Жұмыстың тәжірибелік бөлімі

Жұмыстың тәжірибелік бөлімі құралдар сипаттамасы мен барлық қолданылған реактивтерді алып көрсетеді. Егер бар болса, басқа да зерттеушілермен бірге істелген тәжірибелерді көрсетуге болады. Одан кейін тәжірибенің орындалу әдістемесін сипаттайды.

Нәтижелер және оларды талдау

Жеке жұмысты қорытындылай келе, әдеби деректерден қандай қорытынды жасау және сол мәліметтермен қандай сәйкестіліктің бар екендігі туралы, сондай-ақ, жұмыс бойынша қандай мәлімет алынғанын нақты көрсету қажет. Міндетті түрде жеке материалдық мәлімет әдебиеттік дерекпен араласпай, оның қандай жаналығы бар екендігі көрсетілуі қажет.

Бұл бөлімде шаблон аз орын алады. Әрбір жұмыс жеке-жеке баяндалуы керек. Автордың міндеті – материалды жеткізудің тиімді нұсқасын табу.

Синтетикалық жұмыстарда негізгі көңіл қайта алынған қосылыстардың құрылысын дәлелдеуге көңіл бөлінеді. Мұнда спектроскопия нәтижелерін (УК, ИҚ, ЯМР, масс-спектроскопия) келтіру қажет.

Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде беріп, оны суреттер мен графиктер арқылы байланыстыру керек. Кестелер мен суреттерді тура ретпен нөмірлеу арқылы көрсету керек. Кестелер мен суреттер жұмыс мәтінінің ішінде орналастырылып, ең алдымен оларға сілтеме жасалынады. Суреттерде көрсетілген шартты (белгіленулер) суреттің астында жазылатын жазуларда да болуы тиіс. Басқа авторлардан алынған суреттер мен кестелер атауынан кейін осы ақпарат көзіне сілтеме көртсетілуі керек.

Орытынды

Қорытындыда жасалған жұмыстың қысқаша түйіні, қойылған мақсаттардың толығымен шешілгені туралы баға және болжамды тәжіірибелік қолданылу саласы туралы көлемі 3-5 бетті құрайтын мәліметтер беріледі.

Дебиеттер тізімі

Әдебиеттер тізімі әдеби көздердің пайдалану ретімен құрастырылады және 30 әдебиет көзінен кем болмау тиіс. Әдебиеттер тізімінде библиографикалық сипаттау келесі түрде құралады: автордың аты жөні, (егер бірнеше автор болса, онда барлық авторлардың аты жөні), мақаланың аты, журнал немесе жинақтау атауы, жылы,том, бет нөмірі, кітап болса, қандай және қай жылы басылғаны көрсетілуі керек (Қосымша Е).

Автор өзі танысқан мақалалар мен монографияларға сілтеме беруі керек. Егер олай болмаса, онда ақпарат көзіне сілтеме жасалынады, мәселен, реферативті журнал болса:

5. Diamond R.M. The aqueous solution behavior of large univalent ions. A new type of ion-painting // Phys. Chem.1963. V.67. №12. Р.2513-2517. Цит. По РЖ хим. 1963. №12. Г123.

Осымшалар

Жұмыстың жазылуы кезінде қажет болып саналмайтын материалдар қосымшада жазылады: мәліметтерді өңдеу барысындағы аралық кестелер, жасалынған компютерлік бағдарлама мәтіндері, өндіріске енгізу актілері т.б.

Рәсімдеу ережесі

Дипломдық жұмыс 9227-60 МОСТ бойынша А4 форматының ақ қағаз бетінде (бір жағында ғана) орындалады. Кестелер мен иллюстрацияларды орындағанда A3 форматын қолдануға болады.

Жұмыс компьютер, принтер және басқада графикті құрылғылады қолдана баспа тәсілімен басылады және пайдаланып орындалады (кегль №14, дара интервал), шрифт Times New Roman

Жеке сөздер, формулалар, шартты белгілерді жұмыста қара түспен ерекшеленіп көрсетіледі.

Жұмыста кеткен қателер, графиктік дәлсіздіктерді ақ бояумен түзетуге болады.

Беттің 4 жағынан орын қалдырылады. Сол жақ өлшемі -30мм, оң-10мм. Жоғарғы жақ - 20мм және төменгі жақ өлшемдері-25 мм. Мәтіндегі азат жол 12,5 мм кейін басталады.

Мәтіндегі жаңа жол 15-17мм қашықтықта алынады.

