Егер Өрт Қатты жанып тҰрмаса.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттенжаныптұрғанзаттардыалмаңыз, өйткеніолөрттіңтаралудыңсебепкеріболады.
4. Өрттішетіненбастапортағақарайсөндірукерек.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздіңәрекетіңіз:
Адамды тез ғанажергежатқызыңыз (бұлөрттіңадамныңбасынабаруынажолжабады), үстіне су кұйыпнемесекурткамен, пальтоменжабыңыз.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрліқорғанужүйелерінпайдалану.
Ұйымдастырушылықшаралар құрамынаөртқауіпсіздігібойыншаоқуөткізу, өртқауіпсіздігішараларыныңсақталуынтексерукіреді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?
3. Өрттің алдын алу шаралары.
4. Өрт сөндіру құралдары.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.
Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.
Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар !!!
Рт қауіпсіздігі ережесі
ЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,
жиі дем алу, жүрек айналуы, сананы жоғалту.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
ЖИҺАЗ ЖАНУЫ
Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді.
Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Ауіпсіздік ережелер
ТОПТЫҢ ҚАУІПІ
Сіздің әрекетіңіз:
Егер сіз жүгіріп келе жатқан бір топ адамды көрсеңіз, оның жолынан тез кетіп қалыңыз. Егер олардың аяғының астында қалсаңыз өте қатты жарақат алуға болады.
Егер топ адамның арасында қалсаңыз қозғалмайтын нәрседен ұстап жібермеуге тырысыңыз.
Егер сіз тобырдың арасында қалсаңыз тезірек жүгіріп, өзіңізге кеңістікті ашу үшін шынтағыңызды алдыға созуға тырысыңыз..
Егер сізді құлатып тастаса шетке домалап шығуға тырысыңыз және аяқты бүгіп басыңызды қолмен қорғаңыз.
ИТТІҢ ШАБУЫЛЫНЫҢ ҚАУІПІ
Иттің жанынан өткенде ешқашан оның көзіне карамаңыз. Ол сізді өзіне шабуыл жасайын деп жатыр деп ойлайды.
Егер ит сізге шабуыл жасаса, онда сіздің іс-әрекетіңіз мынандай болу керек:
1. Итті ұрмай, қатты айтыңыз: «Сидеть», «Стоять», «Отыр», «Тұр». Үйретілген ит бұл бұйрықты түсінеді.
2. Егер сізге ит секірсе, онда оған шынтақты төсеңіз. Аурғанына шыдап шынтағыңызды иттің ауызына тереңрек итеріп жіберіңіз. Иттің тістегені әлсіреуге тиісті. Қолыңызды қатты тартпаңыз, әйтпесе сізде қатты жарақат болу мүмкін.
3. Ит тістегеннен кейін дәрігерге жолығыңыз. Ол сізге құтыруға қарсы дәрі егуі керек. Тістеген жерін сабынды сумен жуыңыз.
4. Егер ит иесімен қыдырғанда сізді тістесе, онда иттің иесінен құтыруға қарсы жасалған прививкасын сұраңыз.