Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде?

1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде?

2. Тұнбаның тұндыру және гравиметриялық түрлері деген не? Гравиметриялық анализде тұнбаның осы түрлеріне қандай шарттар қойылады?

3. Кальцийдің келтірілген тұздарының қайсысын гравиметриялық анализде пайдалануға болады: CaSO4 (EK = 2,37.10-5) және CaC2O4 (EK = 2,3.10-9)?

4. Гидроксидтерді, мысалы Fe(OH)3, Al(OH)3 т.б., тұнбаның гравиметриялық түрі ретінде пайдалануға бола ма? Анализ жүргізгенде оларды неге қыздырады? Неге CaCO3 CaO-ға қарағанда тұнбаның ыңғайлы гравиметриялық түрі деп есептелінеді?

5. Тұнбаның жоғалған бірдей мөлшері қай анықтаудың нәтижесіне көбірек әсер етеді: фосфорды Mg2PO7 түрінде, не (NH4)3PO4.12MoO3 түрінде анықталғанда ма? Тұнбаның 1 мг гравиметриялық түрінің жоғалуына сәйкес есептеулер жасаңдар.

6. Не себепті затты тұндырғанда тұндырғыштың көп артық мөлшерін алуға болмайды?

7. Нашар еритін электролиттердің толық тұнуына ерітіндінің рН-ның әсерін қалай түсіндіруге болады? Қай жағдайда рН әсері үлкен, қай жағдайда ол әсер етпейді? Мысалдар келтіріңіз.

8. Не себепті кристалды тұнбаларды алғанда белгілі жағдайлар жасайды? Бұл қандай жағдайлар? Ерітіндінің тұндыратын қосылыспен салыстырғандағы асақанығуы дәрежесінің әсері қандай?

9. Кристалды тұнбалар «ескіргенде» қандай процестер жүреді? Неге тұнбаны «ескірту» анализге тиімді?

10. Коллоидты ерітінді деген не? Оның пайда болуының анализге әсері қандай? Коагуляция деген қандай құбылыс?

11. Аморфты тұнбаларды тұндыруға қандай жағдайлар жасалынады?

12. Қосарланатұну деген не? Гравиметриялық анализде оның зиянды әсері қандай?

13. Адсорбция деген не? Кристалды және аморфты тұнбалардың қайсысы өзінің бетінде еріген қоспаларды жақсы адсорбциялайды? Оны қалай түсіндіруге болады?

14. Адсорбция құбылысына: а) температура, б) адсорбцияланатын заттардың ерітіндідегі концентрациясы қалай әсер етеді? Адсорбциялану заңдылығы қандай?

15. Күміс ацетатының ерігіштігі күміс нитратының ерігіштігіне қарағанда төмен. Осы екі тұздың қайсысынан хлорид-иондарымен тұндырғанда тазалау AgCl тұнбасы алынады?

16. Окклюзия деген не? Окклюзияның түрлерін келтіріндер.

17. а) катиондардың, б) аниондардың окклюзиясын азайту үшін CaC2O4 тұнбасын қалай тұндыру керек?

18. Изоморфизм деген не? KCl және KBr кристалдарды бір-біріне изоморфты, ал KCl және NaCl бір-біріне изоморфты емес. Осы айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?

19. Қосарланатұну құбылысын азайту жолдарын келтіріңіз. Қайтадан тұндыру деген не, оны қалай жүргізуге болады?

20. Тұнбаны неге жуады? Жуу сұйығын қалай таңдап алады?

21. 0,7000 г CaCO3 еріген ерітіндіден Ca2+-ионын толық тұндыру үшін 0,25 M (NH4)2C2O4 ерітіндісінің неше миллилитрі қажет?

22. Тығыздығы 0,99 г/см3 құрамында 25% NH3 бар аммиак ерітіндісінің массасы 1 г ашутастағы (NH4Fe(SO4)2.12H2O) темірді тұнбаға түсіруге неше миллилитрі жұмсалады?