Жұмыс мәтіні бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Диплом жұмысының әрбір бөлімін жаңа беттен бастау қажет. Бір бөлім ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен 2 бос жол арқылы айрықшаланып тұруы керек.

Бөлімдердің реттік нөмірі болады, олар араб цифрларымен нүктесіз көрсетіледі. Кіріспе мен қорытынды нөмірленбейді. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде нөмірлеу керек.

Егер жұмыс мәтіні тек ғана пунктерге жіктелсе, онда олар жұмыс бойынша реттік нөмірмен нөмірленеді. Мәтіндегі талаптардың, ережелердің бөлімдер мен бөлімшелер араб цифрларымен жақшамен белгіленеді, мәселен 1), 2), 3).

Әрбір бөлім, бөлімше және тізбелеу азат жолдан бастап жазылады. Бөлімдер мен бөлімшелер атауы қысқа болу керек. Бөлімдердің атауы үлкен әріптермен азат жолдан жазылады, сонында нүкте қойылмайды, астынан сызылмайды. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Баптар нүктемен бөлінген әр тарау ішінде нөмірленеді. Бап нөмірінің сонында нүкте қойылмайды. Мысалы:

1 Ерітінділер және олардың қасиеттері

1.1 Иондар сольватациясы

1.2 Иондар гидратациясы

Атау мен мәтін арасындағы қашықтық 2 бос жол құрайды. Бөлім мен бөлімшелердің атауының арасы -1 бос жол. (7мм.)

Бөлімшелердің атауы азат жолдан бастап жазылады. Атаудағы сөздерді тасымалдауға болмайды.

Атау мен кезекті мәтін бір бетте болуы керек. Атауды бір беттен екінші бетке бөлуге болмайды.

Құжат бетінің нөмірленуі анық көрінуі қажет. Бірінші беті титул парағы, екінші мазмұны және т.с.с. Беттің нөмірін араб цифрымен төменгі жақтын орта бөлігіне қояды. Жұмыс мұқабасы, титул, дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма, мазмұны және кіріспенің бірінші беттерінде нөмір көрсетілмейді, бірақ олар жалпы беттер санына кіреді. Беттердің нөмірленуі кіріспенің екінші бетінен басталып әрі қарай жалғастырылады.

Жеке жеке беттердегі иллюстрациялар мен кестелер және принтерден шығарылған беттер құжаттың беттерінің нөмірлеріне кіреді. A3 форматтағы иллюстрациялар, кестелер және принтерден шығарылған қағаздар бір бет болып саналады.

Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Жұмысты құрастыру барысында пайдаланылған әдеби көздер туралы мағлұматтан тұрады.

Құжат мәтінінде мыналар болмайды:

- саны көрсетілмеген физикалық шама бірліктерін қысқартуға,

- қазақ және орыс орфографиясы мен пунктуацияларымен және мемлекеттік стандарттармен бекітілген сөздердің қысқартуларын қолдануға,

- мәтінде (-) минус математикалық белгісін шамалардың теріс мәндерінің алдында пайдалануға ((-) математикалық белгісінің орнына “минус” сөзін жазу керек).

- математикалық белгілерді цифрсыз жазуға, мәселен < (кем), >(артық), = тең, сонымен қатар, № (нөмір), % (пайыз)

- стандарт индекстерін (ГОСТ, ОСТ, РСТ, СТП, СТ) тіркеу нөмірінсіз қолдануға.

Құжатта физикалық шама бірліктері ГОСТ 8.417.84 ГОСТ бойынша СИ жүйесі бірліктерімен жазылады. Формулаларда символ ретінде сәйкес мемлекеттік стандарттарда көрсетілген белгілер пайдаланылады.

Формулаларда символдар ретінде тиісті мемлекеттік стандарттармен бекітілген белгілерді қолдану керек.

Әр формуланың немесе теңдеудің алдында немесе кейін бір бос жол қалу қажет. Егер тендеу бір қатарға сыймаса ол бір тең, қосу, алу, көбейту, бөлу және тағы басқа математикалық белгілерден кейін келесі жолға белгі қайталанып тасымалданады.

Символдардың және сандық коэффициенттердің түсініктемесі формуладағы берілген ретімен бірден формуладан кейн жазылу керек. Символдар мен коэффициенттердің мәні жаңа жолдан жазулу керек. Түсініктеменін бірінші жолы "мұндағы" деген сөзбен қос нүктесіз басталу қажет.

