Тәжірибелік бөлім. Тәжірибе 1. Судың карбонатты кермектілігін анықтау
Тәжірибе 1. Судың карбонатты кермектілігін анықтау
Қажетті реактивтер мен жабдықтар:
Кермек су, метилоранж, 0,1 тұз қышқылы, дистилденген су, буфер ерңтіндісі,
қышқылдың хром қара-көк индикаторы, 0,01 трилон Б, бюретка, конус тәрізді
колба (250 мл), Мор пипеткасы.
Тәжірибенің орындалуы
Мор пипеткасымен 50 мл су алып, конус тәрізді құтыға құйып. 3-4 тамшы метилоранж тамызып, 0,1 молярлы тұз қышқылы ерітіндісі құйылған бюреткадан қышқыл ерітіндісімен индикатор түсінің сары түсінің қызыл сары түске өзгергенше титрлеу қажет. Тәжірибені 1-2 рет қайталап, кермектілігін есептегенде титрлеуге қажетті қышқыл ерітіндісінің көлемін тәжірибелерде жұмсалған көлемнің арифметикалық ортасын алу қажет.
V – тұз қышқылының көлемі
V1 – кермек су көлемі
C – тұз қышқылының нормальды концентрациясы
Тәжірибе 2. Жалпы және карбонатсыз кермектілікті анықтау
10 мл кермек суға 20 мл дистилденген суды және 5 мл буфер ерітіндісін, 5-6 тамшы индикаторды 250 мл-лік конус тәрізді құтыға құйып, 0,01 эквивалентінің молярлы концентрациясы трилон Б ерітіндісімен индикатор түсі шие түстен көк түске өзгергенше титлеу қажет. Тәжірибені 2-3 рет қайталау қажет.
Карбонатсыз кермектілікті былай анықтайды:
Ккарбонатсыз=Кжалпы - Ккарбонатты
Бақылау сұрақтары мен есептер
18.3.1 Кермектілік деген не, оның қандай түрлері бар?
18.3.2 Кермектіліктің өлшем бірлігі қандай?
18.3.3 Карбонатты кермектілікті қалай жояды?
18.3.4 Карбонатсыз кермектілікті қалай кетіруге болады?
18.3.5 Кермектілікті кетіру үшін пайдаланатын ион алмастыру тәсілі қандай реакцияға негізделген?
Жазба жұмыстары түрінде рәсімдеу
18.4.1 Судың кермектілігі 5 мг-экв/л болса, магний, кальций иондарының концентрациясын есептеңдер.
18.4.2 Бір литр суда 0,06 г магний сульфаты болса, судың жалпы кермектілігін есепте.
18.4.3 0,6 г кальций хлориді бар судың кермектілігі қандай?
18.4.4 Суда 61 мг/л Ca2+ болса, оның кермектілігін мг-экв/л есебімен өрнекте.
18.4.5 Көлемі 1 литр суда 9,97 мг Mg2+ , 39,5 мг SO42- болса, кермектілігін мг-экв/л есебімен өрнекте.
18.4.6Табиғи судың құрамында төменде көрсетілген катиондар мен аниондар (г) болса, анализ қорытындысын мг-экв/л есебімен өрнектеңдер:
Ca2+ ---------0.4080
Mg2+ ---------0.1389
Na+ ---------0.2070
K+ ---------0.0586
SO42----------0.9996
Cl- ---------0.3763
HCO --------0.6322
18.4.7 Өзен суында төмендегідей иондар (мг/л) бар екендігі анықталса, осы судағы натрий ионының қанша мөлшерде болатынын (мг/л) есептеңдер.
Ca2+ ---------61.1
Mg2+ ---------13.7
HCO --------219.5
SO4----------46.5
Cl- ---------17.9
19 КӨМІРТЕК ТОПШАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (С, Si)
Теориялық бөлім
Д.И.Менделеевтің IV тобының негізгі топшасында орналасқан С, Si элементтерінің электрондық формулалары мынандай:
12C 1S2 2S2 2P2
1S2 2S2 2P6 3S2 3P2
Электронды – графикалық формулалары бойынша валенттіліктері мен тотығу дәрежелері төмендегідей болады:
C C*
2P
2S 2P 2S
Si Si*
3P 3P
3S 3S
Валенттіліктері: II, IV
Тотығу дәрежелері: -4, 0, +2, +4
Көміртек элементі екі түрлі оксид түзеді CO, CO2, CO – тұз түзбейтін оксидке жатса, CO2 – қышқылдық оксид.
Көміртек элементі сутек элементімен алуан түрлі органикалық ққосылыстар түзеді, олай болуына негізгі себеп кремний үшін –Si—Si— байланыстары берік болуына байланысты.
Көміртектің табиғи қосылыстарынан құрамында көміртек көп заттардың бірі – түрлі отындар.
Кремний жаратылыста қосылыстар түрінде ғана болады, ол қосылыстары: кремний диоксиді SiO2 (кварц. құм), жер қыртысының негізгі массасы силикатты жыныстар, бұлардың барлығы дерлік құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС «КӨМІРТЕК ТОПШАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ» (С, Si)