Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. AgBr тұнбасының ерігіштігі ерітіндіге a) 0,1M KBr, 0,1M KNO3 құйғанда қалай өзгереді?
1. AgBr тұнбасының ерігіштігі ерітіндіге a) 0,1M KBr, 0,1M KNO3 құйғанда қалай өзгереді?
2. ЕК ұқсас MgF2 және BaCO3 тұнбаларының ерігіштікітері бірдей ме?
3. BaSO4, BaCO3, AgCl, ZnS тұнбаларының қайсысының ерігіштігі ерітіндінің pH-на тәуелді емес? Неге ?
4. Қай ерітіндіде барийдің бихроматпен тұнбасы толық тұнады: 1) CH3COOH, 2) HCl 3) CH3COONa?
5. CaCO3 пен CaC2O4 тұнбаларының ЕК ұқсас, бірақ CaCO3 сұйытылған сірке қышқылында жеңіл ериді, ал CaC2O4 ерімейді. Неге ?
6. CaCO3-тің моляры ерігіштігі 0,0069 г/л тең. CaCO3-тің ЕК есептеңіздер.
7. EK (PbSO4)=1,6 ∙10-8 ; EK (PbJ2)=1,1∙10-9. Осы тұнбалардың моль/л және г/л өлшемдері мен есептелген ерігіштіктерін табыңыз. Неге ЕК төмен тұздың ерігіштігі жоғары?
8. Таза сумен салыстырғанда CaC2O4 -тің (ЕК(CaC2O4)=2,3∙10-9) ерігіштігі 0,01М (NH4)2C2O4 ерітіндісінде неше есе азаяды? Есептеуді: а) активтік коэффициентті еске алмай, б) активтік коэффициентті еске алып жүргізіңіздер.
9. 0,001M SrCl2 және 0,0001 М K2SO4 ерітінділерінің бірдей көлемін араластырғанда тұнба түсе ме? EK(SrSO4)= 3,2 ∙ 10-7.
10. Pb(NO3)2 ерітіндісіне а) H2SO4-тің эквивалентті мөлшерімен, б) 0,01 M моль/л H2SO4 артық қалатындай етіп әрекеттестірсе 100 мл ерітіндіде Pb2+ иондарының неше грамы қалады? EK(PbSO4)= 1,6 ∙ 10-8.
11. EK (AgJ) = 8,3∙ 10-17; EK(PbJ2)=7,1∙10-9; EK(BiJ3)=8,1∙10-19. Келтірілген иодидтердің: а) суда, б) 0,1M NaJ ерітіндісінде, в) 0,1M сәйкес катионның ерітіндісіндегі ерігіштігін тауып, оларды ерігіштіктерінің кемуіне сәйкес орналастырыңдар.
12. EK (AgCl) = 1,78∙ 10-10; EK (PbSO4)=1,6∙10-8 . Осы тұнбалардың 0,05M KNO3 ерітіндісіндегі ерігіштігін табыңыз.
13. Ag2CO3 (EK=8,2 ∙ 10-12), Ag3PO4 (ЕК=1,3∙10-20) тұнбаларының pH 3; 6 және 9 сәйкес ерітініділердегі ерігіштігін табыңыз. H2CO3 (Ka4=5×10-7; Ka2=5×10-11); H3PO4 (K1=7×10-3; Ka2=6×10-8; Ka3=4×10-13).
14. ЕК(CaC2O4)=2∙10-9 . Осы тұнбаның ерітіндінің pH 1; 2; 3; 4; 5; 6 тең болғандағы ерігіштігін табыңыз. Алынған мәндерді график түрінде келтіріңіз. (Eмоль/л – pH): H2C2O4 (Ka1=5∙10-2; Ka2=5∙10-5).
15. Cu 2+ және Mn2+ иондарын сульфид түрінде бөлу үшін ерітіндінің ең аз рН-ы неге сәйкес болу керек? ЕК(CuS)=6,3∙10-36; ЕК(MnS)=2,5∙10-10. H2S: Ka1=10-7; Ka2=10-B.
16. AgSCN (EK=1,1∙10-12) тұнбасының 0,1M NH3 ∙H2O ерітіндісіндегі ерігіштігін табыңыз. үшін: β1=2×103; β2=7×103.
17. Мына мәндердің ЕКТ, ЕКК, ЕКШ анықтамасын беріңіздер. Олар бір бірімен қалай байланысқан?
18. “Тұзды эффект” құбылысы деген қандай құбылыс?
19. Неге тұндыруда тұндырғыштың өте көп артық мөлшерін алмаған жөн?
20. Тұнбалардың қышқылдар мен сілтілерде еру себебі неде?
21. Қандай факторлар тұнбаның еруіне көбірек әсер етеді?
22. ЕК мен ε арасындағы байланысты қорытып шығарыңдар. Қандай факторлар осы мәндерге әсер етеді?