Дипломдық жұмыста формулалар реттік санмен бүкіл жұмыстың көлемінде араб сандарымен жақшаға алып белгіленеді және қатардың шеткі оң жағында орнатылады. Мысалы:

Ф+С=К+1 (1)

мұндағы

Ф- фазалар саны;

К - компоненттер саны;

С-еркіндік дәрежелер саны.

Егер диплом жұмысында арнайы терминология болса, оның соңында сәйкес түсініктемесі берілген терминдер тізімі келтірілуі керек.

Егер диплом жұмысында сөздер мен атауларын қысқартудың ерекше жүйесі болса, оның да түсініктемесі бар тізімі астында көрсетілуі керек.

Иллюстрациялар және ескертпелер.Мәтін мен кестелерге берілген ескертпелерде тек анықтамалық және түсіндірме мәліметтер көрсетіледі. Егер бір ескертпе болса, оны нөмірлемейді және ескертпе деген сөзден кейін нүкте қояды. Егер ескертпе көп болса, онда "Ескертпе" деген сөзден соң қос нүкте қойылады. Ескертпені араб цифрларымен нүкте қойып нөмірлейді:

Ескертпе: 1.________

2.________

3.________

Жұмыста келтірілетін барлық иллюстрациялар (фотографиялар, диаграммалар, сызбалар, графиктер және т.б.) суреттер деп беріледі.

Суреттер мәтінде берілген сілтемеден кейін орналасу қажет. Дипломдық жұмыстағы суреттерді келесі парақ бетіне көшпестен толық бір бетте көрсетілуі қажет. Егер сурет бір бетке толық сыймаған болса, онда оны сағат тілімен ауысатындай келесі бетке ауыстыру қажет.

Иллюстрацияларды дипломдық жұмыс барысында реттік араб цифрымен нөмірлеу керек. Иллюстрациялар атауы міндетті түрде болу керек және қажет болған жағдайда анықтамасы берілуі керек (мәтін сурет астында). Иллюстрация атауы оның жоғарғы бөлігінде орналасады, оған анықтама оның төменгі жағында болады. Иллюстрациялар “Сурет” сөзімен көрсетіледі және ол түсіндірмеден кейін орналасады.

Келесідей жолмен: 1 сурет - құралдардың қасиеттері. Барлық иллюстрациялар қара түспен жазылу керек (паста,тушь және т.б.)

Кестелер. Сандық материалдарды кесте түрінде келтіруге болады, мысалы

Кесте 1 - Кесте атауы ________________________

         
       
   
           
               

Кестені алғаш рет сілтемен берілген берген мәтіннен кейін бірден орналастыру кажет немесе келесі бетте. Барлық кестелерге мәтінде сілтеме берілу қажет.

Кестелерді дипломдық жұмыс аясында реттік араб цифрымен нөмірлеу керек. Кесте нөмері шеткі жоғарғы сол бұрышта "Кесте" сөзінен кейін орналастыру қажет. Мысалы:

Кесте 1 ____________________________________________

(кесте атауы)

Егер жұмыста бір ғана кесте болса, оны нөмірлемейді және "Кесте" сөзін жазбайды.

Кестенің міндетті түрде атауы болу керек және де ол ерекшеленіп көрсетілуі қажет, сонымен қатар ол жаңа жолдан басталмай кестенің сол жақ жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Кестенің атауы қысқа, әрі нұсқада болып, ол толығымен кестенің мағынасын ашу қажет.

Кестеге ұяшықтардың тақырыбы бас әріппен жазылады ал бөлімдерін, егерде ол тек бір сөйлемнен ғана құралса, онда жаңа жолдан басталады.

Егер кесте жолақтары немесе ұяшықтары қағаз бетінен асып кетсе, онда кестені келесі бетке жалғастырады. Бір парақ бетінде бір кесте толығымен немесе екі кесте бірінен соң бірі орналаса алады.

Кестені келесі жаңа бетке жалғастырған уақытта кестенің атауы бірінші бетте қалады, ал ұяшықтардың атауы келесі бетте де қайталануы шарт.

Кесте тақырыпшалардың жеке мағынасы бар түрлері бас әріппен жазылады. Кесте тақырыбы немесе тақырыпшалары жазылғаннан кейін ешқандай тыныс белгілері қойылмайды. Сондай-ақ, кесте тақырыбы тек жекеше түрде жазылып, оны диагональды түрде мүлдем бөлуге болмайды.

Кесте жолақтарының биіктігі 8мм жоғары болмау керек.

Бір ұяшықтың ішіндегі сандық көрсеткіштердің өлшемі ереже бойынша бірдей ондық көрсеткіш белгісінде көрсетілуі қажет. Бөлшек сандар ондық бөлшектер ретінде көрсетіледі, бұл ереже тек дюйм өлшемдерінде мысалы, 1/2, 1/4, 1/8.

Төрт цифрдан жоғары тұратын сандық көрсеткіштер, үш цифрден бір белгімен аралық бойынша класстарға бөлінеді. Нөмірді және апта күндерін көрсететін сандар класқа бөлінбейді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі, сілтемелер және қосымшалар.Дипломдық жұмысты жасау барысында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі және әдебиеттер көзі дипломдық жұмыстағы сілтеме бойынша ретпен орналасу қажет.

Кітаптар туралы мәліметтер (монографиялар, оқулықтар, анықтамалар және т.б.) автор туралы мәліметтерді де қамту керек (автордың фамилиясы және инициалы, кітаптың аты, басылымға шығарылуға дайын екендігі туралы мәлімет, басылым жылы, томның немесе бөлімнің реттік номері, бет саны).

Автордың фамилиясын атау септігінде көрсету керек. Егер кітап бір және одан да көп авторлар арқылы жазылса, онда олардың фамилиялары инициалдарымен кітапта басылғандай етіп, екінші фамилияның алдынан және ары қарай да солай үтір қою арқылы көрсетіледі.

Кітаптың шыққан орны толық және атау септігінде келтірілуі тиіс; тек қала аттарын қысқартуға болады: Москва (М) және Ленинград (Л), Санкт-Петербург (С.-Пб), New York (N.-Y.).

Мақала орналасқан бетті нөмірлеу кезінде бірінші және соңғы беттердің номерлерін сызықшамен бөлу арқылы көрсету керек, мысалы: Б.32-39.

Мерзімдік басылымдағы мақала жайындағы мәліметтерде автордың фамилиясы және инициалдары, мақала тақырыбы, басылымның (журналдың) атауы, серия атауы (егер ондай болса), шығарылған жылы, том (қажеттілік туындаған жағдайда), басылым (журнал) нөмірі, мақала орналастырылған беттің нөмірі ретті болуы керек.

Мақала тақырыбы мерзімдік басылымда қалай берілсе сол күйінде келтіріледі.

Қосымшалар.Иллюстрациялық материал-кестелер немесе көмекші сипаттағы текстерді қосымшалар түрінде беруге болады. Қосымша берілген құжаттың жалғасы ретінде келесі беттерге жазылады.

Әр қосымша беттің жоғарғы он жағына бас әріптермен «ҚОСЫМША» деп көрсетіліп, жаңа беттен басталуы керек, ал техникалық негізделген жағдайларда текстке симметриялы болатын жеке жолға бас әріптермен жазылған атауы болуы тиіс.

Бірден көп қосымшалар болса оларды орыс алфавитіндегі бас әріптерімен, Ё, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерін қоспағанда, А әрібенен бастап белгілейді. «Қосымша» сөзінен кейін оның ретін білдіріп тұратын әріп келуі керек.

Әр қосымшаның мәтіні қажетіне қарай бөлімдерге, бөлімшелерге бөлінеді, пункттерді әр қосымша бойынша жеке нөмірлейді, мысалы: «Кесте А.1.». Егер бір қосымша бірнеше бетте орналасса, онда екінші және келесі беттерге «Қосымша А жалғасы» деп жазу керек, қосымша тақырыбы қайталанбайды.

Құжаттың құрамына кіретін құжат беттері мен қосымшалардың беттерін нөмірлеу ретті болу керек.

Қосымшаларға енгізілген суреттерді, кестелерді және формулаларды әр қосымша аралығында араб сандарымен номірледі, мысалы: А.1. сурет (А қосымшасындағы бірінші сурет); кесте В.3. (В қосымшасындағы үшінші кесте).

Егер жұмыста қосымша бар болса, онда құжаттағы негізгі мәтінде оларға сілтеме беріледі, ал мазмұнында олардың номерлері мен тақырыптары көрсетілген барлық қосымшалардың тізімі келтіріледі.

Әр қосымшадағы кестелер қосымшаны белгілеген санның алдына жеке араб сандарымен белгіленеді. Егер құжатта бір ғана кесте болса, ол «1 кесте» деп, егер ол қосымшаларда келтірілген болса «В.1 кесте» деп белгіленуі тиіс.

Наши рекомендации