Олардың тұздарын титрлеу
Көппротонды қышқылдарды күшті негізбен титрлегенде титрлеу әртүрлі жолмен жүруі мүмкін: ол протонның санына және әр сатыға сәйкес қышқылдық константалар мәніне байланысты. Екі негізді қышқылды (Н2А) титрлегенде екі эквивалентті бөлігі жақсы көрінетін қисық алу үшін: 1) Ка(1) және Ка(2) мәндері шартқа сәйкес болуы керек; 2) Екі константаның бір-бірінен мына қатынасқа Ка(1):Ка(2) ≥1:10-4 сәйкес болатындай айырмашылығы болуы керек.
0,100 М Н3РО4 ерітіндісін 0,100М NаОН ерітіндісімен титрлейік. Фосфор қышқылы үш негізді қышқыл: Ка(1)=1,1·10-2; Ка(2)=2,0·10-7; Ка(3)=3,6·10-13.
Фосфор қышқылы екі сатыда титрленеді, өйткені үшінші титрлеуге сәйкес эквиваленттік бөлікті алу мүмкін емес, себебі Ка(3) мәні өте аз, сондықтан мына заңдылық сақталмайды, .
Фосфор қышқылының екінші және үшінші сатыда протонизациялану константаларының мәндері бірінші сатысына қарағанда өте аз болғандықтан бұл қышқылдың рН-ы бір негізді қышқылдың рН–ындай қорытылып шығарылады:
;
Бірінші эквивалентті нүктеге дейін ерітіндіде бос пен қоспасы жүреді. 10,0 мл 0,100 М Н3РО4 -ке 9,00 мл 0,100 М NаОН қоссақ, 1,00мл 0,100 М Н3РО4 реакцияласпай қалады, реакцияның нәтижесінде 9,00 мл 0,100 М NаН2РО4 пайда болады.
; , осыдан
[H3PO4]= – бос қалған фосфор қышқылының концентрациясы, пайда болған тұздың концентрациясы.
Бірінші эквивалентті нүктеде 1 моль фосфор қышқылы 1 моль NaOH –пен әрекеттеседі:
Пайда болған ионы амфолиттік қасиет көрсетеді:
(6.5)
(6.6)
Сондықтан (6.5) теңдік бойынша пайда болған Н3О+ иондарының бір бөлігі (6.6) теңдігінен пайда болған ОН- иондарымен әрекеттесуге кетеді де:
[H3O+]+[ H3PO4]= [ ]
[H3O+]= [ HPO42-] – [ H3PO4] (6.7)
[HPO2-4] және [H3PO4] мәндерін табу үшін сатылай қышқылдық константаларын пайдаланады:
; (6.8)
(6.9)
(6.8) және (6.9) теңдіктердегі мәндерді (6.7) теңдігіне қойса:
;
Аса сұйытылмаған ерітінділерді титрлегенде бұдан ;
(6.10)
Екінші эквивалентті нүктеге дейін:
NaH2PO4 + NaOH → Na2HPO4+ Н2О
Мысалы, ерітіндіге 19,00 мл 0,100 М NaOH қоссақ нәтижесінде 1,00 мл 0,100 М NaH2PO4 бос күйінде қалады да, 9,00 мл 0,100 М Na2HPO4 пайда болады, яғни және бөлшектерінің қоспасы жүреді.
; ;
;
;
Екінші эквивалентті нүктеде 1 моль H3PO4 2 моль NaOH-пен әрекеттеседі:
H3PO4+2 NaOH → Na2HPO4+2 Н2О
Бұл нүктедегі ерітіндінің рН (6.10) байланысындай анықталады:
Келтірілген мәндерден мынандай қорытынды жасауға болады:
1) фосфор қышқылы екі сатыда титрленеді:
2) 1 –сатысында: H3PO4 + OH-→H2PO-4 + Н2О индикатор ретінде рТ мәні 4 – ке тең метилоранжды пайдалануға болады, ;
3) 2-ші сатысында H3PO4 + 2OH-→HPO2-4 + 2Н2О – рТ 9-ға тең фенолфталеинді пайдалануға болады, .
Көпнегізді әлсіз қышқылдар мен сілтілік металдардың тұздарының ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Екі индикаторды пайдаланып көмір қышқылының натрийлі және калийлі тұздарын сатылай титрлеуге болады. Н2СО3 сатылай протонизацияланатын екі негізді қышқыл:
;
Алғашқыда 0,100 М Na2СO3 ерітіндісін алсақ:
Бірінші эквивалентті нүктеде: Na2СO3+HCl → NaHCO3+NaCl
Екінші эквивалентті нүктеде: Na2СO3+2HCl → H2CO3+2NaCl
Егер Na2СO3 ерітіндісіне фенолфталеин қосса, ерітінді ашық – қызыл түске боялады. HCl ерітіндісімен титрлеп бірінші эквивалентті нүктеге жеткенде ерітінді түссізденеді. Егер осы ерітіндіге метилоранж қосса, ол сары түске боялады. Әрі қарай тұз қышқылын құйғанда NaHCO3 түгел H2CO3- ке ауысып, ерітіндінің түсі сарыдан қызғылт түске ауысады.
Егер басынан Na2СO3 метилоранж қатысында титрленсе 1 моль Na2СO3 – ке 2 моль HCl жұмсалған болар еді: , ал фенолфталеин қатысында титрлегенде қышқылдың мөлшері екі есе аз кетеді: . Na2СO3 тұзының метилоранж және фенолфталеин қатысында әр түрлі сатыға дейін титрленуі NaОH пен Na2СO3, не Na2СO3 пен NaHCO3 қоспаларын титрлеуге мүмкіндік береді.