23. Кадмий, мыс, темір (ІІІ), мырыш сульфидтерін толық түсіруге сәйкес ерітіндінің рН есептеңдер. ЕК: CdS(2×10-28); CuS(6×10-36); FeS(5×10-18); ZnS(2×10-22).
24. Висмут, темір (ІІ) фосфаттарын толық тұнбаға тұндыру үшін ерітіндінің рН неге сәйкес болу керек? EK(FePO4)=1×10-22; EK(BiPO4)=1×10-25.
Тест тапсырмалары
1. Ag+, Pb2+, Ca2+, Ba2+ иондары бар ерітіндіге тамшылап K2Cr O4 ерітіндісі қосылады. Егер тұнбалардың ЕК төмендегідей болса, олар қандай ретпен тұна бастайды?
; ; ; .
1) PbCrO4, BaCrO4, Ag2CrO4, CaCrO4;
2) PbCrO4, Ag2CrO4, BaCrO4, CaCr O4;
3) CaCr O4, Ag2Cr O4, BaCr O4, PbCr O4;
4) тұнбалардың тұну реті ЕК мәніне байланысты емес;
5) барлық тұнбалар бірге түна бастайды.
2. 0,1M KCl және 0,1M K2Cr O4 ерітінділерінің қоспасына тамшылап AgNO3қосқанда қандай түз (AgCl, Ag2Cr O4), тұнбаға бірінші түседі?
1)Ag2CrO4;
2) AgCl;
3) тұнба түзілмейді;
4) екі түз да бірге түнады;
5) дұрыс жауап берілмеген.
3. Барий сульфатының ерігіштігі оның қаныққан ерітіндісімен салыстырғанда 0,01M натрий сульфаты ерітіндісіндегі ерігіштігінен неше есе жоғары болады?
1) 1000 есе; 2) 2200 есе; 3) 3500 есе; 4) 20 есе; 5) 4772 есе.
4. Ba2+, Sr2+, Ca2+қоспасына біртіндеп сода ерітіндісін қосқанда карбонаттар қандай ретпен тұнбаға түсе бастайды? (Иондардың концентрациясы бірдей).
; ; .
1) SrCO3; BaCO3; CaCO3;
2) BaCO3; SrCO3; CaCO3;
3) CaCO3; SrCO3; BaCO3;
4) SrCO3; CaCO3; BaCO3;
5) BaCO3; CaCO3; SrCO3.
5. 1 л CaCO3 тұзының қаныққан ерітіндісінде 7х10-5 моль тұз ериді. Кальций карбонатының ерігіштік көбейтіндісі нешеге тең болады?
1) 2,3 х 10-8; 2) 7,5 х 10-3; 3) 4,9 х 10-9;
4) 1,1 х 10-5; 5) 6,5 х 10-7.
6. 0,01 M KCl мен 0,001 M AgNO3ерітінділерінің тең көлемдерін араластырғанда күміс хлориді тұнбасы түзіле ме? EKAgCl= 10-10
1) тұнба түзілмейді;
2) тұнба түзіледі;
3) қанықпаған ерітінді пайда болады;
4) аса қаныққан ерітінді пайда болады;
5) дұрыс жауап берілмеген.
7. Жалпы формуласы A3B сәйкес тұнбаның қанық ерітіндісіндегі ерігіштігін есептеу үшін мына теңдікті пайдаланады:
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
8. Бірдей жағдайда қандай реактивтің көмегімен күмісті толығырақ тұнбаға түсіруге болады, егер ЕК(AgCl) = 1,78х10-10, ЕК(Ag2CrO4) = 1,1х10-12 болса?
1) NH4Cl; 2) (NH4)2CrO4; 3) KCl; 4) K2CrO4; ) Na2CrO4.
9. Қандай нашар еритін қосылыстың толық тұнуы ерітіндінің рН-на тәуелсіз?
1) Mg(OH)2; 2) CaCO3; 3) MnS; 4) AgCl; 5) CaSO4.
10. Тұндырғыштың (AgNO3) эквивалентті мөлшерін тұнатын анионға қосқанда ол қандай қосылыс трінде толық тұнады?
1) AgCl ЕК(AgCl) = 1,78х10-10;
2) Ag2CrO4ЕК(Ag2CrO4) = 1,1х10-12;
3) Ag2CO3ЕК(Ag2CO3) = 6,2х10-12;
4. AgJ ЕК(AgJ) = 1х10-16;
5. Ag3PO4ЕК(Ag3PO4) = 1,8х10-18.
11. Егер K1(H2CO3)=4,5х10-7; K1(H2C2O4)=5,6х10-2; ЕК(CaCO3)=4,8х10-9; ЕК(CaC2O4)=2,3х10-9 болса, төмендегі айсы тұжырым дұрыс болады?