23. CaCO3 тұнбасы 300 мл сумен жуылды. Тұнба мен жуу сұйығының арасында тепе-теңдік пайда болатынын еске алып, неше грамм CaCO3 еритінін есептеңдер.

24. CaCO3 тұнбасын 300 мл 0,1 M (NH4)2CO3 ерітіндісімен жуса неше грамм CaCO3 ериді?

25. Гравиметриялық фактор деген не? Келесі гравиметриялық анықтауларға сәйкес гравиметриялық факторларды есептеңдер:

Анықтайтын компонент Гравиметриялық түрі
Al Al2O3
CO2 BaCO3
Cr2O72- BaCrO4
H3PO4 Mg2P2O7
SiF4 SiO2.12MoO3
Hg2Cl2 Hg3(AsO4)2

26. 0,420 г а) K2SO4, б) AgNO3 тұздарынан неше грамм Ag2SO4 алуға болады?

27. Құрамында мыс бар 0,864 г үлгіден 0,397 г Cu2(SCN)2 тұнбасы алынған. Мыстың массалық үлесін есептеңдер ( Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru %).

28. 1,500 г цементтің нақты мөлшерінен 0,2105 г Mg2P2O7 алынды. MgO-ның цементтегі массалық үлесін (%) есептеңдер.

29. 5,000 г алюминий құймасынан 0,5022 г ZnHg(SCN)4; 0,1255 г Mg2P2O7 және 0,0560 г SnO2 алынды. Құймадағы Zn, Mg, Sn элементтерінің массалық үлесін (W%) есептеңдер.

30. Массасы 1,000 г сәйкес құрыштың нақты мөлшерінен жалпы массасы 0,1021 г SiO2 және WO3 тұнбалары алынды. Тұнбаны HF-мен өңдеп SiO2-ні ұшырғаннан кейін қалған WO3 массасы 0,0712 г. болады Құрыштағы Si мен W элементтерінің массалық үлесін Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru есептеңдер.

Тест тапсырмалары

1. Кристалдық тұнба түзілу үшін қай процестің жылдамдығы басым болу керек?

1) бөлшектердің тұнуы;

2) кристалдану орталықтарының пайда болуы;

3) тұнбаның коагуляциялануы;

4) кристалдану орталықтарының өсуі;

5) дұрыс жауабы берілмеген.

2. Тұнбаның тұндырылатын түріне қойылатын талаптың қайсысы ең маңызды?

1) тұнбаның оңай сүзілуі;

2) тұнба ерігіштігінің төмен болуы;

3) тұнба құрамының тұрақтылығы;

4) тұнбаның температураға (қыздыруға) төзімділігі;

5) тұнбаның бөгде қоспалармен ластанбауы.

3. Қосарлана тұну дегеніміз не?

1) тұнбаның нашар еритін қоспалармен ластануы;

2) тұну процесі кезінде тұнбаның кез-келген ластануы;

3) тұнбаның еріткішпен ластануы;

4) тұнбаның еріген газ тәріздес заттармен ластануы;

5) тұнбаның оның тұнуы жағдайында қатты фаза түзбейтін заттармен ластануы.

4. Кристалды тұнбаның беткі қабатына қайсы иондар ең алдымен адсорбцияланады (қоспалардың концентрациясы бірдей)?

1) көп зарядты иондар;

2) тұнбаның құрамына кіретін иондар;

3) сілтілік металдар иондары;

4) сутегі иондары;

5) радиусы үлкен иондар.

5. Кеннің құрамындағы темірді анықтау үшін ол темір(ІІІ) гидроксиді түрінде тұндырылған. Кендегі темірдің мөлшерін есептеуге гравиметрлік фактор ретінде қандай теңдеуді пайдалану қажет?

1) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru ; 2) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru ; 3) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru ;

4) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru ; 5) Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Гравиметриялық анализдегі – тұндыру тәсілінің мәні неде? - student2.ru .

Тарау

Наши рекомендации