Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130200 – «Стоматология»  
Кафедра - химия  
   
Құрастырғандар:  
1 кредит (бейорганикалық химия) доцент, х.ғ.к. Карлова Э.К.
   
   
   
2 кредит (органикалық химия) Кағазбекова Г.А.
   
   
   
   
     
   

Алматы, 2015 ж

Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, «_____» _ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

ОСӨЖ №1

ТАҚЫРЫП:Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакцияларкинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы

МАҚСАТТАРЫ:

· Тірі ағзаны стационарлық термодинамикалық жүйе ретінде сипаттау

· термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарын химиялық процестерде қолдана білуге және тірі ағзада жүретін реакция ерекшеліктерін ескеруге үйрету;

· химиялық реакциялардың өздігінен жүру бағытын және жүйе параметрлері өзгеріске ұшырау кезінде химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжауға үйрету;

· химиялық термодинамиканың негізгі заңдылықтары мен түсініктерін тірі ағзаға қолдану және ферментативті реакциялар кинетикасының ерекшеліктері мен адаптивті қайта тұрғызу принципін көрнекілікті қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· әр түрлі факторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгерісін есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарының маңызын аша білуге үйрету;

· термодинамикалық заңдылықтарды биохимиялық процестерді түсіндіруде қолдана білуге, тірі ағзаны термодинамикалық жүйе ретінде сипаттай білуге үйрету;

· Гесс заңын, Вант-Гофф заңын (дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін анықтау әдісі), Ле Шателье принципін пайдалана отырып медициналық-биологиялық және фармацияда зерттеулер жүргізу әдістерімен таныстыру;

· Михаэлис-Ментен теңдеуін пайдаланып, ферментативті катализ ерекшеліктерін және реакциялардың ретін анықтауды көрнекілікті көрсету;

· әрекеттесуші заттар концентрациясы, жүйе қысымы және температураның өзгеруі барысында реакция жылдамдығынын өзгерісін есептей білу дағдыларына, химиялық тепе-теңдікті қарастыру үшін Ле-Шателье принципін қолдануды үйрету;

есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

ӨТКІЗУ ТҮРІ:

· қарастырылатын тақырыптың жекеленген сұрақтарын тереңдетіп оқу;

· ситуациялық есептер шығару

· жеке тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1) есептер (оқытушың таңдауы бойынша беріледі)

ü С6Н12О6(қ) + 6О2(г) → 6СО2(г) + 6Н2О(с) Стандартты жағдайда глюкозаның тотығу реациясының өздігінен жүретіндігін термодинамикалық есептеулердің көмегімен дәлелдеңіздер. Энтальпия мен энтропияның стандартты түзілу мәндері:

∆Н0f2О) = -285, 84 кДж/моль; ∆Н0f(СО2) = -393, 51 кДж/моль;

∆Н0f6Н12О6) = -1274, 45 кДж/моль; ∆S0f(CO2) = 213, 64 Дж/моль∙К;

∆S0f2О) = 69, 94 Дж/моль∙К; ∆S0f6Н12О6) = 212, 13 кДж/моль∙К; ∆S0f2) = 205, 03 Дж/моль∙К.

ü Адам ағзасында метоболизм нәтижесінде түзілетін глицерин ары қарай CO2(г) мен Н2О(г) айналады. , ∆G0түз(глицерин) = - 480 кДж/моль, ∆G0түз(CO2(г))= -394,4 кДж/моль, ∆G0түз2О(г))=-228,6 кДж/моль-ге тең деп алып, глицериннің тотығу реакциясының (∆G0реак ) өзгерісін есептеңіз.

Көміртек, сутек және этил спиртінің жану жылулары сәйкес - 393, 51; - 285, 84; - 1366, 90 кДж/моль-ге тең деп алып, этанолдың стандартты түзілу жылуын есептеңіз.

ü Тура реакцияның жылдамдығы 2СО + О2 = 2CO2 қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 4 есе арттырса?

ü Реакция 2NО + О2 = 2NO2 теңдеуі бойынша жүреді. Әрекеттесетін заттар концентрациясы (моль/л): С(NО) =0,8; С(О2) =0,6. Реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер оттектің концентрациясын 0,9 моль/л, ал азот оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л арттырса.

ü Температураны 40 градусқа арттырғанда, реакция жылдамдығы қаншалықты өзгереді, реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса?

ü 353 К температурада реакция 20 секундта бітеді. Температура 293 К дейінтөмендегенде реакция қанша уақытта аяқталады? Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5-ке тең.

БАҚЫЛАУ

Наши рекомендации