1) CaCO3және CaC2O4бірдей рН-та тұнады;
2) CaC2O4тұну рН-на қарағанда, CaCO3тұну рН-ы төмен;
3) CaC2O4тұну рН-на қарағанда, CaCO3тұну рН-ы жоғары;
4) CaCO3 және CaC2O4 күшті қышқыл ортада тұнады;
5) CaCO3 және CaC2O4 тұну процесі рН-қа тәуелді емес.
12. AgJ және AgCNS тұнбалары бар ерітіндіге KBr ерітіндісін қосқанда нені байқауға болады?
EK((AgJ) = 1 х 10-16; EK(AgCNS) = 1,1х 10-12; EK(AgBr)=7,7 х 10-13.
1) ешқандай өзгеріс байқалмайды;
2) AgBr тұнбаға түседі, AgJ ериді;
3) AgBr тұнбаға түседі, AgCNS ериді;
4) AgBr тұнбаға түседі, AgJ және AgCNS ериді;
5) екі тұнба да ериді.
13. Жалпы формуласы АаВbсәйкес нашар еритін қосылыстың ерігіштігі қандай формуламен анықталады?
1) ; 2) ; 3) ; 4) ;
5) .
14. Егер мына тұнбалардың Ag2CrO4, AgSCN, CdCO3ерігіштік көбейтінділері сәйкесінше 1,1х10-12; 1,1х10-12; 2,1х10-12болса, олардың ерігіштіктері бірдей бола ма?
1) Ag2CrO4және AgSCN ерігіштіктері бірдей;
2) барлық түздардың ерігіштіктері бірдей;
3) CdCO3және Ag2CrO4ерігіштіктері бірдей;
4) CdCO3және AgSCN ерігіштіктері бірдей;
5) барлық түздардың ерігіштіктері әр түрлі.
15. Мына қосылыстардың қайсысының ерігіштігі ерітіндінің қышқылдығына тәуелсіз?
1) CaCO3; 2) AgІ; 3) ZnS; 4) Cd3(PO4)2; 5) (MgOH)2CO3.
16. AgCl тұнбасына мына түздардың NaNO3, Ca(NO3)2, Al(NO3)3қайсысын қосқанда тұз эффектісі салдарынан тұнбаның ерігіштігі ең жоғары дәрежеде артады?
1) NaNO3; 2) Ca(NO3)2; 3) Al(NO3)3;
4) барлық тұздар тұнба ерігіштігін бірдей дәрежеде жоғарылатады;
5) бұл тұздар AgCl ерігіштігін жоғарылатпайды.
17. mA+nB↔AmBn(қат.) реакциясы бойынша түзілетін AmBnқосылысы үшін ерігіштік көбейтіндісінің теңдеуі қалай жазылады:
1) ;
2) ЕК = [A]mх [B]n;
3) ЕК = [A]m+ [B]n;
4) ЕК = m[A] х n[B] ;
5) ЕК = m[A] + n[B].
18. Егер ЕК(CaSO4)=9,1·10-6; ЕК(Hg2SO4)=6,8·10-7; ЕК(PbSO4)=1,6·10-8; ЕК(BaSO4)=1,1·10-10 болса, мына сызбанұсқалармен көрсетілген реакциялардың қайсысы жүруі мүмкін?
1) PbSO4(қ.)+ Ca2+→ CaSO4+ Pb2+;
2) Hg2SO4(қ.)+ Ca2+→ CaSO4+ Hg22+;
3) BaSO4(қ.)+ Ca2+→ CaSO4+ Ba2+;
4) PbSO4(қ.)+ Hg22+→ Hg2SO4+ Pb2+;
5) PbSO4(қ.)+ Ba2+→ BaSO4+ Pb2+.
19. HgS тұнбасының еруі мына реакция теңдеуімен жүретін болса:
2HgS(қ.)+ 4HCl + 4KІ = 2H2S↑ + K2[HgІ4] + K2[HgCl4] ,
оның еру себебін алай тсіндіруге болады?
1) тотығу-тотықсыздану процестерімен;
2) ерітіндінің күшті сұйылуымен;
3) комплекс түзу реакциясымен;
4) тұнбаның газ тәрізді қосылысқа айналуымен;
5) аралас – тотығу-тотықсыздану жқне комплекс түзілу процестері әсерінен еруімен.
20. Cl-, Br-, J- иондары бар ерітіндіге күміс нитратының ерітіндісімен әсер еткенде бұл иондар қандай ретпен тұнбаға түседі?
ЕК(AgCl) = 1,8.10-10; ЕК(AgJ) = 8,3.10-17; ЕК(AgBr) = 5,2.10-13 .
1) AgBr; AgJ; AgCl.
2) AgCl; AgBr; AgJ.
3) AgJ; AgBr; AgCl.
4) AgBr; AgCl; AgJ.
5) AgJ; AgCl; AgBr.
Тарау