Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекеті.
ХҚО жұмысшылары мен қызметшілері хабарлау дабылын естіген бойда жеке қорғану құралын киеді. Ең алдымен, оқщауландырғыш ж\е өнеркәсіптік газқағарлар киіледі. Әркім өз жұмыс орнында, аварияның жойқын салдарын төмендету ушін барлық мүмкіндікті жасауға тиіс: электр көздерін дұрыс ажыратуды қамтамасыз ету, агрегатты, аппаратты тоқтату, технологиялық процесс шарттарына ж\е қауіпсіздік техникасы ережесіне сәйкес газ, бу ж\е су коммуникациясын жабу. Бұдан кейін қызметкерлер әзірленген панаханаға жасырынады не зақымдану аймағына шығады. Құрамаға кіретін қызметкерлер авария туралы дабыл бойынша жиналу орнына келіп, химиялық зақымдану ошағын жайлтпау мен жоюға қатысады. ХҚО төңірегінде туратын халық ҚӘУЗ шыққан авария жағдайында хабарлау дабылы мен радио бойынша хабарлауды естіген бойда тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз етіп, есік пен терезені жабуға, электр қыздырғыш ж\е тұрмыстық приборларды ажыратуға, пешті сөндіруге, балаларды киіндіруге қажетті киім мен тамақты табуға, көршілерді ескертуге, абыржымай көрсетілген бағытта желге қарсы үйден жылдам шығуға ТЖ жөніндегі нұсқауларды алғанға дейін шыққан жерінен кемінде мың жарым км қаышқтықтағы жақсы желдетілетін участокке баруға тиіс. Газ қағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы дем алмай, зақымдану аймағынан жылдам шығу қажет. Тыныс алу органдарын қорғау үшін суға шайылған қолда бар мата бұйымдарын, киімнің тері ж\е мақталы жерлерін пайдалануға болады. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек: желге қарсы бағытта жылдам қозғалу , алайда, жүгіріп, шаңдатпау қажет; жабық аулаларды, шұңқырды, құрылысты, учаскені айналып өту керек: ғимаратқа сүйкенбеу ж\е айналадағы затқа тиіспеу; теріде, киімде, аяқ киімде ҚӘУЗ тамшысын байқаған бойда, қағаз ширатпасымен не бет орамалымен оны алу; мумкіндігінше, зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға не өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем корсету керек.
33.Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті.
Химиялық зақымдалу ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.
Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерекшелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Химиялық ошақ дегеніміз улағыш заттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық түлік және шикізат қорлары , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін.Химиялық зақымдау ошағындағы УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады:-химиялық зақымдалу ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс;-барлық зақымдаушыларды УЗ дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию;-ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге ,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі;-УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі;-химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі;-химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.
Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік иелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады,
Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер ет еді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді. Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш заттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін.
Химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90 пайызға дейін болады.Бұл улағыш заттың қолдану тәсілі мен түріне ,халықтың орналасу тығыздығына ,химиялық оқ-дәрі тығыздығы,ауа райы, географиялық жағдайларға,халықтың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуімен және оны қолдану білігі ,шабуылдың кенеттен басталу факторына байланысты. Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң