм; 3 – 109 мм-ден жоғары. Азаматтық қорғаныстың сұрауы бойнша қосымша кішкентай жастағы балалар үшін нольдік мөлшердегі респираторлар дайындалады.
Қолға берілгенге дейін респираторлар заводтық орауда ауызы бекітілген полиэтилендік пакетте сақталады. Қолданған респираторды полиэтилен пакетке салып, аузын пластмасса сақинамен бекітеді. Осы күйде респиратор газқағар қапшықта, газқағардың бет бөлігі астында сақталады.
Р-2 респираторын қолданбастан бұрын оны тексеру керек. Жартылай масканы бетке кигенде мұрын мен иек оның ішіне сыйып, бір белбеуі бастың жоғары бөлігінде, екіншісі бастың төменгі жағында орналасады. Егер маска үлкен болса, оның белбеуін қысқартып, мұрынды қысқышпен қысып қояды. Респираторды кию «Респираторды ки!» - деген бұйрықпен немесе өздігімен жасалады. Респираторды кию барысында жартылай масканы бетке қатты қысып қоюға, қысқышты қатты басуға болмайды. Респираторды қолданып болған соң оны дезактивациялау – жартылай масканың сыртқы бөлігінен шаңды щеткамен немесе қолмен сілкіп кетіру керек. Ішкі бөлігін тампонмен сүртіп, кептірген соң полиэтилен пакетке салып, аузын сақинамен бекітіп, газқағар сөмкесіне салып қою керек. Р-2 және У-2К – силикаттық, металлургиялық тау кеніндегі, көмір, радиобелсенді және т.б. шаңдардан, бактериологиялық құрамдардардан, дусттан, ұнтақ тәрізді тыңайтқыштан сақтайды.
ШБ-1 респираторы («Лепесток») Чернобыльде АЭС-да болған апатты жою кезінде жақсы қолданылған. Бұл бір рет қолданбалы мөлшерсіз респиратор. Сүзгіш элементтің орнына Петрянов матасы қолданылған, ауа барлық бетімен тазартылады.
Респираторлардың басқа түрлері. Шаңға қарсы: зиянды аэрозольдар мен түрлі шаңдардан қорғайды.
«Кама» - бір рет қолданбалы, түрлі аэрозольдерден (өсімдікті, жануарлы, металлургиялық, минеральды), синтетикалық жуу құрамдарының шаңынан қорғайды.
РПА-1 – қатты тозаңданған жерлердегі жұмыс үшін, оның сүзгіші жоғары шаң сыйымдылығымен қамтамасызданған (500 мг/м3 және одан жоғары).
Ф-62Ш – көп қолданбалы, ауыстырмалы сүзгішті. Силикаттың металлургиялық, тау кендеріндегі, көмір, темекі шаңынан, ұнтақ тәрізді тыңайтқыш пен интоксицидтен (токсиндік газ бөлмейтін) қорғайды. Шахтерлердің арасында көптеп қолданылады (500 мг/м3 жоғары).
Назарыңызға! Респираторларды улы газдан, будан, органикалық еріткіштердің аэрозольдерінен, уландырғыш заттар мен тез жанғыш заттардан қорғау кезінде пайдаланбайды.
Назарыңызға! Хлордан, синиль қышқылы мен тағы басқа кейбір жоғары токсиндік химиялық заттардан қорғауда пайдаланылмайды.
РПГ-67, екі сіңіргіш патрондарымен бірге, ауадағы зиянды заттардан қорғайды: бензол (10 мг/л), күкірт гидриді (2 мл/л), сынап булары (0,01 мг/л), аммиак. РУ-60М. РПГ-67 сияқты.
У-2ПГ. Газ, будан сақтайтын респиратордың жаңа түрі, тазарту жүйесі қосымша ұсақ саңлаулы құрылымды көміртекті матадан тұрады. Бензол (1 мг/л), сынап буы (0,001), аммиак (0,1), гидрид (0,1) сияқты зиянды қоспалардан қорғайды.[7]
ОРЫТЫНДЫ
Біздің елімізде Төтенше жағдайдың, әсіресе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар көптеп орын алады, мысалы жер сілкінісі, су басу, қар басу, сырғыма, опырылма, орман өрттері сияқты төтенше жағдайлар көптеп кездеседі. Осы төтенше жағдайлардан келетін материалдық шығын мен адам шығыны жыл сайын өсіп келеді.
Мысалы, осындай зардабы көп өртті қарастырсақ. Дүниежүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсізідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.
Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).
Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.
Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Жұмыстың мақсаты – өрт қауіпсіздігі туралы, өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер, олардың өрт қаупін төмендетуге әсері, нысан қызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасау, жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау туралы оқып үйрену.
Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі – халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.